Комбайн жаткасы

Сабақтың тақырыбы: Комбайн жаткасы. Эксцентрикті әмбебап қалбағай (матавила) . Кесіш құрылғы . Кесіш құрылғы жұмысын реттеу

Топтар
ТР 9-192
Топтар: Сабақ өтетін күн
ТР 9-192: 19. 03. 2021
:
:
:
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

1. Комбайн неше бөліктен тұрады?
2. Комбайнға қандай қозғалтқыштар қолданылады?
3. Комбайнды неге әмбебап деп атайды.
4. Астық орудың неше тәсілі бар?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Жоғарыда айтылғандай, жатқаның екі түрі бар: комбайн жаткасы және дестелік жатка. Олардың көптеген механизмдері бірдей болады. Сондықтан комбайн жаткасына тоқталып, дестелік жатканың ерекшеліктерін ғана атап өтеміз.

Комбайн жатка бөлігі мынадай тораптардан тұрады (3. 22. -сурет) : А - жатка, В - аралық қондырғы, С - көлбеу камерасы. Осы тораптарда мынандай механизмдер орналасқан: қалбағай, кескіш аппарат, тасымалдаушы механизм, көлбеу транспортер, беріліс механизмдері және теңестіруші механизмдер. Бұлардың барлығы жатка қорабына бекітіледі, ал жатка қорабы көлбеу камера мен теңестіргіш механизм арқылы молотилка қорабына бекітіледі. Қалбағай орылатын астық сабақтарын кескіш аппаратқа жақындатып ұстап тұрады, кесіліп орылғаннан кейін ары қарай тасымалдаушы механизмге жеткізеді.

Қалақшалы қалбағайда негізгі жұмысты атқаратын қалақшалар радиус бағытына орналасқан. Олар бекітілген тармақтар (сәуле сияқты таралған ағаштар) шеңбердің радиус бағытында тұрады да қалбағай білігіндегі крестовинаға бекітіледі. Қалақшалар жасайтын шеңбердің ортасы осы қалбағай білігінде жатады. Қалбағай білігі ағаш подшипникте айналады. Ол айналу кезінде қалақшалар өсімдік сабақтары арасына кіреді де оларды кескіш аппаратқа қарай қисайтып жақындатады. Кесіліп орылғаннан кейін тасымалдаушы механизмге жеткізеді. Өсімдік сабақтары жығылып жатып қалмаса, ұйысып шатаспаса қалақшалы қалбағайлар жұмысты жақсы істейді. Ал керісінше болса оның жұмысы қиындайды. Себебі, жұмыс кезінде қалақшалардың жер бетімен жасайтын бұрышы үнемі өзгеріп отырады. Тіпті астық сабақтарының арасына кірерде қалақшалар жалпағымен бағытталады да, сабақ аралықтарына ене алмай, оларды басып үстінен өтіп кетеді, сөйтіп қалбағай өзінің қызметін атқара алмайды. Сондықтан қалақшалы қалбағайлар дестелі жаткаларға ғана қойылады. Олар астықты сабақтары жатпай, шатыспай тұрған кезінде орады.

Эксцентрикті универсал қалбағай барлың комбайн жаткаларында болады. Бұл қалбағайда жоғары айтылган кемшілік болмайды. Арнаулы эксцентрикті (центрі ауытқыған) механизмнің көмегімен қалбағай айналған кезде оның қалақшалары жер бетімен жасайтын бұрышын өзгертпейді, яғни олар өзара параллель қозғалыс жасайды. Әсіресе өсімдік сабақтары арасына енерде қалақшалар тік бағытта бір қырмен кіреді де жалпақ жанымен сабақтарды итеріп кескіш аппаратқа жақындатады. Аталған эксцентрикті универсал қалбағай сабағы ұзын немесе орташа астықтарды оруға ыңғайлы болады. Ал өте қысқа сабақты астықты орғанда, оның жұмысы нашарлайды. Себебі кескіш аппарат пен тасымалдаушы механизм аралығында "өлі аймақ" пайда болады, яғни кесілген сабақтарды қалбағай тасымалдаушы механизмге жеткізе алмайды. Қысқа сабақтар тасымалдаушы механизмнің алдында топталып жиналады да кескіш аппараттан сырғып жерге шашылып ысырап болады немесе көп болып топталған күйінде беріліп, бастырғыш аппараттың жұмысын зақымдайды.

Қазіргі астық комбайндарында негізгі қолданылып жүргені - экспентрикті универсал қалбағай. Сондықтан оның құрылысына, жұмысына және оны реттеуге кеңірек тоқталамыз. Эксцентрикті универсалды қалбағай ағаш подшипниктер арқылы ұстағышқа жылжымалы түрде бекітілген. Сол себепті қалбағайды кескіш аппаратпен салыстырғанда, ілгері-кейін жылжыта аламыз. Сол сияқты ұстағыштың түбі трубаға пісіріліп бекітіліп, ағаш подшипник арқылы жатка қорабына бекітілген, ал орта шенінде гидроцилиндр қойылған. Сондықтан ұстағышты гидроцилиндр арқылы көтеріп түсіруге болады. Бұл кезде ұстағыштың трубадағы түбі подшипникте айналады да қалбағай бекітілетін ұшы көтеріліп түсіріледі. Сол арқылы қалбағайды орылатын астық сабағының биіктігіне лайықтап реттейді. Эксцентрикті құрсау центрі роликтері бар тізгін ұстағышпен жалғасқан. Тізгін ұстағыш қалбағайдың ағаш подшипнигіне тіркелген кронштейнге бекітіледі. Ол жерде төрт тесік бар. Сол тесіктер арқылы эксцентриктің центрін жылжытуға болады, яғни ол кезде саусақтардың еңкею бұрышы өзгереді, сүйтіп саусақты тырмалар тік бағыттан артқа қарай 30°, 15° бұрыш жасап және алға қарай 15° бұрыш жасап еңкейеді. Саусақтар түтікке тесіктер арқылы өтеді де ортасынан шплинт пен ұстатылады. Түтіктің екі жеріне қалақша бекітілетін кронштейн бар. Ондағы тесік ұзыншақ. Сол арқылы қалақшаны саусақ бойымен жылжытуға болады, тіпті кейбір кезде оны алып тастайды. Қалбағай қозғалысты сына белдікті вариатордан шынжырлы беріліс арқылы алады. Осы вариатор көмегімен қалбағайдың айналыс жылдамдығын жұмыс кезінде тоқтатпай-ақ өзгерте беруге болады. Оның жұмыс принципі сына белдік арқылы жалғасқан екі шкивтің біреуінің арасын ашып, екіншісін жағындатқан кезде жұмысшы диаметрлері өзгеруінен болатын беріліс санының өзгеруіне негізделген. Жетекші шкивтің екі дискісі аралығын алыстатып немесе жағындатып тұруды гидроцилиндр атқарады, ал жетектелуші шкивтің дискілерін қозғау үшін серіппелер қойылған. Вариатордың жетектелуші шкивінен шынжырлы беріліс арқылы қалбағай білігіне айналыс беріледі. Қалбағай білігіндегі жұлдызша білікпен сақтандырғыш муфта арқылы жалғасқан. Егер қалбағай сынатындай үлкен кедергіге кездессе, сақтандырғыш муфта берілісті тоқтатады. Оның жұмыс принципі үйкеліс күшіне негізделген. Қозғалысты бір-біріне үйкеліс беттері арқылы беретін екі диск бар. Олардың біреуін қалбағай білігіне, екіншісі жұлдызшаға берік бекітеді де серіппемен қысады. Серіппенің қысу күшін өзгерту арқылы үйкеліс күшін де өзгертеді. Қалбағайдың барлық тетіктерін жұмыс жағдайына қарай реттеп отыру керек. Сонда ғана істелген жұмыс сапасы талапқа сай болады. Реттеу жұмыстары төмендегідей жүргізіледі. Қалбағай өсімдік сабақтарын кескіш аппаратқа жақындатуы үшін, оның жұмысшы қалақшаларының жылдамдығы комбайнның жүре жылдамдығынан көп болуға тиіс. Қалбағай қалақшала-ры жылдамдығы мен комбайн жүріс жылдамдығы екеуінің ара қатынасы 1, 2-2, 0 шамасындай болса ғана қалбағай өсімдік сабақтарын кескіш аппаратқа жақындата алады. Комбайн жылдамдығы сағатына 7 км шамасына дейін болғанда сол жылдамдықтар қатынасы 1, 5-2, 0, ал комбайн одан тез қозғалғанда 1, 2-1, 5 мөлшеріне қойылады. Себебі комбайн жоғарғы жылдамдықпен қозғалғанда сабақтардың қарсылық күші артады. Қалбағай қалакшаларының жылдамдығы, оның бір минуттағы айналыс санына байланысты. Айналыс саны өскен сайын, қалақша жылдамдықтары да артады. Бұл үшін арнайы вариатор қойылған. Сол вариатордың көмегімен комбайнер жұмыс кезінде қалбағайдың айналыс санын өзгерте алады. Вариаторға қосымша қалбағай айналыс санын жетектеуші жұлдызшамен де өзгертуге болады. Жетектеуші жұлдызша тісінің саны 18 болған кезде вариатор көмегімен қалбағайдың айналыс санын 16, 5-41, 5 шамасына дейін өзгертуге болады, ал жетектеуші жұлдызша тісінің саны 20 болған кезде қалбағайдың айналыс санын 20-52 шамасына дейін өзгертуге болады. 20 тісті жұлдызшаны комбайн жоғарғы жылдамдықпен жұмыс істегенде қолданады. Қалбағайдың қалыпты жұмыс істеуі өзінің айналыс санына ғана байланысты емес, оның кескіш аппаратқа сәйкес орналасуына да байланысты. Ол үшін қалбағайды екі бағытта да (тік бағытта және көлденең бағытта) жылжытуға болады. Егер қалбағай тік бағытта дұрыс реттелмесе, кесілген сабақтарды шнекке жеткізе алмайды. Себебі, өсімдік сабақтары оның қалақшаларынан асып түседі немесе сырғып жерге түсіп қалады. Көлденең бағытта дұрыс реттелмесе, онда шнек жұмысын нашарлатады. Өзі жүретін комбайндарда бұл екі бағыттағы реттеулер арнаулы механизм арқылы өзара үйлестірілген. Сондықтан комбайнер жұмыс кезінде қалбағайды тік бағытта ғана гидравликалық механизм көмегімен реттейді. Ал қалбағайдың тік бағыттағы қалпына сәйкес, көлденең бағытта да өздігінен реттеліп қалыпқа келеді. Қалбағайдың жұмыс кезіндегі реттелуі дұрыс болуы үшін оған жұмыс алдында мынадай тексерулер жүргізіледі. Қалбағай білігі салмақ күшінің әсерінен майыспай, түзу бағытта тұруы тиіс. Егер білік майысқан болса, қалбағай жұмысы жалпы нашарлаумен қатар, білік басына бекітілген жұлдызша жұмыс кезінде бір жазықтықта айналмайды, сөйтіп тез тозады немесе шынжырдан шығып кете беретін болады. Сондықтан білікті түзу қалыпқа келтіру керек. Ол үшін шпренгельдердің тарту күшін бір қалыпқа келтіреді, яғни көп күшпен тартылған шпренгель жағына білік майысып тұрады. Ондай шпренгельдерді босатып, соған қарама-қарсы шпренгельді тарту қажет. Қалбағай білігі кескіш аппарат бағытына параллель орналасуға тиіс. Тік бағыттағы қалбағай білігімен кескіш аппараттың ара қашықтығы жатқаның оң жағында және сол жағында бірдей болуы керек немесе 10 мм ғана ауытқу жіберуге болады. Мұндай ара қашықтықтардың бірдей еместігі қалбағай бекітілген түтіктің майысуынан болады. Сондықтан ондай түтікті түзетіп қалыпқа келтіреді. Қалбағай мен кескіш аппаратқа үстінен қараған кезде олар өзара параллель болуы керек. Параллель болмаса, қалбағай подшипнигі бекітілген жылжымадағы қамытты босатып, тиісті бағытқа жылжыту қажет. Қалбағай қалақшаларындағы саусақтардың ұшы мен кескіш аппарат арасындағы қашықтық, қалбағайдың ең төменгі қалпындағы кезінде 20-25 мм болуға тиіс. Егер одан ауытқу болса, қалбағайдың жұмыс кезіндегі реттелуі бұзылады.


Ұқсас жұмыстар
Кен комбайн
Сүрлем жинайтын комбайн
Жатканы комбайнға асып орнату
Дәнді дақылдарды жинау технологиясы
Ас атасы – нан жайлы
Жүгері комбайнының жұмыс технологиясы
Мақсат қою кезеңі
Жатка шнекін реттеу
Егіншілік дәстүрі Б.Момышұлы. Комбайншы Ғ.Қайырбеков
Нан тіршілік көзі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz