Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Негізгі гидравликалық жүйе

Сабақтың тақырыбы: Негізгі гидравликалық жүйе. Негізгі гидравликалық жүйе сипаттамасы. Комбайндың гидравликалық жүйесі.
Топтар
ТР 9-192

Сабақ өтетін күн
12.04.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

Гидравликалық жүйенің атқарушы жұмыс органы не?
Гидрокөлемді рульдік басқарудың әрекет ету схемасы қандай?
Комбайнды гидрокөлемді құрылғымен басқарғанда қандай вариант кездеседі?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Гидравликалық жүйенің атқарушы жұмыс органы -- гидроцилиндр. СК-4, СК-4А және СКД-5 комбайндарында тоғыз гидравликалық цилиндр бар; оның жетеуі бір жақты, ал екеуі -- екі жақты әрекет етеді.
Комбайндарда бір-біріне тәуелсіз екі гидравликалық жүйе бар: негізгі (жұмыс органдары) және рульдік басқару. Біріншісі жи-науыштың немесе қалбағайдың айналыс жиілігін, қырқу аппараты мен салыстырғанда қалбағайдың орналасу қалпын, жатканың биіктігі бойынша орналасуын, комбайнның жүріс жылдамдығын және шөмелелегіштің.жабылуын реттеу үшін қажет. Екінші жүйе басқарылушы доңғалақтардың бұрылуын оңайлату міндетін атқарады.
СК-5 және СК-6-ІІ комбайндарының гидравли-калық жабдықтары, сондай-ақ олардың жаңартылған түрлері (СКПР-5, СК-6, СКПР-6 т. б.) мынадай гидрожүйеден тұрады:
а) негізгі, комбайнның жұмыс органдарьш қамтамасыз ететіндер;
ә) рульмен басқарылатын гидрожүйе, комбайнды жүргізуді жеңілдетеді.
СК-5 комбайнында негізгі гидрожүйе мы-надан тұрады: гидронасос (НШ-32У) сақтандырғыш клапан, золотнйкті бөлгіш, жеті плунжерлі гидроцилиндрлер және бір поршеньді (екі жақты әрекет ететін) гидроцилиндр, ш нақтың екі вибраторы және шөмелелегіштің арнайы бөлгіші.
Рульмен басқарылатын гидрожүйе НШ-10Е гидронасосынан, насос-дозатордан , бөлгіштен және поршеньді цилиндрден тұрады.
СК-4, СК-4А және СКД-5 комбайндарының рульмен басқа-рылатын гидрожүйелерінде рульдік тартпа бар, ол рульдік доңға-лақты гидроцилиндрді басқаратын золотникпен жалғастырған. Басқаша айтқанда, олардың байланысы механикалық болады. СҚ-5 және СК-6-ІІ комбайндары гидрожүйесінің айырмашылығы сол, онда рульдік тартпа жоқ және рульдік доңғалақ пен басқарылушы доңғалақтың арасындағы байланыс гидравликалық жолмен жүзеге асырылады. Алғашқы шығарылған СК-5 комбайндары ` СК-4, СК-4А және СҚД-5 комбайндар сияқты механикалық жетегі, яғни рульдік тартпасы бар рульдік басқарумен қамтамасыз етілген болатын.
Гидронасостың қызметі -- двигательдің механикалық энергиясын жұмыстық сұйықтықтын, (әр түрлі оорттағы майлар) ағын энергиясына айналдыру.
Бұрын комбайндардың двигателіне НШ типтес насостар орна-тылатын -- негізгі гидрожүйе үшін НШ-32Э және рульмен басқа рылатын гидрожүйе үшін НШ-10Д. Маркадағы цифрлар (32 және 10) насосқа оның шестернялары бір айналғанда берілетін жұмыс-тық май көлемін (см[3]) көрсетеді. Кейінгі жылдары біршама же-тілдірілген гидронасостар өндіру игерілді -- НШ-32У негізгі гидро-жүйе үшін және НШ-10Е рульмен басқарылатын гидрожүйе үшін жасалған.
НШ-32Э және НШ-10Д гидронасостары. НШ-32Э және НШ-10Д гидронасостары бір типтес, олардың бір-бірінен айырмашылығы тек мөлшері мен өнімділігінде ғана. Мәселен, НШ-32Э насосында шестерняның диаметрі 55, оның тістерінің ұзындығы 22 мм, ал НШ-10Д-да бұл мөлшерлер тиісінше 39 және 16 мм тең, Бірінші насостың шестернясында 8, ал екіншісшде -- 10 тіс бар,
Насос мынадай негізгі детальдардан тұрады: қақ-пақты корпус , цапфасымен бірге жасалған екі шестерня; төрт өзара ауыстырмалы втулка; жүк түсіретін пластина нығыздауыш сақинасымен ; сору және айдау штуцерлері.
Комбайнға аспалы шөмелелегішті орнату баскарылатын донғалақтың жүктемесін арттырды. Сол себепті комбайнньщ рульдік доңғалағын шөмелелегішімен қоса бұру қиынға түседі. Осыған орай жүргізушінің жұмысын жеңілдету мақсатында басқару механизміне гидравликалық құрылғы енгізілген. Мұндай жағдайда жүргізушіге гидравликалық құрылғыны қосуға онша көп күш түспейді де, басқару доңғалағын қажетті жағына бұруға мүмкіндік береді.
Басқару доңғалағындағы гидрожүйенің негізгі агрегаттары, -- насос золотник және гидроцилиндр.
Золртник корпустан, оған престеліп бекітілген бөлгіш втулкадан, золотниктіктің өзінен және стаканмен қоса стакан корпусынан тұрады. Втулка мен золотник біріне-бірі дәл қиюластырылған, сондықтан оларды ажыратуға болмайды. Золотник пен стакан бір-бірімен жалғанған, ол үшін біріншіде саңылау, ал екшшіде -- цилиндрлі қалпақша бар. Стакан корпуста орналасқан, онын, алдында және артында 2 мм саңылауы бар. Мұндай қашықтыққа стаканмен қоса золотник те орналаса алады.
Стакан тығынның , екі сухариктің және серіішенің көмегімен басқару доңғалағындағы бұру механизмі рычагының саусақтарына жалғанады. Тығынды бұрап бекіткенде серіппенің толық сы-ғылуына 0,25 -- 0,50 мм қалатындай етеді. Стаканда автотербелісті сөндіргіш бар. Ол резиналы және серіппелі екі сақинадан тұ-рады, мұнда серіппелі сақина резиналы сақинаны қақпақтың бетіне қысып тұрады.
Золотник манжетпен нығыздала тұрса да, кейде май ағады. Бұлай болған жағдайда май канал арқылы ағады.
Бөлгіш втулкадағы төрт тесіктің мақызын қарастырайық. Тесікке май насостан. келеді де, тесіктен ол ағызу магистралына кетеді. Тесіктер , шланга арқылы басқару доңғалағының гидравликалық цилиндріне жалғанған. Барлық төрт тесік бөлгіш втулканың ішкі қуысы арқылы былай жалғанған: тесіктер , дөңгелек тесік арқылы, ал тесіктердіқ , әрқайсыеы -- үш жұп саңылау арқылы жалғасқан. Әрбір жұп саңылаудыд бұрыштық қашықтығы 120°.
Золотникке екі енді , және екі енсіз , сақиналы белдеу жасалған. Бұл белдеулер втулкамен бірге үш дөңгелек қуыс құрайды: айдау , ағызу . Ағызу қуысы бір-бірімен золотникке бойлық және радиалды каналдармен жалғанған.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар

Гидравликалық жүйенің атқарушы жұмыс органы не?
Гидрожүйенің негізгі агрегаттары нелер жатады?
Гидронасостың қызметі не?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Бөлгіш және гидрокөлемді рульдік басқарудың әрекет ету схемасы
Автомобильдің пневматикалық және гидравликалық тежеу жүелері
САБАҚ ЖОСПАРЫ. Сабақтың мақсаты
Автомобильдің тежеу жүйелері
Жол қозғалысы белгілері және қолдану
САБАҚ ЖОСПАРЫ. Сабақтың түрі
Рульдік механизмдер
Гидравликалық машиналар
Арқандық жетекпен іліністы реттеу
Рульдік басқарудың ақауы
Пәндер