Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кен комбайн

Сабақтың тақырыбы: Комбайндардың жалпы құрылысы мен жұмыс технологиясы
Топтар
ТР 9-192

Сабақ өтетін күн
15.03.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Барлық машиналардың ҚАБ-на қандай операциялар енгізілген?
Ауылшаруашылық машиналарында жұмыс атқарғанда жал - пы техникалық қауіпсіздік талаптарың атаңыз.
Өсімдіктерді химиялық қорғауға арналған машиналарды пай - далану кезіндегі техникалық қауіпсіздік талаптары неде болуы керек?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

КОМБАЙН ДЕГЕНІМІЗ - Бір мезгілде бірнеше жұмысты атқара алатын жұмыс машиналарынан біріктірілген күрделі агрегат. Комбайн ағылшынша combine - косу,біріктіру дегенді білдіреді. Астық, майлы, дақылдар, сүрлем, бақша өнімдері, жеміс-жидек және тамыр түйнекті жемістер жинауға, кен қазуға, қолданылады.
Қолдамына қарай ол 4-ке бөлінеді: 1) Кен комбайн.
2)Көмір комбайны. 3) Ас, үй комбайны. 4) Ауыл шаруашылық комбайны. Бұлардың ішіндегі ең көп тарағаны әрі маңыздысы - ауыл шаруашылық комбайны.
Астық комбайндарының жұмыс технологиясы жоғарыда көрсетілген астық жинау технологиясына байланысты екі түрлі болады, яғни бір кезеңді және екі кезеңді жинау кездерінде екі технологиямен жұмыс істейді.
Бір кезеңде жинау кезінде комбайнның жұмыс атқаратын негізгі бөліктері жатка мен молотилка астық бастырғыш болады. Осы жұмысшы тораптарда қызмет ететін бірнеше бөліктер мен механизимдер бар. Жұмысшы мүшелер мен қосымша бөліктердің орналасуына қарай комбайнды бірнеше ірі бөліктерге бөледі. Олар жатка, молотилка, шөмеледегіш, жүріс бөлігі, двигатель, беріліс механизімдері және басқару жүйелері. Жатка көлбеу камерасы арқылы молотилкаға аспалы түрде тіркеледі. Ол бір кезеңді әдіспен астық жинау кезінде өсімдік сабақтарын кеседі де оларды молотилкаға жеткізеді. Ал екі кезеңді әдіс кезенде оратын агрегат қатарлық жатка болады. Бастыру кезінде комбайн жаткасы алдына десте қабылдағыш бекітіледі. Ол саусақатарымен дестені көтеріп жаткаға жеткізеді.
Өздігінен жүретін комбайнның негізгі құрылысы алты бөліктен тұрады: жаткадан, молотилкадан, шөмелелеуіштен, жүріс бөлігінен, қозғалтқыштан және жинауыштан.
Жатка келесі негізгі бөліктер мен механизмдерді қамтиды: бағдарлауыш башмактары мен жатка тұрқын, малтығыш тасымалдауышымен көлбеу тұрқын, теңселме механизмі мен деңгейлеуішін, реттегіш механизмі мен қалбағайын және вариаторын, тегершігімен кескіш аппаратын, жетектегіш механизмімен иірлігін.
Молотилканың құрылысы келесі бөліктерден тұрады: бастыру құрылғысынан, сабан сіліккіштен, тазалайтын және тасымалдайтын құрылысынан (иірлік пен элеватордан), беріліс системасынан, басқару аймағынан, гидравликалық жүйеден және электр жабдықтарынан.

Жүру бөлігі өзіне вариаторлы және жүргізгіш мостымен бағыттаушы доңғалақтарды қамтиды. Жүргізгіш мост доңғалақтары, өз кезегінде тізбектегіштен, қорапты берілістен, дифференциалдан, доңғалақтардан және тежегіш жүйесінен құралады.
Смд - 15К және СМД - 17К дизельдерін қуаттылығы 8 а. к. тең болатын, СТ - 100 электр стартерімен бірге жабдықтап шығарады. СК - 6 және СКПР - 6 комбайндарында 4 қозғалтқышын қолданады, оның қуаты 150 а. к. тең, айналыс сәті 1900 об/мин. Біздің елімізде көп жылдық тәжірибеден өткізген тәсілдер бойынша астық екі тәсілмен орындалады: төте орып жинауда комбайн егістікпен бір орып жүрген кезде, барлық жинау процестерін атқарады: бір мезгілде орып, бастырып (масақтан дәнді ажыратып), астықты тазалап, сабағын шөмелелеуішке жинап, шөмеге түсіріп отырады. Бұл тәсіл өте тиімді, бірақ оны піскен құрғақ егістікте қолданады. Егістік пісіп жетілмей ылғалы көп жағдайда оны орып жалға тастауға және бірнеше күн кептіру керек. Мұндай жағдайда бөлшекті тәсілді қолданады. Сондықтан мұндай тәсілді бөлшектік немесе екі фазалы тәсіл деп атайды. Әдетте комбайн жаткасы комбайн алдына теңселмелі етіп орнатылған, ол тура оруға арналған. Бөлшекті оруға дестелегіш жатканы қолданады. Оны комбайн көтеріп жүреді, кейде тракторға тіркейді. Дестелеп жалға тастаған астықты кепкеннен кейін сағдарлап алуға жинауыштарды қолданады

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Комбайн неше бөліктен тұрады?
2. Комбайнға қандай қозғалтқыштар қолданылады?
3. Комбайнды неге әмбебап деп атайды.
4. Астық орудың неше тәсілі бар?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Ас атасы – нан жайлы
Комбайн жаткасы
Сүрлем жинайтын комбайн
Жүгері комбайнының жұмыс технологиясы
Мақсат қою кезеңі
Мынау кенді пайдалы қазбаны өндіру жолы
Жатканы комбайнға асып орнату
Жатка шнекін реттеу
Сабақтың максаттары. Сабақтың барысы
Егіншілік дәстүрі Б.Момышұлы. Комбайншы Ғ.Қайырбеков
Пәндер