Аспа құрылымындағы саңылаулар мен амортизаторларды диагностикалау және тексеру стендтері

Сабақтың тақырыбы: Аспа құрылымындағы саңылаулар мен амортизаторларды тексеруге арналған стендтер.

Топтар
Асл 9-182
Топтар: Сабақ өтетін күн
Асл 9-182: 27. 11. 2020
: 28. 11. 2020
:
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

1. Қозғалтқышты диагностикалау оның техникалық күйiн анықтауда неден бастайды?

2. Қозғалтқыштың жеке жүйелерін және жалпы кешендi диагностикалауды қалай жүргізеді?

3. Цилиндрлі-поршенді топтың техникалық жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер ата?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Аспа құрылымындағы саңылаулар мен амортизаторларды тексеруге арналған стендтер.

Жүріс бөлігін диагноздау шкворенди және шарлы байланыстардың саңылауларын, доңғалақ ступицаларындағы мойынтірек люфттарын жуйелі түрде тексеруге, рессорлы аспа мен амортизаторлардың жағдайын бағалауға негізделеді.

Рессор мен серіппені тексеру, әдетте жутелген автомобильдерде де, жүктелмеген автомобильдерде де (серіппе ұзындығы мен рессордың иілу бағыты) геометриялық өлшемдері бойынша жүргізіледі. Амортизатордың ақауларын оны шешкенде ғана жөнделетіндіктен, диагностикалаудың мақсаты тек амортизатордың ақауын анықтау ғана болып саналады. Амортизаторларды диагноздау әдістерінен көп қолданыс тапқан тек екі әдіс қана болып табылады

Бірінші әдіс қолдан жасалған кедергі баспалдағының бойымен жүріп өткенде пайда болатын шанақтың тербеліс амплитудасының бәсеңдеуін анықтауға негізделген. Әдетте шанаққа бекітілетін қабылдаушы қондырғы еркін өшетін шанақ тербелісінің санын анықтайды немесе оларды диаграмма турінде түсіріп отырады. Қабылдағыш қондырғының екі жерде орнатылуымен, яғни қанатына (крыло) және доңғалаққа орнатылуының есебінен әдістің дәлдігін арттыруға болады.

Екінші әдіс тербеліс ең жоғарғы кризистік диапазонында болған кезде бастапқы жиілік бере отырып, аспада еріксіз тербеліс тудыруға негізделген. Бұл үшін автомобиль доңғалақтарын динамикалық ауданға орнатады, ол аралық серпімді элементтер арқылы кривошиптін көмегімен қайтарымды-ілгерілемелі қозғалысқы келтіріледі. Аспаның жағдайын резонанс нүктесін қоса алғанда, барлық төменгі жиіліктегі диапазондар арқылы өтетін аспа тербелісінің бәсеңдеу диаграммасымен бағалайды.

IV. Бағалау

А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;

Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Автокөлiктердiң доңғалақтарының басқарылуларының бұрыштарының тексеруi үшiн электр - оптикалық стендтердiң конструктивтiк құрылым және әрекет ету қағидаты қандай?

2. Автокөлiктердiң доңғалақтарының басқарылуларының бұрыштарының тексеруi үшiн үш өлшемдi стендтердiң әрекет ету қағидаты қандай?

3. Автокөлiктердi аспа құрылымындағы бәсеңдеткiштер және саңылауларды тексеру үшiн құрылымдардың негiзгi түрлерiн санап шығыңыз.

4. Тағайындау және диагностикалық кешендердiң архитектураның құрастыруының негiзгi қағидалары қандай?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.

V. Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасы

  1. Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
  2. Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Беріліс қорабы мен аспа бөлшектерінің техникалық күйін тексеру әдістері
Кардандық беріліс агрегаттарын диагностикалау және техникалық тексеру әдістері
Автомобильдердің салқындату жүйесін диагностикалау: құралдар, ақаулар және тексеру әдістері
Қозғалтқыштарды диагностикалау қондырғылары мен әдістері
Радиатордың жағдайы мен бекітілуін тексеру: желдеткіш жүйесін диагностикалау және ақауларды жою
Алдынғы және артқы аспа жүйесін бөлшектеу және компоненттерін дефектациялау әдістері
Жарты ось шпилькаларының бұрандаларын тексеру және артқы жүріс бөлігінің шуды диагностикалау
Автомобиль аспаларын диагностикалау технологиясы және тестілеу әдістері
Автомобильдерді диагностикалау: әдістері, құралдары және талаптары
Рульдік басқаруды техникалық қызмет көрсету, диагностикалау және жөндеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz