Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Дәнді дақылдарды жинау технологиясы
Сабақтың тақырыбы: Астық жинайтын комбайндың жаратылу тарихы. Дәнді дақылдарды жинау технологиясы
Топтар
ТР 9-192
Сабақ өтетін күн
10.03.2021
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
КС-6В тамыр жинайтын, өздігінен жүретін машинасы қызметі қандай?
МКК-6 тамыр жинағыш машинаның дөңгелектерінің түйісуін реттеуді қалай іске асырады?
МКК- 6-02 және МКК-6-04 тамыр жинағыш машинала - рын қандай жағдайда қолданады және МКК-6 машинасынан айыр - машылығы неде?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Астық өнімін жинау - аса жауапты науқан. Жиналатын өнімнің сапасы мен мөлшері жинау жұмыстарын дұрыс ұйымдастыруға көп байланысты. Сондықтан астық өнімін жинауға қойылатын негізгі талап еңбекті аз жұмсап, өнім сапасын төмендетпей, ысырапсыз жинап алу. Ал өнімнің сапасы және оның ысырапсыз жиналуы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың негізгісі - жинау технологиясы. Жинау технологиясын жиналатын астық тғріне, жер жағдайына және өнімділігіне байланысты дұрыс ұйымдастырғанда ғана жоғарыдағы талаптар орындалады.
Астық өнімін жинау үшін мынандай жұмыстар атқарылуы тиіс: өсімдік сабағын ору, орылған сабақтар мен масақтарды бастырғыш аппаратқа жеткізу, бастырғыш аппаратпен бастырып дәнді бөлу, оларды топан мен сабаннан тазарту, тазаланған дәндерді шанаққа жинау және сабан мен топан қоспасын шөмелеге салу. Осы аталған жұмыстарды орындайтын машиналар астық комбайндары. Комбайндар ауыл шаруашылық машиналары ішіндегі ең күрделі машина болып саналады. Астық жинау жұмыстарын іске асыру тәсілдеріне қарай жинау технологиясы да әртүрлі болады. Жоғары аталған жұмыстардың барлығын агрегат бір жүріс кезінде-ақ немесе бөлек-бөлек атқара алады. Агрегаттың бір жүрісін бір кезең деп атасақ, астық жинауды бірнеше кезеңге бөліп жүргізуге болады. Біздің елімізде астық дақылдарын бір кезеңде бірден жинайды және бірнеше кезеңге бөліп жинайды. Бір кезенде жинаған да астықты тікелей комбайнмен орып, бастырады, яғни агрегаттың бір жұмысшы жүрісінде барлық ору, бастыру жұмыстары атқарылады.
Астықты екі кезеңдік әдіспен жинау кезінде оны арнаулы жаткалармен орып, дестеге жинайды. Бұл десте жерде жатып кебеді, содан кейін ғана комбайнмен бастырады. Бұл әдістің көптеген артықшылықтары бар. Астықты екі кезеңде жинау үшін астықты толық пісуден 7-8 күн бұрын қамырланып пісу кезінде ора бастайды. Орақты ерте бастау нәтижесінде науқан ерте аяқталады, сол сияқты астықтың шығыны да азаяды және әр центнер өнім үшін жұмсалатын қаржы кемиді. Оның себебі, астық дәндері дестеде жатып кебу кезінде сабақтарында қалған ақырғы қоректі заттарды түгел пайдаланады да жақсы толып піседі. Оған қоса астық шала піскен күйінде шабылғандықтан дәндер төгіліп шашылмайды, масақтар да сынбайды, шығын болмайды. Екі кезеңдік әдіспсн астық жинау тиімді болу үшін бірнеше агротехникалық шарттарды орындау керек. Сол шарттар орындалғанда ғана бұл әдіс тиімді болады. Ол шарттарға негізінен мыналар жатады: 1) жер бедері тегіс болу керек, яғни дестені көтеру кезінде подборщик саусақтары топырақты қоса жинамауы тиіс.
Егер жер бедері тегіс болмаса, астыққа топырақ араласып, оның сапасын нашарлатады; 2) өсімдік сабақтарының қалыңдығы белгілі мөлшерден төмен болмауы керек, яғни жиналған десте кесілген сабақ қалдықтарының арасына құлап, жерге түспеуі, кесілген сабақтардың үстінде жатуы тиіс. Егер өсімдік сабақтары сирек болса, десте жерге түседі, олардың араларына ауа кірмейді, жақсы желдетілмейді. Сөйтіп дестенің кебуіне жағдай жасалмай, ол шіріп кетуі мүмкін; 3) өсімдік сабақтарының кесілген ұзындығы да белгілі мөлшерден қысқа болмауы тиіс. өсімдік сабақтары қалың болғанымен, тым қысқа орылса, сабақ құлап жерге түседі де, жоғарыдағыдай болады. Осы шарттар орындалғанда ғана астықты екі кезеңдік әдіспен жинауға болады.
Жоғарыда көрсетілген екі әдістің де бір кемшілігі бар. Ол - сабан жинаудың толық механикаландырылмағаны. Сабан жинау үшін жұмсалатын еңбек шығыны дән жинауға жұмсалатын еңбектен 2-4 есе артық болады. Осы көрсетілген кемшіліктен құтылу үшін Қазақтың ауыл шаруашылығы механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты жаңа әдіс ұсынып отыр. Астықты жаңа әдіспен жинаған кезде оны жаткамен шауып, транспортқа тиейді де бір орынға (қырманға немесе егіс даласының бір шетіне) жинайды. Жиналған астықты комбайн бір орында тұрып бастырады. Бұл әдістің тиімділігі - астық та, сабан да бір мезгілде жиналады. Бұл әдістің тиімділігі әлі де тексеріліп байқалуы керек.
Дәнді дақылдарды жинаудың агротехникалық шараларының негізіне оларды жинаудың технологиясын талғап алу жатады. Дәнді дақылдарды жинау технологиясының тиімді түрін таңдап алу олардың қүрылымына, физикалық механикалық қасиеттеріне және өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болуға тиіс. Бұл кездегі негізгі көрсеткіштерге өсімдік сабақтарының биіктігі мен жиілігі, сабақтарының жатып қалғандығы, беріктігі мен ылғалдылығы, дән мөлшерінің сабан мөлшеріне қатынасы, пісу дәрежесі, осыған қосымша егістіктің арам шөптермен ластануы жатады. Сондықтанда машиналар мен олардың жұмысшы мүшелерінің реттеулері осы жиналатын астықтың қасиеттеріне байланысты қабылдануға тиіс, ал астық осы машинамен жинауға икемді болуы керек. Машина жасаушылар жаңа машиналарды жобалап, жасау кезінде өсімдіктерді агробиологиялық қасиеттерін ескереді, ал өсімдіктің жаңа түрлерін табатын ғалымдар ол өсімдіктің машинамен жинауға жарамдылығын есепке алады. Дәнді дақылдарды жинаудың технологиясы бір-бірінен кейін ретпен жүретін бірнеше жұмыстардан тұрады. Олар сабақты ору, бастыру, топаннан дәнді бөлу және дәнді басқа қоспалардан тазарту. Бұл жұмыстарды ретімен үздіксіз орындауға немесе үзіліспен орындауға болады. Аласа өскен астықты немесе жатып қалған сабақтарды неғұрлым төмен ору керек. Бұл техниканың жұмысын қиындатады. Биік және жиі өскен сабақтар машинаның жұмысшы мүшелерінің жұмыстарын ауырлатады да өнімнің ысырап болуын тудырады. Осыған қосымша, сабақ биіктігі мен жиілігінің өзгеріп отыруы оның жұмысының біркелкілігін бұзады да өнімділікті төмендетеді. Сабақ жиілігі жеткілікті ( бір шаршы метр жерде 250 сабақтан көп ) астықты жинау кезіндегі ең аз дән ысырабы ору биіктігі 18 ... 25 см. кезінде болады. Бұл кезде дестеге түскен сабақтар дестенің бойымен 10 ... 25 градус бұрыш жасап орналасуға тиіс және сабақтың ұзындығы 110 см.-ден аспауы қажет.
Дәнді дақылдарды жинау кезіндегі қиындықтарға оны қысқа мерзім ішінде орып, бастырып жинап алумен қоса егістікті әрі қарай өңдеу үшін оны өсімдік қалдықтарынан босатып, көлемдік салмағы өте аз болатын ( бір текше метр сабанның салмағы 13 ... 15 кг., топанның салмағы 30 ... 42 кг.) сабан мен топанды маялап жинауды жатқызуға болады. Байқауларға қарағанда, дәндердің ең жоғарғы сапасы олардың шала піскен дәрежесінен толық піскен дәрежесіне өтер кезінде болады екен. Бұл кезде дәндер өздігінен төгілмейді. Дәнді дақылдарды жинаудың мына төмендегідей тәсілдері болады. Бір фазалы тәсіл (тікелей комбайнмен жинау). Бұл тәсілде астықты орады, бастырады, дәнді тазалап бункерге жинайды, сабанды егістікке шөмелелеп жинайды. Бұл жұмыстың бәрі комбайнның бір жүрісінде үздіксіз атқарылады. Мұндай комбайнмен тікелей жинауды тек астық толық піскенде ғана қолданады. Екі фазалы тәсіл (бөлектеп жинау ). Бұл тәсіл кезінде астықты шала піскен шақында қатарлық немесе дестелік жаткалармен орып, дестеге салады.
Астық дестеде жатып толық піседі және ептеп құрғайды. Содан кейін ол дестені десте қабылдағыш орнатылған комбайнмен жинап бастырады. Астықты бөлектеп жинауды комбайнның бір жерден екі рет жүруі арқылы орындайды. Екі немесе бір фазалы астық жинау тәсілдерін мына ретпен қолдануға болады: астық шала піскен шақында бөлектеп жинай бастайды да ол толық піскеннен кейін тікелей жинауға көшеді. Астықтың шала піскен шағынан толық піскнге дейін орталық аймақтарда 4...8 күн өтетін болса, солтүстік аймақтарда 8...12 күн аралығында болады. Бұл жағдайда бөлектеп жинау тәсілі агротехникалық талаптарға толық сай келеді. Өйткені астық жинауды күн ілгері бастаудың мүмкіндігі туады. Астықтың шала піскен мезгілін мына қасиеттеріне қарап анықтауға болады: масақ түсі сарғылт немесе қоңырлау, дәннің серпімділігі азаяды, дән қауырсынынан күшпен ажырайды және оны оңайлықпен домалақтауға болады. Астықты бөлектеп жинауды егістіктің мынандай қасиеттері болған кезде жүргізген жөн болады: сабақтардың орташа биіктігі 60 см.-ден төмен емес, бір шаршы метр жердегі сабақ жиілігі 250 ... 300 сабақтан аз емес. Астықты бөлектеп жинағанда ору биіктігін орнында қалған пая оның үстіне түскен дестені ұстап тұратындай және дестенің астына жел барып кептіретіндей етіп алу қажет. Өте биік пая дестенің салмағымен иіліп жерге тиіп қалуы мүмкін. Сондықтан тәжірибеге сүйене отырып мына төмендегідей ору биіктігі ұсынылады: 10 ... 15 см. астық биіктігі 60 ... 80 см. болса; 15 ... 18 см. астық биіктігі 80 ... 120 см. болса; 20 ... 25 см. астық биіктігі 120 см.-ден көп болса. Дестелерді де өз уақытында жинау астық ысырабын ең аз мөлшеріне дейін азайтады. Ауа райы қолайлы кезінде дестеде жатқан астық мына төмендегі мезгілдерде толық пісіп жетіледі: еліміздің орталық аймақтарында шамамен 3...4 күн ішінде, ал солтүстік аймақтарда 5 ... 7 күн ішінде. 4.2.Астық жинауға қойылатын негізгі агротехникалық талаптар Бөлектеп жинауға арналған егіс алқабындғы паяның биіктігі 12 ... 25 см. аралығында болуға тиіс. Десте қабылдағыштың жұмысын жақсарту үшін дестедегі сабақтар оның ұзындығы бағытымен 10 ... 25 градус бұрыш жасап орналасуға тиіс. Әртүрлі жер жағдайына байланысты дестенің қалыңдығы шамамен 15 ... 25 см. аралығында, ал ені 1,4 ... 1,6 м. аралығында болады. Астық комбайнының тиімді жұмыс атқаруы үшін өнімділігі әртүрлі егістіктерде әртүрлі десте жасауға болады. Солтүстік аудандарда дестенің бір метр ұзындығындағы салмағы 1,5 кг. шамасында, ал оңтүстік аудандарда бұл салмақ 3,5 ... 5,0 кг. болатындай етіп десте салған жөн болады. Жатка жүріп өткеннен кейінгі астық шығыны тік тұрған сабақтар үшін 0,5 %, ал жатып қалған сабақтар үшін 1,5 %-тен аспауы тиіс. Дестені жинау кезіндегі астық ысырабы 1,0 %-тен көп емес, ал бункердегі дән тазалығы 95%-тен кем болмауы керек. Егер аласа өсетін астықтар болса немесе сирек өсетін астықтарды жинағанда дестенің бір метр ұзындығындағы салмағы 1,4 кг.-нан аз болатын болса, онда ондай астықтарды көп жылқы шөптермен бірге себеді де тікелей комбайнмен жинау тәсілін қолданады. Дәнді дақылдарды жинағанда толық бастырылмаған және сабанмен бірге кететін жалпы ысырап 1,5 %-тен, ал күрішті жинағанда 1,0 %-тен көп болмауы шарт. Дәннің уатылу мөлшері тұқымдық астық үшін 1,0 %, тамақтық астық үшін 2,0 %, бұршақты дақылдар үшін 3,0%, ал күріш үшін 5,0 % мөлшерінен аспауға тиіс. Комбайн егістікпен жүрген кезде шабылмаған шала жер қалмауы керек. Кескіш аппарат сабақтарды мыжымай, жұлмай, толық және біркелкі етіп, қойылған биіктікте кесуге тиіс. Астық ысырабын азайту мақсаты үшін жаткамен бастырғыштардың жұмысы жақсы реттеліп, саңылаулары бітелуі керек. Аспалы шөмелелегішпен жұмыс істеген кезде шөмелелер айдаудың қысқа жағына параллель түзу бағытта орналасуға тиіс. Сабанның ылғалдылығы 16 ... 18 %-ке жеткен кезде маялайды. Мая мен үймектерге сабанды тығыздап салып, оның мүсінін тура жасағанда ғана сабан ұзаққа сақталады. Астықты жинап ала салып, егістікті сабаннан тазартқан жөн.
Астық комбайндарының жұмыс технологиясы Астық комбайндарының жұмыс технологиясы жоғарыда көрсетілген астық жинау технологиясына байланысты екі түрлі болады, яғни бір кезеңді және екі кезеңді жинау кездерінде екі түрлі технологиямен жұмыс істейді. Бір кезеңде жинау кезінде комбайнның жұмыс атқаратын негізгі бөліктері жатка мен молотилка болады. Жатка астық сабақтарын кеседі, оларды жатқаның ортасына қарай сырғытып жинайды да молотилкаға береді. Молотилка астықты бастырады, яғни дәндерін үгіті бөлектейді, топан мен сабаннан ажыратады. Сөйтіп, дәнді шанаққа, сабан мен топанды шөмелелегішке жинайды. Астықты екі кезеңді әдіспен жинаған кезде бөлектеп оратын жаткалар қолданылады. Ол жаткалар астық сабақтарын кесіп, дестелерге жинап жерге тастайды. Десте осылай жатып кепкеннен кейін яғни 4-8 күннен кейін бастыру жұмысын жүргізеді. Ол үшін комбайнды подборщикпен жабдықтайды. Подборщик жер бетінде жатқан дестелерді саусақтарымен көтеріп жаткаға береді. Жатка оны молотилкаға жеткізеді. Бұдан кейінгі жұмыс жоғарыда көрсетілгендей ретпен жүргізіледі. 5.1.-сурет. Астық комбайнының жұмыс технологиясы: 1-қалбағай; 2-шнек; 3-көлбеу камерасы; 4-дека; 5-қабылдағыш битер; 6-барабан; 7-шнек; 8-шанақ қақпағы; 9-дән элеваторы; 10-шанақ; 11-масақ элеваторы; 12-сабан сіліккіш; 13-сабан тығыздақыш; 14-шөмелелегіш; 15-елек ұзартқышы; 16-тіркеме; 17-масақ шнегі; 18-елек; 19-сіліккіш тақта; 20-дән шнегі; 21-желдеткіш; 22-қайтарғыш битер; 23-тақтайша; 24-тірек табаны; 25-кескіш аппарат; 26-бөлгіш. Осы технология бойынша астық жинау жұмыстарын іске асыратын комбайнның мынандай негізгі тораптары болады (3.21.