Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Молотилканың жұмыс процесі

Сабақтың тақырыбы: Практика. Молотилка
Топтар
ТР 9-192

Сабақ өтетін күн
29.03.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
1. Қалықтама транспортер құрылысы қандай?
2. Босату шнегі қандай тораптардан тұрады?
3. Тазалағыштың елегі құрылысы қандай?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Молотилка төмендегідей негізгі бөлшектер мен механизмдерден тұрады; бастыру құрылғысы; сабан сіліккіш; транспорттық құрылғысы (шнектері мен элеваторлары) бар тазартқыш; беріліс жүйесі; басқару алаңшасы бар кабинасы, гидравликалық жүйе, электр жабдықтары.
Молотилканың жұмыс процесі. Қабылдауыш битер 52 (2-су-рет) қырқылған сабақтар келіп түсетін молотилканын. ен, бірінші жұмыс органы. Ол келіп түскен сабақтардың бағытын өзгертіп, бастыру құрылғысына жеткізді.
Барабан білігінің ашық жерлеріне сабақтардын, оралмауын бағыттауыш қалқаншалар 48 қамтамасыз етеді, олар молотилка панельдері мен барабан бүйірінің арасындағы қуыстарды жауып тұрады.
Молотилка құрылғысы барабан мен декадан тұрады. Барабан үлкен жиілікпен айналады. Мысалы, бидай жинаған кезде ол 950 -- 1150 айналыс/м,инут жасайды. Бұл ретте онын, соққылауышының дөңгелеп тіке жүргендегі жылдамдыры 30 -- 36 м/с болады. Соққылауыш сабақтарды ұрып, ұстайды да қозғалмайтын дека мен айналып тұрған барабанның арасында пайда болатын, бірте-бірте тарыла беретін кеңістіктен өткізеді. Бұл кеңістіктің көлемі жинаудың орташа жағдайында мынадай болады: кірісінде 20 мм, ортасында 16 мм, шығысында 4 мм.
Барабанньщ айналу жиілігін, сондай-ақ онық декамен аралы-ғындағы саңылауды реттеуге болады.
СК-4 комбайны молотилкасының негізгі қондырма реттеулеріне мыналар жатады: барабан мен деканың арасындағы қалыптық саңылау; барабанның айналыс жиілігі; желдеткішпен екі електің жапқыштарының ашылу дәрежесі; жоғарғы елек ұзартқышының көлбеулігі мен оның жапқышының, ашылу дәрежесі; төменгі елек Қалпы; белдіктер мен шынжырлардың керілуі, сондай-ақ сақтан-дырғыш муфталарды (жатка мен молотилканың) реттеу.

Қондырма реттеулерді шартты түрде технологиялық реттеу (жатка башмактарының қалпы, бастыру аппаратының саң ылаулары және т. б.) және монтаждық реттеуге (белдікті берілістердің керілуін реттеу және т. б.) бөлуге болады.

Технологиялық қондырма реттеулерді жүзеге асыру үшін жиналатын дақылдардың жағдайы мен ерекшеліктерін жақсы білу керек.

Егер комбайншы орақ басталғанға дейін өзіне бекітіліп берілген загондармен жан-жақты танысса, ондағы егін жағдайын зерттесе, өз машинасының жүріс маршрутын білсе, онда ол неғұрлым тиімді қондырма реттеулерді таңдап алады.

Барлық эксплуатациялық реттеулер технологиялық реттеуге жатады. Оларды атап өтейік: қырқу биіктігін (көшірмелеусіз орған кезде) реттеу; қалбағайдың айналыс жиілігі мен оның қырқу аппаратымен салыстырғандағы қалпын реттеу; жинауыштың айна-лыс жиілігін реттеу; барабан мен деканың арасындағы саңылауды реттеу; комбайнның жүріс жылдамдығын реттеу.

Комбайншы қондырма реттеуді орындаған кезде оның сол істі өлшеп-пішіп ойлануға әрқашанда жеткілікті уақыты бар. Бұл ретте оған реттеуші-шебер. жиі көмек береді. Ал эксплуатациялық реттеу мүлдем басқаша іс болып табылады. Бұл тұста жүргізуші қандай жылдамдықпен жұмыс істеу керек, бастыру аппаратының саңылауын өзгерту керек пе, жоқ па, қалбағайдың айналыс жиілігін арттыру қажет пе, жоқ па, міне осыларды шапшаң байқауға тиіс. Егер комбайншы өзіне бекітілген егістік пен жиналатын да қыл ерекшеліктерін жақсы білсе, бұл жағдай оның эксплуатациялық реттеуде де дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Молотилка қандай бөлшектер мен механизмдерден тұрады?
2. Молотилканың жұмыс процесі қалай жүргізіледі?
3. СК-4 комбайны молотилкасының негізгі қондырма реттеулеріне нелар жатады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Жүріс бөлігінің вариаторы
Жатканы комбайнға асып орнату
Дәнді дақылдарды жинау технологиясы
Кен комбайн
Өсімдіктің тыныс алуы және ауамен қоректенуі
Жылу құбылыстары. 10-сынып
Мұрағатталған файлды мұрағаттан алу
Топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру органикалық және минералдық тыңайтқыштар. Фотосинтез, күннің жарығы мен хлорофилдің осы процестегі рөлі.
Кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы
Жылу құбылыстары. 8 сынып
Пәндер