Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау

Сабақтың тақырыбы: Автокөлік блок диограммасының диагностикасы (блок схема).
Топтар
Асл 9-182

Сабақ өтетін күн
13.11.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
1. Шырайналдырғы мен түйісу бұрыштарын диагностикалауға арналған Launch X-931 Touchless стенді қандай негізгі тораптардан тұрады?
2. <> тежегіш стендінің құрылымы мен жұмыс істеу принципі қандай?
3. Мотор-тестермен анықталатын қозғалтқыштың техникалық жай-күйінің параметрлерін атаңыз?
4. Мотортестерлердің артықшылықтары мен кемшіліктері?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Автокөлік блок диограммасының диагностикасы (блок схема).
Заманауи автомобильдерде стандартты ажыратқышы бар OBD ағытпасы арқылы диагностика жасау үшін борттық компьютерге арнайы адаптерді немесе сканерді қосуға болады және кез келген автомобиль жүргізушісіне толық диагностиканы өз бетінде жүргізе алады. 1996 жылдан бастап АҚШ-та жаңадан шығарылатын автомобильдер үшін міндетті болып табылатын OBD 2 стандартының екінші тұжырымдамасы әзірленді.
OBD 2 ағытпасының орналасқан жері мен стандартты сұлбасын біле отырып, автокөлікті өзіңіз тексере аласыз. OBD 2 жан-жақты енгізілуініңарқасында автомобильді диагностикалау кезінде автомобильдің маркасы мен моделіне қарамастан бірдей болатын қате кодын алуға болады.
OBD 2 мақсаты: диагностикалық ағытпа түрін; диагностикалық ағытпаның сұлбасын анықтау; байланыстың электрлік протоколдары мен қатынас форматын айқындау. OBD - 2 деректер алмасу бойынша 5 протоколды қолдайды.
OBD 2 диагностикалық ағытпасының сұлбасында борт желісінен арнайы қуат көзі істікшесі болады, бұл қосымша электр тізбектерінсіз кез келген сканерлер мен адаптерлерді пайдалануға мүмкіндік береді. Егер бұрын диагностика протоколдары қандай да бір проблеманың болуы туралы жалпы ақпаратты көрсеткен болса, қазір диагностикалық құрылғының автомобильдің электрондық блоктарымен байланысының арқасында нақты ақау туралы толық ақпаратты оқуға болады.
Әрбір қосылатын диагностикалық жабдық міндетті түрде үш халықаралық стандарттардың біріне сәйкес келеді: CAN; SAE J1850; ISO 9141-2.
Диагностика үшін OBD 2 сұлбасы бар диагностикалық ағытпаның орналасуы әр түрлі автомобильдерде ерекшеленуі мүмкін. Орналастыру үшін арналған бірыңғай стандарт жоқ, сондықтан мұндай жағдайларда автомобильді пайдалану нұсқаулығына жүгіну қажет.
Диагностикалық ағытпаның кең таралған бірнеше ортақ орналасу нүктелері:
- жүргізушінің сол тізесі маңындағы аспаптар панелінің төменгі қаптамасының ойығында;
- аспаптар панелінің орталық бөлігінде орнатылған күлсалғыш астында (кейбір Пежо модельдері);
- аспаптар панелінің төменгі бөлігінде немесе орталық консольде (көбіне VAG концернінің өнімінде);
- аспаптар панелінің артқы жағында қолғап жәшігінің корпусы артында (Ладаның кейбір модельдері);
- тұрақ тежегіші рычагының аумағындағы орталық консольде (кейбір машиналарда кездеседі);
- шынтақшаның төменгі бөлігінде (француз автомобильдерінде таралған);
- мотор қалқанының жанында капот астында (корей және жапон өндірісінің кейбір машиналарына тән).
OBD 2 сұлбасымен ағытпалар түрлері
2000 жылдардың басында ағытпаның сыртқы түріне қатаң талаптар қойылған жоқ және көптеген автоөндірушілер құрылғының конфигурациясын өз бетінше тағайындаған. Бүгінгі күні OBD 2 ағытпасының екі түрі бар (3.8 және 3.9- суреттер, А типі және В типі ретінде белгіленген)).
Екі істікше де іс жүзінде сыртынан бірдей көрінеді және 16-пин шығымы бар (сегіз контактіден екі қатар), айырмашылық тек орталық бағыттаушы қималар арасында бар.
Қалыптардағы пиндерді нөмірлеу солдан оңға қарай жүргізіледі, бұл ретте жоғарғы қатарда 1-8 нөмірлерімен, ал төменгі қатарда -- 9-дан 16-ға дейін нөмірлермен байланыс болады. Корпустың сыртқы бөлігі 57

дөңгелектелген бұрыштары бар трапеция түрінде жасалған, бұл диагностикалық өткізгіштің сенімді қосылуын қамтамасыз етеді.

3.8-сурет. Ағытпалардың әр түрлері -- A типі сол жақта және B типі оң жақта

Төменде стандартпен айқындалған OBD 2 сұлбасының ажыратқышы бар контактілердің схемасы мен қолданыс мақсаты көрсетілген (3.9-сурет).
OBD 2 ағытпасының зауыттық сұлбасының үлгісі ретінде Хендай Соната автокөлігін алуға болады, онда пин 1 - ге бұғаттауға қарсы жүйені басқару блогынан сигнал беріледі, ал пин 13-те басқару блогынан және үрілген қауіпсіздік көпшіктерінің датчиктерінен сигнал беріледі.
Жұмыс хаттамасына байланысты мынадай сұлба нұсқаларына рұқсат етіледі:
ISO 9141-2 стандартты протоколын пайдаланған кезде, ол пин 7 арқылы белсендіріледі, бұл ретте 2 және 10- пиндері ажыратқышта белсенді болмайды. Деректерді беру үшін 4, 5, 7 және 16 нөмірлері бар шығыстар қолданылады (кейде 15 нөмірі бар пин іске қосылуы мүмкін).
Сонымен қатар, VPW (Variable Pulse Width Modulation) нұсқасында SAE J1850 типті хаттамада 2, 4, 5, сондай-ақ 16 пиндері іске қосылады. Ағытпа американдық және еуропалық Дженерал Моторс автокөліктеріне тән.
PWM (Pulse Width Modulation) режимінде J1850-ді пайдалануда қосымша 10 шығысы қарастырылған. Ағытпаның бұндай түрі Ford концернінің өнімінде қолданылады. J1850 протоколы үшін кез келген түрде 7 нөмірі бар шығыс пайдаланылмайды.

3.9-сурет. Істікшелердің жалпы сипаттамасы. 1 - резервтік, осы пинге автомобиль дайындаушы зауыт орнатқан кез келген сигнал шығарылуы мүмкін; 2 - түрлі параметрлерді беру үшін <<К>> арнасы (J1850 шинасы деп белгіленуі мүмкін); 3 - біріншіге ұқсас; 4 - автомобиль шанағындағы ағытпаны жерге түйықтау; 5 - диагностикалық адаптердің сигналын жерге тұйықтау; 6 - J2284 CAN - шина контактісін тікелей қосу; 7-ISO 9141-2 стандарты бойынша <<К>> арнасы; 8- 1-ші және 3-ші контактілерге ұқсас; 9 - 1-ші және 3-ші контактілерге ұқсас; 10 - J1850 стандартындағы шиналарды қосу пині; 11 - шинаның қолданыс мақсаты автомобиль дайындаушы зауытпен белгіленеді; 12 - аналогиялық; 13- аналогиялық; 14- J2284CAN - шинасының қосымша пині; 15 - <> арнасы ISO 9141-2 стандарты бойынша; 16-борттық желі кернеуінің оң шығысы (12 Вольт).

Әрине, көптеген бұндай схемалар мен OBD2 ағытпасының сұлбаларын сипаттау өте қиын. Бірақ іс жүзінде көптеген автомобилистер үшін әртүрлі себептерге байланысты машина жұмысына өздерінің күмәнін жедел тексеру, қателерді, күйге келтірулерді тексеру үшін дербес диагностика жүргізу қажеттілігі туындайды.
OBD 2 ағытпасы арқылы диагностикалаудың айқын артықшылықтары:
- Қаражатты үнемдеу;
- Қателерді және ақауларды жедел анықтау.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Сканерлердің түрлері мен функционалдық мүмкіндіктері?
OBD 2 диагностикалық ағытпаларының қандай түрлері бар?
ISO 9141-2 стандартты протоколын пайдаланған кезде деректерді беру үшін нөмірлері бар қандай шығыстар қолданылады?
SAE J1850 типті протоколды пайдаланған кезде деректерді беру үшін нөмірлері бар қандай шығыстар қолданылады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Бақылау өлшеу аспаптарын үйрену
Қалықтама транспортер
Бүрку жуйесі бар қозғалтқыштың отын беру жүйесін тексеру
Жатка шнекін реттеу
Автомобильдердің электронды жүйелерінің жіктелуі
Цилиндр гильзалары
Аспа құрылымындағы саңылаулар мен амортизаторларды тексеруге арналған стендтер
Электр өрісі
Доңғалақты теңдестіру технологиясы
Тарсыл саңылаулар
Пәндер