7а сынып физика пәні сабақ жоспары: Заттың тығыздығы

Пәні: Физика. Сыныбы: 7 а .

№82 Қаратерең орта мектебі.

Қартаңбаева Кенжегүл

Физика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Заттың тығыздығы деп аталатын физикалық шаманы енгізу. «Тығыздық» ұғымының физикалық мағынасын ашу. Заттың тығыздығының өрнегін жазып, өлшем бірліктерімен танысу

Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілеттері мен ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: өз бетінше жұмыс жасауға, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Типі: жаңа білімді қалыптастыру.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, кестемен жұмыс, түсіндіру, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: стақан, су, сүт, күнбағыс майы, таразы, мата қиындысы, кір сабын, қалам, кесте, бағалау парағы, мензурка.

Техникалық құралдар: интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: математика. .

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру бөлімі.

(сынып оқушыларын түгелдеп, сабаққа назарын аудару)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Кім жылдам?»

  1. Инерция дегеніміз не?
  2. Инерция заңын ашқан ғалым?.
  3. Масса бірліктерін ата.
  4. Бұрынғы кезде ата-бабаларымыз пайдаланған қандай масса бірліктерін білесің? (мысқыл-1гр, қадақ-750гр, пұт-16кг, батпан-100кг)
  5. Денелердің өзара әркеттесуіне қандай ұлттық ойындар мысал бола алады?
  6. Өзі затты құрайды, теңесуге таразыны сұрайды?
  7. сурет бойынша жұмыс.
  8. практикалық жұмыс (мата қиындысы, кір сабын, өшіргіш таразыға тартып өлшеу)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

1. Заттың тығыздығының анықтамасы

2 . Тығыздықтың формуласы және өлшем бірліктері .

3. Тығыздықтардың кестесі

Заттың тығыздығы дегеніміз-сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады. Оны әрпімен белгілейді. Формуласы

Тығыздықтың өлшем бірліктері

1г/см 3 = 1000 кг/м 3

1г/м 3 = 0, 001 кг/м 3

1т/м 3 = 1000 кг/м 3

IV. есептер шығару . Перфокартамен жұмыс

Тығыздық (p)
Масса (m)
Көлем (V)
Тығыздық (p): ?
Масса (m): 800 г
Көлем (V): 125 см 3
Тығыздық (p): 2700 кг/м 3
Масса (m): ?
Көлем (V): 0, 08 м 3
Тығыздық (p): 800кг/м 3
Масса (m): 50т
Көлем (V): ?

V. Эксперименттік тапсырма.

Әр қатарға 200 см 3 стақанға толтыра құйылған

1-қатарға -су

2-қатарға -сүт

3-қатарға -күнбағыс майы

Өздеріңізге берілген заттың массасын табыңдар.

VI. Сабақты қорытындылау «Сөзжұмбақты шешу»

  1. ұзындықтың өлшем бірлігі ?
  2. бізді қоршаған орта ?
  3. марстың қазақша аты?
  4. табиғат туралы ғылым?
  5. пішіні мен көлемі бар нәрсе?
  6. табиғатты зерттеу әдісі ?
  7. физикалық шама -t

VIІ. Бағалау . Оқушыларды бағалап, озып шыққан топты анықтау.

VIІІ. Үйге тапсырма. §32 №12-жаттығу.


Ұқсас жұмыстар
7-сынып физика сабақ жоспары: §32 Заттың тығыздығы
7-сынып физика сабағының қысқа мерзімді жоспары: Заттың тығыздығы
7-сынып физика: Дененің массасы және заттың тығыздығы - сабақ жоспары мен есептер
7-сынып физикасы: заттың тығыздығы - анықтамасы, өлшем бірліктері және есептеу
7-сынып физикасы сабақ жоспары: денелердің өзара әрекеттесуі, дененің массасы және заттың тығыздығы (§30, §32)
7-сынып: Денелердің өзара әрекеттесуі, дененің массасы және заттың тығыздығы (формулалар мен өлшем бірліктері)
7а сынып физика сабақ жоспары: §70 Иінді таразылар және §71 Жай механизмдер
Физика пәні: Заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі тарауы бойынша орта мерзімді жоспар
Физика пәні бойынша сабақ жоспары: Күш және деформация
Физика және астрономия пәні: заттың құрылысы, қозғалыс, масса және күш тақырыбы бойынша оқу-ойын формасындағы қайталау сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz