Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Автокөліктің бұзылуы, бірақ жұмысқа қабілетті болуы зақымдану

Сабақтың тақырыбы: Пәннәң мақсаты мен міндеттері
Топтар
Асл 9-182

Сабақ өтетін күн
10.11.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Автокөлікті пайдалану үдерісінде оның жұмыс істеу қасиеттері бөлшектерінің тозуы себебінен, сонымен қатар олар дайындалған материалдың жемірілуі мен шаршауынан біртіндеп нашарлай бастайды. Автокөлікте техникалық қызмет көрсету (ТҚК) мен жөндеуде қалыпқа келтірілетін жарамсыздықтар мен ақаулықтар пайда болады.
Нормативтік-техникалық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін автокөлік жарамды деп есептеледі. Автокөліктің жұмыс істеуге қабілеттілігінің жарамды автокөліктен айырмашылығы қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін тағайындаулар бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін талаптарды қанағаттандыруы керек. Жұмысқа қабілетті автокөлік бұзылған болуы да мүмкін, мысалы, сыртқы түрінің нашарлауы, қозғалтқыштың майлау жүйесіндегі қысымның төмендеуі.
Автокөліктің бұзылуы, бірақ жұмысқа қабілетті болуы зақымдану; ал оның жұмысқа қабілетсіз күйге түсуі істен шығу деп аталады.
Жөндеу жүргізуге бұзылған немесе жұмысқа қабілетсіз бөлшектерді қайта қалпына келтіру және автокөлік бұйымдары ресурстары мен олардың құрамдас бөліктерінің жұмыстарын қалпына келтіру операцияларының кешені жатады.
Автокөліктерді жөндеудің қажеттілігі мен пайдалылығы олардың құрамдас бөліктерінің (құрастыру бірліктері мен бөлшектері) беріктік теңдігіне жинақталған. Барлық бөлшегі біркелкі тозған және қызмет ету мерзімі бірдей тең берікті автокөлік құрастырудың мүмкін еместігі белгілі, сондықтан автокөлікті пайдалану үдерісінде автокөлік кәсіпорындары (АКК) үнемі ТҚК-ден және қажет болған жағдайда жекелеген бөлшектері мен агрегаттарын ауыстыратын ағымдағы жөндеуден (АЖ) өтеді. Бұл автокөліктің техникалық жарамды қалыпта болуына мүмкіндік береді.
Автокөлікті ұзақ уақыт пайдаланған кезде оның жай-күйі АКК талабымен жөндеу жүргізуге техникалық мүмкін болмайтындай немесе экономикалық жағынан тиімсіз жағдайға жетеді. Мұндай жағдайда олар автожөндеу кәсіпорындарына (АЖК) орталықтандырылған ағымдағы немесе күрделі жөндеуге (КЖ) жіберіледі.
Ағымдағы жөндеу кезекті жоспарлы жөндеу жүргізуге дейінгі жүруіне, автокөліктің жұмысқа қабілеттілігіне кепілдік беруін қамтамасыз етуі керек, автокөліктің ол жүрген жолы кезекті ТҚК-2 дейін жүретін жолдан кем болмауы тиіс. Автокөлік істен шыққан жағдайда жоспардан тыс АЖ жүргізіледі, онда автокөліктің техникалық жай-күйі анықталатын көлемде бөлшектері мен құрастыру бірліктерін ауыстырады немесе қалпына келтіреді.
Күрделі жөндеу автокөліктің немесе агрегаттың негізгі бөлшектерін қоса алғанда, кез келген құрастыру бірлігі мен бөлшегін қалпына келтіріп, тиісті бөлшектерін ауыстыру арқылы жарамдылығын және толық ресурсын (не толық ресурсқа жақындығын) қамтамасыз етуі керек. Бұйымдарды құрастыру бірліктері мен басқа да бөлшектерге жалғастыра отырып жинайтын бөлшек негізгі деп аталады. Қаңқа автокөліктің негізгі бөлшегі болса, ал агрегаттың негізгі бөлшегі корпустық бөлшек, мысалы, қозғалтқыштың цилиндрлер блогы, берілістер қорабының картері болып табылады.
Автокөлік бөлшектерінің қалдық ресурстарын пайдалану оларға КЖ жүргізудің экономикалық тиімділігінің негізгі қайнар көзі болып табылады. КЖ-ге келетін 70...75 %-дай автокөліктердің бөлшектері не жөндеусіз, не шағын жөндеу жүргізгеннен кейін қайта қолданылуы мүмкін.
Өз ресурсын толық атқарған және ауыстыруға жататын бөлшектер барлық бөлшектің 25...30%-ын құрайды. Бұлар - поршеньдер, поршень сақиналары, мойынтірек теңселісі, резеңкелі техникалық бұйымдар және т.б. Жұмыс істеуге жарамды, оларды жөндеу жүргізусіз қолдануға болатын бөлшектер саны 30...35 %-ға жетеді. Автокөліктің қалған бөлшектерін (40...45%) оларды қайта қалпына келтіргеннен соң ғана пайдалануға болады. Оларға, көбіне, автокөліктің күрделі, металсыйымды және қымбат тұратын бөлшектері, атап айтқанда цилиндрлер блогы, иінді және үлестіруші біліктер, цилиндрлердің бастиегі, берілістер қорабы мен артқы белдіктің картерлері және т.б. жатады. Бұл бөлшектерді қалпына келтіру құны дайындау құнының 10...50 % -нан аспайды.
Автокөліктер мен олардың құрамдас бөліктерін КЖ өзіндік құны, әдетте, жаңа балама бұйымдар құнының 60...70 %-нан аспайды. Осы ретте металл мен энергетикалық ресурстарды барынша үнемдеуге болады. Біздің еліміздің өнеркәсіптік әлеуетінде әрқашан маңызды орын алатын автожөндеу өндірісін дамыту бір орталықтан жөндеу жүргізудің жоғары тиімділігін көрсетеді. Автокөліктер мен олардың құрамдас бөліктеріне бір орталықтан жөндеу жүргізудің көлемі кейбір ұстанымдар бойынша оларды өндіруден асып түсті.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Дигностика технологиясы мақсаты?
Диагностикалаудың қызметтері қандай?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Электрондық басқару блогы
Сөйлеу дыбыстарын айту
Жарақаттың түрлері
Компьютерлік және биологиялық вирустар
Сынудың түрлері
Жара асқынуларынан сақтандыру
Автомобиль элементтерінің техникалық жағдайын диагностикалау
Автокөлікті жөндеуші слесарь
Зиятында ауытқушылықтары бар балаларға диагностика жасау
Автокөліктің жалпы құрылымы
Пәндер