Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Астық кептіргіш
Сабақтың тақырыбы: Дән тиеуштер. Дәнді кептіргіштер.
Топтар
ТР 9-192
Сабақ өтетін күн
12.04.2021
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Дәнді тазалау және сұрыптаудың мақсаты қандай?
Дән тазалау машиналары қалай жіктеледі және пайдаланыла - ды?
Дән тазалау машиналары қандай агротехникалық талаптарға сай болуы керек?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Астық тиеуіштер. ДА-60А өздігінен қозғалатын дән атқыны дән қоймалары мен ашық қырмандарда тиеу-түсіру жұмыстарын механизациялау кезінде, астықты көлік құралдарына тиеу, астық үйінділерін аударыстыру, бөлу және қалыптастыру үшін қолданады.
Дән атқының жүріс доңғалақтарында құрастырылған жақтауы, екі қоректендіргіші бар тасымалдағыштан, электр жабдығынан, бұру жақтауынан, триммерден, өздігінен қозғалатын механизмнен тұрады.
Тиейтін тасымалдауыш жұмыс қалпына шығыр арқылы келеді.
Технологиялық үдеріс келесідей үлгіде жүзеге асырылады. қоректендіргіш қырғышы астықты бастиектің төменгі ортасына жылжытады. Тасымалдауыш қырғышы астықты алып кетіп, оны триммердің бағыттаушы келте құбырына жеткізеді. Триммер астықты биіктігі 4,5 м үйіндіден асыра лақтырып, оларды көлік құралдарына тиейді. Триммер әр жаққа 900 дейінгі бұрылыс жасайды, сондықтан да астықты көлік құралдарына тиеуді үздіксіз жүзеге асыруы мүмкін.
ӨҚАТ-100А өздігінен қозғалатын астық тиеуіш, ДА-60А дән атқысы секілді жұмыстарды атқарады.
Осы астық тиеуіштер құрастырымдық құрылғы бойынша ДА-60А дән атқыға ұқсайды.
ДА-60А дән атқысына қарағанда, ӨҚАТ-100А астық тиеуішінің өзгеше ерекшелігі, ол триммермен бірге жолақты тасымалдауышпен жарақталуы болып табылады.
Бұл тасымалдауыш бұрылатын бағанада құрастырылған, ол оны триммер секілді, екі жағын да 90о бұруға мүмкіндік береді, бұл мына әрекеттерді жүргізуге ықпалын тигізеді: астықты көлік құралдарына үздіксіз тиеу, астықты тиеу үшін тең етіп бөлу, астық тиеуіштің екі рет өтуінен кейін бір тырмамен үю, кептіру үшін жұқа қабатпен қырманға астықты бытыратып орналастыру және оны қайтадан үйіп жинау.
Астық кептіргіш. Астықты ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ету оны құрғату арқылы қол жеткізіледі. Ұзақ уақыт сақталуға жіберілетін астықтың (бидай, қарабидай, сұлы, жүгері, тары) ылғалдылығы 14 - 15 % аспауы қажет. Жинау кезінде астықтың ылғалдылығы 20 - 22 % дейін, ал жаңбырлы ауа-райында 30 % дейін жетуі мүмкін. Астық құрамындағы артық ылғал табиғи немесе жасанды құрғату арқылы кетіріледі. Ылғалдылығы 18 % аспайтын жиналған астықты сұрыпталған күйге ауа немесе күнмен құрғату арқылы қол жеткізіледі. Ылғалдылығы анағұрлы жоғары астық, жасанды немесе газ ауа құрғатуына ұшырайды. Ауамен немесе күн сәулесі арқылы кептіру кезінде астық дәндері қырманға 10-15 см қабатпен төгіліп, қайта - қайта аударыстырылады. Ауамен кептіру барысында, астықтың ылғалдылығы 1 %, ал күн сәулесімен кептіру кезінде 2 - 3 % төмендейді. Дәннің жүк тиеуіштен бір рет өткен кезде оның ылғалдылығы 0,5 % дейін төмендейді. Астық кептіргіш арқылы бір рет өткізілген кезде ылғалдылығы 12 - 14 % төмендейді.
Кептіру кезінде астықты қыздыру температурасының үлкен маңызы бар. Астықты шекті температурадан жоғары қыздыру кезінде сапасы төмендейді, оның шығымдылығы азаяды. Қыздыру температурасы дәнді дақылға, қолданылуына, астықтың бастапқы ылғалдылығына және кептіру түріне байланысты. Масақты дақылдың азықты дәнін кептіру кезінде жылу тасығыштың температурасы 100 - 1100 С, астықты қыздыруды 45о С дейін жеткізу керек, тұқымдарды кептіру кезінде қыздыруды 40о С дейін төмен төмендетеді.
Кептіргіштер келесідей үлгідн жіктеледі. Кептіргіш құрылғы түріне қарай кептіргіштер шахталық және барабанды болады.
Шахталық кептіргіште астық тік орналасқан шахтада кептіреді. Астық шахталық кептіргішке (12.1-сур.) жоғарыдан келдіп түседі. Кептіретін камерадағы қорап шахмат тәртібінде орналасқан, олар төменнен ашылады. Қорап біреуі екіншісінен болар-болмас ара қашықтықта орналасқан.
Кептірер алдында қораптар арасындағы кеңістіктің бітелуін болдырмау үшін ұзын және жеңіл қоспалардан астық салмағын тазартады. Қораптар арасындағы астық өз салмағының әсерінен төмен қарай қозғалады. Жылу тасығыш қозғалып тұрған астыққа қарсы беріледі. Жылу тасығыш кептіретін камераға, су астындағы құбыр желісі жағынан 2 ашылған қорап астымен 4 келіп түседі, ал қарама - қарсы шет жақ қабырғаға тіреледі. Өңдеуші жылу тасығышға апарылатын қорап 3, шеткі жақта ашылған. Кептіргіш камера астымен салқындатқыш камера құрастырылған. Су астындағы камераға ауп жіберіледі, ал апаратын қораптар арқылы ауа сыртқа шығарылады.
Астықтың өту жылдамдығын салқындатқыш камерамен қайтымды-ілгерімелі ауысатын, саңылаулы бекітпелердың қозғалысы арқылы реттеледі.
Кептіретін шахталардан шығатын, астықты салқындатуға арналған замануаи стационарлы шахталы астық кептіргіштер, салқындатқыш бағаналармен жарақталған. Бұл бағаналар құрамына екі тік цилиндр кіреді, кеңістікте олардың арасына астық салынады. Ауа өтуі үшін цилиндрлердің жұмыс бөлігі тесілген. Салқындатылған астық, бағананың төменгі бөлігінде орналасқан желбезекті бекітпе арқылы кетеді. Бекітпе, кептіргіш үстіндегі бункердегі астықтың жоғарғы деңгейіндегі қадаға автоматты түрде іске қосылған кездегі тежегіш-редуктордан, сонымен бірге төменгі деңгейдегі қадаға іске қосылғанда қозғалады.
Барабанды кептіргіште кез келген ылғалдылықтағы қоқым-соқым басқан астық массасын кептіреді. Барабанды кептіргіште астық массасы айналып тұрған барабан бөліміне келіп түседі. Барабанның айқастырмасы мен қалақшасы астық массасын көтереді, содан кейін оны барабанның қасына лақтырып тастайды. Астықты масса ағыны арқылы жылу тасығыш өтеді. Кептірілген астық массасы салқындатқыш камераға келіп түседі. Азықты астықты кептіру үшін жылу тасығыштың температурасын 180 - 200о С дейін, ал тұқымдарды кептіру үшін 140 - 160о С дейін жеткізеді. Барабанды астық кептіргіште астық ылғалдылығы бір рет өткенде 8 % төмендейді. Барбанды астық кептіргіштердің артықшылықтарына, кептіру кезінде оларда автоматты түрде реттелуі және оларды орналастыру үшін биік үй-жайлардың қажет болмайтындығын жатқызуға болады.
СБАК-8А станционарлы барабанды астық кептіргіші ылғалдылығы мен бітелгіштік дәрежесі әртүрлі жемшөп және тұқым дәнін кептірк үшін арналған. Кептіргіш кептіру агрегатынан және салқындатқыш камерадан тұрады.
Кептіргіш құрамына жағатын бөлім 4 (12.2-сур.), тиейтін құбыр 5, жалғастырғыш тетік 3, көтеретін қалақты жүйесі бар кептіретін барабан, түсіргіш камера 21, желдеткіштер 11 және 14, нория 19, жетек станциясы 2, ауа өткізгіш және жылу жүйесі кіреді.
Технологиялық кептіру барысы келесідей үлгіде жүреді. Жұмыс барысында, тиейтін құбырға 5, тиейтін камераға 5 келіп түсетін астық массасы, қалақшаға 6 төгіледі, ал ол болса бұл массаны кептіретін барабан бөліміне жөнелтеді. Шағын сөрешелер 9 астық массасы үлесін алып алып, оны жоғары қарай көтереді, сосын оны төмен қарай лақтырып тастайды. Жылу тасығыш, барабан арқылы ілесе отырып, сөреден берілген осы массаны үрлейді және оны қыздырады. Қыздыру барысында тұқымнан шыққан ылғал буға айналып, жылу тасығышпен қармалып, осылайша кептіргіштен шығарылады. Қолданылған жылу тасығышты желдеткіш 11 ауаға шығарады. Барабан арқылы ілесетін жылу тасығыш көлемін, желдеткіштің кедергішімен, кептірілетін тұқымның сындарлы жылдамдығын есепке ала отырып реттеледі.
Ылғалдың булану жылдамдығы астықты қыздыру температурасына тепе-тең арттырылады, бірақ оны аграрлық техникалық талаптарда көзделген көлемге дейін ғана арттыру ұсынылады. Астықты қатты қыздырып жіберу протоплазманың жойылуы мен астықтың тірі ағза секілді опат болуына әкеліп соқтырады.
Барабаннан, желбезекті бекітпемен 22 үздіксіз тиелген, кептірілген астық массасы, қамбаға 19 кіреді, жоғарғы жағынан салқындатқыш бағанаға тиеледі. Желдеткіш 14 арқылы берілетін салқын ауа, осы массаны өкпектейді, оны ішкі цилиндр бойымен 13 салқындатып, желдеткішке орналады. Желбезекті бекітпе 18 салқындатқыш бағанадан шыққан астықты түсіреді.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
ДА-60А өздігінен қозғалатын дән атқыны қызметі қандай?
ДА-60А дән атқысына қарағанда, ӨҚАТ-100А астық тиеуішінің ерекшелігі қандай?
СЗСБ-8А құрғатқышы қандай құрастыру қондырғыларынан бірліктерінен тұрады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz