Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою

Сабақтың тақырыбы: Дизельді қоректендіру жүйесінің диагностикалау технологиясы және құралдары
Топтар
Асл 9-182

Сабақ өтетін күн
13.11.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
K-436 модельді құралдың қызметі қандай?
Б-10 мод. жанармай сорғысының техникалық жай-күйін анықтауға арналған қандай құралдар қызмет атқарады?
527Б моельді. құралдың қызметі?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео):
Дизельді қоректендіру жүйесінің диагностикалау технологиясы және құралдары.
Дизельді жанармай аппаратурасының күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге келесілер жатады:басқылаушы сорғының өнімділігі; сүзетін элементтердің жанармайды жұқа тазарту қабілеті; сорғы элементтерінің өнімділігі; жанармайды отын элементтерімен берудің біркелкі еместік деңгейі; қозғалтқыштың цилиндрлеріне жанармайдың айдамалауының басталу бұрышы; прецизиялық жұптардың тозғандық деңгейі; реттеушінің әсер етуінің басталуына сәйкес келетін жанармай сорғысы (қозғалтқыштың иінді білігі) жұдырықшалы білігінің айналу жиілігі; реттеушінің біркелкі еместік деңгейі; реттеушінің сезімтал еместік деңгейі; бүркудің басталу қысымы және жанармайларды бүріккіштермен бүрку сапасы.Пайдалану процесінде бұл көрсеткіштер бөлшектердің тозуына, деформациясына, аппаратурада тозу өнімдерінің, ластардың және т.б. жинақталуына байланысты өзгереді. Жанармай аппаратурасы жұмысының номиналды параметрлерінің өзгеру қарқындылығы оны пайдалану жағдайларына, бөлшектерді, түйіндесулердегі тесіктерді дайындау және жөндеу сапасына, майлау сапасына, үйкелетін беттерінде ластану және тозу өнімдерінің болуына байланысты өзгереді.
Жанармай аппаратурасын диагностикалау кезінде аппаратураның жалпы техникалық күйін сипаттайтын келесі неғұрлым көбірек таралған диагностикалық параметрлер қолданылуы мүмкін: қозғалтқышпен болатын қуат; жанармайдың сағаттық және меншікті шығыны; қалдық газдардың түтінділігі; шу, діріл, тарсылдар; жанармайдың ағуы; бүріккіштерді қыздыру біркелкілігі; жанармайды цилиндрлерге берудің озу бұрышы; жоғары және төмен қысымды желілердің герметикалығы; жанармай сорғысына кірістегі жанармайдың қысымы, басқылайтын сорғымен айдамалау желісіндегі жанармайдың қысымы; бүрку қысымы мен жанармайды бүріккішпен бүрку сапасы; сорғы секцияларымен үдетілетін максималды қысым; жанармай беру процесінің параметрлері (жоғары қысымды желіге орнатылатын сездіргінің көмегімен өлшенеді).
Дизельді қуаттандыру жүйесін диагностикалау үшін арнайы бақылау- диагностикалық жабдығы қолданылады, мысалы, компьютерлік диагностикалық кешендер, оның сипатталуы 2.4.6- кіші бөлімшесінде келтірілген, сондай-ақ жанармайды айдамалауды басталу сәтін тексеру үшін қолданылатын моментоскоп сияқты аспаптар; жанармайды айдамалауды бастау бұрышын анықтауға арналған КИ-13902 құрылғысы; жанармайды берудің төмен қысымын анықтауға
арналған КИ-4801 құрылғысы; бүріккіштер мен ЖҚЖС секцияларын тексеруге арналған КИ-16301А жабдығы; дизель мен оның жанармай аппаратурасының жалпы күйін тексеруге арналған ИПД-ТА жабдығы; <<Элкон>> CD- электрондық стенді және басқ. Бұл бірқатар аспаптардың жұмысының сипатталуы төменде келтірілген.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Дизельді жанармай аппаратурасының күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге нелер жатады?
Жанармай аппаратурасын диагностикалауда қандай параметрлер қолданылады?
Дизельді қоректендіру жүйесін диагностикалау үшін қандай жабдық қолданылады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Электр энергиясының қасиеттері
Бүрку жуйесі бар қозғалтқыштың отын беру жүйесін тексеру
Қалықтама транспортер
Жатка шнекін реттеу
Автомобильдердің электронды жүйелерінің жіктелуі
Аспа құрылымындағы саңылаулар мен амортизаторларды тексеруге арналған стендтер
Электр өрісі
Автомобильдерді диагностикалау әдістері мен құралдары
Автомобильдердің жай - күй анықтайтын қүралдарынын жіктелуі
Доңғалақты теңдестіру технологиясы
Пәндер