-сурет): жатка (2) мен көлбеу камера (3), бастырушы аппарат(б), сабан сіліккіш(12), тазартқыш (18) және шөмелелегіш (14). Осы жұмысшы тораптарда қызмет ететін бірнеше бөліктер мен механизмдер бар. Жұмысшы мүшелер мен қосымша бөліктердің орналасуына қарай комбайнды бірнеше ірі-ірі бөліктерге бөледі. Олар: жатка, молотилка, шөмелегіш, жүріс бөлігі, двигатель, беріліс механизмдері және басқару жүйелері. Жатка көлбеу камерасы арқылы молотилкаға аспалы түрде тіркеледі. Ол бір кезеңді әдіспен астық жинау кезінде өсімдік сабақтарын кеседі де оларды молотилкаға жеткізеді. Ал екі кезеңді әдіс кезінде оратын агрегат дестелі жатка болады. Ол орылған астықты дестелеп жинап отырады. Бастыру кезінде комбайн жаткасы алдына подборщик бекітіледі. Ол саусақтарымен дестені көтеріп жаткаға жеткізеді. Жаткамен орылған астықты молотилка бастырады, сабан мен топаннан ажыратады, дәнді шанаққа, сабан мен топанды шөмелелегішке жеткізеді. Молотилка комбайнның негізгі бөлігі және өзі жүріс бөлігінің үстіне орналасады. Комбайнның басқа бөліктері осы молотилкаға бекітіледі. Молотилканың негізгі бөліктері: бастырғыш аппарат, сабан сіліккіш, тазартқыш, элеватор, шнектер, шанақ, сабан мен топан тығыздағыштар. Шөмелелегіш молотилкадан берілген сабан мен топанды жинап, белгілі бір көлемге жеткенде жер бетіне шөмеле етіп тастап кетіп отырады. Ол молотилканың артқы жағына бекітіледі. Егер сабан мен топан мал азығы үшін пайдаланылатын болса, онда шөмелелегіштің орнына сабан турағыш қондырғы бекітіледі. Ол туралған сабанды трактор тіркемесіне аударып салады. Жүріс бөлігі комбайн жұмыс істегенде және жол жүрген кезде оның жылжып қозғалуын қамтамасыз етеді. Комбайнның қандай жұмысқа арналғандығына қарай, жүріс бөлігі дөңгелекті, жартылай шынжыр табанды және толық шынжыр табанды болады. Двигатель комбайнның барлық қозғалатын бөліктеріне қуат береді. Комбайндардың түрлеріне қарай двигательдердің де бірнеше түрі пайдаланылады. Беріліс механиздері двигатель қуатын комбайнның, жұмысшы мүшелеріне және жүріс бөлігіне жеткізу қызметін атқарады. Беріліс механизмдері комбайнның екі жағында орналасқан. Ондай механизмдердің ішінде шестернялі, белдікті және шынжырлы берілістер болады. Басқару жүйесі комбайнның барлық жұмысын бақылап, реттеп басқарып отыру қызметін атқарады. Мұнда механикалық, гидравликалық және электрлік жүйелер бар. Осы жүйелер арқылы комбайнның жұмысын комбайнер бір орында отырып басқара алады. Енді комбайнның аталған жұмысшы мүшелерінің жұмыс технологиясын реттеу әдістеріне тоқталамыз.
МБК-2,7 машинасы жұмысының технологиялық процесі мына - дай жолмен жүзеге асырылады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Астық өнімін жинау үшін қандай жұмыстар атқарылуы тиіс?
Дәнді дақылдарды жинаудың агротехникалық шараларына қандай жұмыстар кіреді?
Астық комбайндарының жұмыс технологиясы жоғарыда көрсетілген астық жинау технологиясына байланысты неше болады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz