Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бастырғыш құрылғының реттеулері

Сабақтың тақырыбы: Бастырғыш құрылғының реттеулері. Сабан сіліккішпен дән тазартқыш
Топтар
ТР 9-192

Сабақ өтетін күн
12.04.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
1. Қалықтама транспортер құрылысы қандай?
2. Босату шнегі қандай тораптардан тұрады?
3. Тазалағыштың елегі құрылысы қандай?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

1.Комбайнның негізгі бөлігі-молотилка.Молотилка негізгі үш бөліктен тұрады: бастырғыш құрылғы,сабан сіліккіш және електі тазалағыш.

Бастырғыш құрылғы жаткадан келген астықты бастырады.Бастыру дегеніміз- масақты үгітіп, дәнді одан бөліп алу. Дәнді масақтан бөлу үшін негізінен барабанды құрылғы қолданылады.Барабанды бастырғыш құрылғылар 2 түрлі болады: тісті және ұрмалы.Тісті барабанды құрылғы ылғалды астықты жақсы бастырады,бірақ дәнді көбірек шағады және сабанды өте ұсақтап жібереді де одан дәнді ажыратып алу қиын,себебі бөлінген дәндердің барлығы сабан сіліккішке барып,сонда бөлініп шығады. Ұрмалы барабанды құрылғымен астықтың әр түрін бастыруға болады.Онда барабан астына торлы дека қойылады,бастыру кезінде бөлінген дән сабан сіліккішке бармай-ақ деканың торы арқылы өтіп,бірден тазалағышқа барады.Бұл сабан сіліккіштің жұмысын жеңілдетеді.

Барабанды бастырушы арқылы астықты екі әдіспен бастыруға болады: бір және екі фазалы.Бір фазалы әдісте бір ғана барабанды бастырғыш құрылғы қойылады.Екі фазалы әдісте астық бастыру екі барабан арқылы атқарылады.Екінші барабанның айналыс жылдамдығы біріншіге қарағанда көп болады.Бастырылатын астық алдымен айналыс жылдамдығы аз бірінші барабанға беріледі.Бұл жерде толық піскен дәндер көбінесе масақтан ажырап,декадан төмен түседі.Соғу күші үлкен болмағандықтан дәндер ұсақталмай аман болады.Әлі толық пісіңкіремегендіктен үгітілмей масақта қалған басқа дәндер үлкен жылдамдықпен айналатын екінші барабанмен бастырылады.Сөйтіп,екі фазалы бастыру кезінде дәннің шағылу пайызы азаяды.Бұл әдіс көбінесе ылғалды астықтарды жинау үшін қолданылады.Мысалы,күріш бастыру немесе солтүстік аудандарда астық жинау үшін. <<Сибиряк>>,<<Енисей-1200>> сияқты комбайндар осындай екі барабанды бастырғыш құрылғымен жабдықталған.

2.Ұрмалы бастырғыш құрылғы қабылдағыш және қайтарғыш битерлерден, ұрма барабаннан,декадан құрылған (тақтаға сурет салу).Жұмыс кезінде қабылдағыш және қайтарғыш битерлер мен барабан бір бағытта айналады.Сөйтіп олар астықты әрі жылжытып отырады.Жатканың көлбеу тасымалдағышынан көтеріліп келе жатқан астықтың қозғалыс бағытын бастырғыш құрылғыға қарай бұру үшін қабылдағыш битер қойылған.Ол келе жатқан массаны қалақшаларымен қысып,төменгі бөлігі арқылы өткізеді де,бастырғыш құрылғыға қарай бағыттайды.Бастыру кезінде негізгі жұмысты ұрмалы барабан атқарады.Ол білікке отырғызылған тегершіктерден құралады.Шеткі екі тегершік білікке берік бекітілген, ал ортадағы тегершіктер білікке жанаспайды.Оның себебі- білік ортасын күштен босату.Егер ортадағы тегершіктер білікке күш түсіретін болса,білік аз да болса майысады.Ондай майысу салдарынан үлкен жылдамдықпен айналатын және массасы ауыр бөлшектердің динамикалық тепе-теңдігі бұзылады,діріл туады,ол сынуға себеп болады.Тегершіктердің аралығы берік планкамен жалғастырылып,ол планкалар үстіне арнаулы бұрандамамен ұрмалар бекітіледі.Ұрмалар бетінде бедерлі кесіктер бар,олар оңға немесе солға қарай көлбеген болады.Барабанда оң және сол ұрмалар өзара кезектесіп орналасуы тиіс.Егер кесіктері бір бағыттағы ғана ұрмалар бекітілсе,онда күш барабанның бір жақ подшипнигіне ғана түсіп,оны тез істен шығарады.Бір барабанға бекіген ұрмалар салмағында да айырмашылық болмауы тиіс,олай болмаса динамикалық тепе-теңдік бұзылады.Егер бұрмалардың біреуі істен шықса,онда бір барабандағы барлық ұрмалар алмастырылады.Оларды алмастырмас бұрын салмақтарын жеке-жеке өлшеп тексереді. Олардың өзара айырмашылықтары 5 грамнан аспауы тиіс.

Барабан білігі екі қатарлы шарикті подшипникке кигізіліп,оның қорабы арқылы комбайн қаңқасына бекітіледі.Біліктің бір басына қозғалысқа келтіруші шкив бекітіледі.

Дека планкалар мен темір шыбықтардан құралған торлы беттен тұрады.Бастырылатын астық барабан арқылы қозғалып,көлденең планкалардың қырларына үйкеліп бастырылады,бұдан әрі дәндер масақтан бөлініп,тор арқылы дека астына түседі.Дека алдыңғы және артқы жағында білікке бекітіледі.Планкалардың қыры тозған кезде сол біліктен босатып,басқаша ауыстырып қоюға болады.Сонда планкалардың артқы тозбаған қырлары алдына қарайды.Біліктің екі басына барабан мен дека арасындағы саңылауды өзгертетін механизм орнатылады. <<Нива>> мен <<Колос>> комбайндарында ол үшін рычагты механизм қолданылады.

Қайтарғыш битер - тісті қалақшалары бар барабан.Оның негізгі қызметі-ұрмалы барабаннан үлкен жылдамдықпен шыққан астық массасын қалақшаларымен ұрып,сабан сіліккішке қарай бағыттау.Оның астына саусақты тор бекітілген.Қайтарғыш битер астық массасын ұрған кезде сабаннан бөлінген дәндер сол саусақты тор арқылы өтіп тазалағышқа барады,ал сабан оның бетімен сырғып сабан сіліккішке бағытталады.

3.Бастырғыш құрылғының жұмыс сапасы оның реттелуіне байланысты.Реттеу екі түрлі. Біріншісі-ұру күшін астық түріне қарай реттеу,яғни барабанның айналыс жылдамдығын өзгерту.Екіншісі-барабан мен деканың арасындағы саңылауды астықтың физика- механикалық қасиетіне қарай өзгерту.Барабанның айналыс санын өзгерту үшін оны қозғалысқа келтіретін белдікті берілісте вариатор қойылған.Жетекші және жетектегі шкивтердің бірінің жұмысшы диаметрі үлкен,екіншісінікі - кіші.Құрылысы бірдей болғандықтан олардың орынын ауыстырып бекітуге болады.

СКД-5 комбайнында барабанның айналу санын өзгерту үшін жетекші және жетектегі шкивтердің тегершіктері жылжымалы етіп жасалған.Қозғалмайтын шкив сына арқылы берік бекітіледі де оның күпшегінде қозғалатын шкив сына арқылы жалғасып,қосымша қамытпен бекітіледі.Қосымша қамытты босатып,қозғалатын тегершікті ось бойымен қозғалмайтын тегершіктің күпшегі арқылы жылжытуға болады.Егер диаметрі кіші шкив жетекші (топты беріліс білігінде) болса,онда барабанның айналыс санын вариатор көмегімен минутына 400-750 шамасына дейін өзгертуге,ал диаметрі кіші мкив жетектегі (барабан білігінде) болса,онда барабанның айналыс санын 800-1335 шамасына дейін өзгертуге болады.

Барабан белдігінің керілу күшін реттеу үшін бекіткішті қысып,жұлдызша тұғырынан шығарады.Сосын тұтқаны сағат тілі бағытымен бұраса,керіліп тартылады,керісінше бұраса керіліс босайды.Реттеуді аяқтағаннан кейін бекіткішті жұлдызша тұғырына кіргізіп қояды.

Комбайн кітапшасында бастырылатын дақылдар түріне қарай барабанның шамамен алынған айналыс саны көрсетілген.Жұмысқа кіріспес бұрын сол цифрлар бойынша барабанды тиісті айналыс санына қояды.Жұмыс кезінде бастыру сапасына қарай өзгертуге болады.Барабанның айналыс саны көп болса,онда уатылған дәндер шанақта көбірек кездеседі және сабан өте ұсақталып туралады,сондықтан тазалағыш механизмдер дәнді сабаннан ажыратып үлгере алмайды,дәннің біразы сабанға ілесіп кетіп шығынданады.Ал барабанның айналыс саны аз болса,ол астықты түгел бастырып үлгере алмайды,сабанмен бірге бастырылмаған масақ кетеді. Және үлкен масса келгенде барабан тығылып қала береді де комбайн өнімділігі азаяды.

Астықты бастыру сапасы барабан мен дека арасындағы саңылауға да байланысты.Егер осы саңылау дұрыс қойылмаса,онда дәндер ұсақталып кетеді немесе масақтар бастырылмаған күйде сабанға кетеді.Барабан мен дека арасындағы саңылауды <<Нива>> мен <<Колос>> комбайндарында рычагты механизм көмегімен жұмыс кезінде өзгертуге болады.Дека тартқыштар арқылы басқару алаңында орналасқан тұтқамен жалғасқан.Жұмыс басталар алдында тұтқаны ең шеткі тесікке қояды,сонда алдыңғы саңылау 14+/-1 және артқы саңылау 2+/- мм болуы тиіс.Барабан мен дека арасындағы саңылауды барабанның өн бойында түгел өлшеу керек,яғни оң жақ,сол жақ және ортасындағы саңылаулар шамасы бірдей болуы тиіс.Яғни дека планкалары мен барабан ұрмалары өзара параллель болмаса,онда бастырғыш құрылғының саңылау кіші жағында дәндер шағылып қирайды,саңылау үлкен жағында масақ бастырылмай қалады.Реттелу дұрыс болмағанда реттегіш бұрама мен тартқыштардың ұзындығын өзгерту арқылы дека мен барабанның параллельдігін қалыпқа келтіреді,ал жұмыс кезінде тұтқаны сектордың басқа тесігіне ауыстыру арқылы саңылауды өзгертеді.Тұтқаны сектордың бір тісіне ауыстырса саңылау 1мм өзгереді (Рычагты механизм суретін салу).

Бастырғыш құрылғыдағы саңылауды реттегенде барабан ұрмалары мен деканың ақаусыздығын тексереді.Тасты жерде астық бастырғанда бастырғыш құрылғыға астықпен ілесіп тас өтіп кетуі мүмкін,сонда ұрмалар мен дека планкалары майысады.Саңылау ұлғаяды да одан масақ бастырылмай өтіп кетеді.Сондықтан жөндеу кезінде барабан ұрмалары мен дека планкаларының түзулігін тексеру керек.

Екі барабанды бастырғыш құрылғының жұмысын <<Енисей-954>> комбайны туралы видеофильмнен көруге болады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Бастырғыш құрылғы қандай бөлшектер мен механизмдерден тұрады?
2. Бастырғыш құрылғының жұмыс процесі қалай жүргізіледі?
3. СК-4 комбайны молотилкасының негізгі қондырма реттеулеріне нелар жатады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Жүріс бөлігінің вариаторы
Дәнді дақылдарды жинау технологиясы
Комбайн жаткасы
Цилиндр гильзалары
Аспаның тетіктерін тексеру
Педагогтың әрекеті
Кен комбайн
Бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың маңызы
Поршеньді сақиналар
Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою
Пәндер