Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Берілісті өзгерту қорабы

Сабақтың тақырыбы: Біріліс қорабы. Басты беріліс пен дифренциал
Топтар
ТР 9-192

Сабақ өтетін күн
12.04.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Комбайн жүріс бөлігінің құрамына нелер кіреді?
Вариатордың қызметі қандай?
Вариаторды қалай реттейді?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Ілініс. Іліністің қызметі -- берілісті өзгерту қорабын ауысты рьш қосуға және жүріс бөлігін бірте-бірте қосуға, яғни орнынаг біркелкі қозғалуға мүмкіндік беру үшін қабылдауыш шкивті жүріс бөлігінің өзге агрегаттарынан ажыратуды іске асыру. Барлы комбайндарда тұрақты тұйықталған бір дискілі кұрғақ ілініс орнатылған.

Берілісті өзгерту қорабы. Барлық комбайндарда үш жылдамдықты екі жүрісті беріліс қорабы орнатылған (үш беріліс алға қарай және бір беріліс кері қарай жүруге).

Қораптың қызметі -- комбайнның жүріс жылдамдығын өзгерту есебінен жетекші доңғалақтардың тарту күшін арттыру немесе ке-міту, комбайнды кері қарай жүргізу, двигатель жұмыс істеп тұр-ғанда комбайнды тоқтатуды іске асыру болып табылады.
Дифференциал. Дифференциалдың қызметі -- комбайндардың бұрылысы кезінде және тегіс емес жолмен жүргенде жетекші доң-ғалақтардың әр түрлі жылдамдықпен, сондай-ақ тура жүріп келе жатқанда әлгі доңғалақтардың бірдей жылдамдықпен айналуын іске асыру болып табылады.

Борттық редуктор. Борттық редуктордың қызметі -- өзіне беріліс қорабы берген айналыстың жиілігін төмендету, соның нәтижесінде жетекші доңғалақтардың айналу моментін сондай дәрежеде арттыру. Редуктор айналыс жиілігін 5,6 есе төмендетеді.

Рульдік трапеция. Әрбір доңғалақтық жүйенің бұрылу центрі барлық доңғалақтар осьтерінің қиылысында жатуы қажет. Егер бүл ереже бұзылатын болса, онда бүру кезінде доңғалақ топыраққа көміліп қалады да тарту кедергісі артады. Осы себептен бұрылу центріне жақын орналасқан басқарылушы доңғалақ екінші доңғалакқа қарағанда үлкен бұрылыс жасап бұрылуы тиіс. Бас-қарылушы доңғалақтардың екеуін бір мезгілде әр түрлі бұрышқа бұру рульдік трапецияның көмегімен іске асырылады.
Беріліс қорабы жұмыс жағдайларына байланысты трактордың немесе машинаның тарту күші мен жылдамдығын өзгертуге қызмет етеді. Беріліс қорабын қолдана отырып қозғалыс бағытын өзгертуге болады.
Беріліс қорабының əрекеті қозғалтқыштың иінді-білігінен айналу моментін беріліс арқылы шассиге берілетіндігіне негізделген.
Жетек білігіне қарағанда қозғалтқыш білігінің жылдамдығы неше есе өзгеретінін немесе қозғалмалы беріліс доңғалағынан қанша есе үлкен (кішірек) болғандығын көрсететін сан беріліс коэффициенті деп аталады. Егер беріліске бірнеше жұп берілістер қатысса, онда беріліс коэффициенті беріліске қатысатын барлық жұп берілістердің коэффициенттерін көбейту арқылы алынады. Жетек білігінің қозғалмалы берілістері беріліс қорабының (1.51-сурет) ауыстыру тұтқасынан 7 шанышқылар 5 арқылы қозғалады, олар бағыттағыштар бойымен 9 сырғанағыштармен бірге қозғалады. Берілген берілісті бекіту үшін жəне өздігінен ауысудың алдын алу үшін 8 құлыптар қарастырылған. Екі шестернияның бір уақытта қозғалуын жəне екі берілістің қосылуын болдырмау үшін, қорапта бағыттаушы тақтасы 6 бар.
Беріліс (сатылы) қораптары келесі өлшемдерге сəйкес жіктеледі:
біліктер саны: екі, үш, төрт білік;
бойлық оське қатысты біліктердің: бойлық жəне көлденең орналасуы
беріліс əдісі: жылжымалы жəне тұрақты берілістермен;
редукторды өзгерту механизмінің түрі: механикалық, гидравликалық жəне автоматты;
беріліс саны немесе алға беріліс саны: төрт, бес, алты жəне т.б.
жылжымалы шанышқылардың саны : екі, үш жəне төрт жақты;

Дифференциал - айналдырушы моментті трактор немесе автомобильдің жартылай өстеріне үлестіруге жəне жетекші доңғалақтардың айналуының түрліше жиілігін қамтамасыз етуге арналған планетарлы механизм. Бұрылғанда немесе тегіс емес жолмен жүргенде доңғалақтар ұзындығы əртүрлі доғамен қозғалады. Егер доңғалақтар тұтас білікте орналастырылса, онда олардың қозғалысы сырғанауға, шиналардың шектен тыс тозуына əкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан жетекші доңғалақтар дифференциалмен байланыстырылған жеке біліктерге - жартылай осьтерге орнатылады. Тракторларда негізінен конустық шестернялы дифференциалдар кеңінен қолданылады.
Бас беріліс жалпы беріліс санын ұлғайтуға жəне айналдырушы моментті дифференциал немесе бұру механизмі жəне түпкі беріліс арқылы трактордың немесе автомобильдің жетекші доңғалақтарына жеткізуге арналған.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар

Дифференциалдың қызметі?
Беріліс (сатылы) қораптары қалай жіктеледі?
Басты берілістің қызметі қалай?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Беріліс қорабы
Автоматты беріліс қорабының ақаулары
Беріліс қорабын диагностикалыу құралдары
Беріліс қорабының ақауларын жөндеу
Беріліс қорабының бөлшектерін тексеру
Автокөлікті орнынан қозғау және берілістерді ауыстыру
Автоматты беріліс қорабын басқару
Көліктердің қозғалыс қауіпсіздігі және басқару техникасы
Комбайн жаткасы
Пәндер