Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жүріс бөлігінің вариаторы

Сабақтың тақырыбы: Практика. Жүріс бөлігінің вариаторы. Ілініс муфтасының реттеулері
Топтар
ТР 9-192

Сабақ өтетін күн
16.04.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
1. Бастырғыш құрылғы қандай бөлшектер мен механизмдерден тұрады?
2. Бастырғыш құрылғының жұмыс процесі қалай жүргізіледі?
3. СК-4 комбайны молотилкасының негізгі қондырма реттеулеріне нелар жатады?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Комбайн жүріс бөлігінің құрамына вариатор жетекші доңғалақтар мостысы мен жетектелуші доңғалақтар мостысы енеді. Жетекші доңғалақтар мостысы іліністен, тежеуішті беріліс қорабынан, дифференциалдан, екі борттық редуктордан және жетекші доңғалақтардан құралады. Жетелеуші доқғалақтар мостысына артқы білеу, рульдік трапеция, рульдік механизм, ги дрокүшейткіш және басқарылушы доңғалақтар жатады. СКД-5 СК-5 және СК-6 комбайндарында беріліс қорабындағы тежеуіш тен басқа екі доңғалақтық тежеуіш бар.

Вариатор. Двигательден жүріс бөлігі беріліс қорабының қабылдауыш шкивіне қозғалыс сынабелдікті вариатор арқылы беріледі. Ол комбайнның қозғалысын біркелкі және тез өзгерту үшін пайдаланылады. Жылдамдықты өзгерту үшін тек вариатор гидро -цилиндрін басқаратын кранның рычагын бұрау керек. Вариатордың арқасында комбайндардың жүріс жылдамдығын 5-таблицада келтірілген жылдамдықтар шегінде өзгертуге болады.

Вариатор (102-сурет) күпшектен, үш дискіден, ашалардан және гидроцилиндрден құралады. Дискілер жиынтығындағы күпшекті вариатор блогы деп атайды (103-сурет), Күпшекке сыртқы дискілер 1, 3 қатаң бекітілген, ал ортаңғы дискі 2 қүпшекте еркін қозғала алады. Үш дискі бірігіп қос кертікті шкив жасайды. Жүріс кезінде ортаңғы дискіні жылжыту арқылы екі кертіктің жұмыстық диаметрлерін өзгертуге болады. Екі кертікке бірдей белдіктер 18,1 (102-сурет) кигізілген, бірінші белдіктің екінші жағы двигательдің, шкивіне ал екінші беріліс қорабы жетек білігінің шкивіне кигі-зілген.

Күпшектегі ортаңғы диск аралық қалыпта орналасса (102-сурет, А), онда вариатор мен екі иікив центрлерінің ара қашықтығы бірдей болады. Егер гидроцилиндрдің көмегімен аша төмен қарай тірелгенше жылжытылса, онда бұл ара қашықтық өзгереді: вариа-тор блогы мен двигатель шкивінің арасы алшақтайды, ал вариатор блогы мен жүріс бөлігі шкивінің арасы жақындайды. Осыған бай-ланысты белдік 18 керіледі де ортаңғы дискіні оң жаққа қарай қысады (102-сурет, В), соның нәтижесінде белдік вариатордың ең кіші жұмыстық кертігіне көшеді. Осы кезде белдік 1 босаңсып, ортаңғы дискінің жылжуына кедергі келтірмейтін болады да, ва-риатордың ең үлкен жұмыстық кертігіне көшеді. Осының нәтиже-сінде вариатордың айналу жиілігі және жетекші доңғалақтардың жылдамдығы артады. Егер де аша жоғары қарай тірелгенге дейін жылжытылса, онда керісінше құбылыс болады (102-сурет, Б) және жүріс доңғалақтарының жылдамдығы баяулайды.

Молотилканың рамасына екі реттеуіш винт 10, 13 бұралған кронштейн 12 бекітілген. Вариатор блогының бекітілу ашасы қос иінді болып жасалған және де рычагта 9 таяныш бар. Винттер 10, 13 сондай-ақ таяныш 11 гидроцилиндр 14 штогынық жүрісін, сон-дықтан вариатор блогының қозғалу шегін шектейді.

Вариаторды былайша реттейді: винттерді 10, 13 ұшына дейін бұрып шығарыңқырайды; гидроцилиндр арқылы вариатор блотынүстіңгі шеткі қалпына орналастырады; осы жағдайда жоғарғы белдік өзінің сыртқы жиегімен блок шкивінің сыртқы диаметріне жетуі керек; еәйкес орнықтырғыш винті трекке 11 тақайды; осыдан соң вариатор төменгі шеткі қалпына ауыстырылады да, екінші винт тірекке тақалады; блок кез келген аралық қалыпқа орналас-тырылады; екі винтті 10, 13 бір айналысқа бұрап кіргізіп, сол қал-пына қарсы гайкамен бекітіледі.

Винттер 10, 13 тірекке қарай қосымша бұралмаса, гидроцилиндр де артық қысым тууы мүмкін.

Белдіктерді керіп, винттерді 10, 13 реттеуді двигатель сөндірілген кезде жүзеге асырады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар

Комбайн жүріс бөлігінің құрамына нелер кіреді?
Вариатордың қызметі қандай?
Вариаторды қалай реттейді?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Жүріс дөңгелектері
Алдыңғы жетекті автомобильді бұру кезінде
Апатты жағдайда, кедергімен соқтығысқан кезде жүргізуші денесінің қозғалысы
Берілісті өзгерту қорабы
Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктеріне орналастыру
Жүру үшін ортаңғы жолақты пайдалану
Автомобиль жолдарының санаттары
Жолдың қарсы бетінде рұқсат етілген тоқтап тұру
Жанармай шығынының жүргізуші шеберлігіне тəуелділігі
Автомагистральдық жолды жасыл фонды
Пәндер