Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Дизельді қозғалтқышты автокөліктерді пайдаланылған газдардың түтеуіне тексеру
Сабақтың тақырыбы: Дизельді шығарудағы түтін деңгейін анықтауға арналған К-408 құрылғысы.
Топтар
Асл 9-182
Сабақ өтетін күн
16.02.2021
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Моментоскоп қандай қызмет атқарады?
ИПД-ТА аспабы қызметі қандай?
Дизельді қоректендіру жүйесін диагностикалау үшін қандай жабдық қолданылады?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео):
Дизельді қозғалтқышты автокөліктерді пайдаланылған газдардың түтеуіне тексеру. Пайдаланылған газдардың түтеуін зерттеліп отырған газ көрінетін әдіспен жұмыс атқаратын құралдардың көмегімен өлшейді. Пайдаланылған газдардың түтеуінің қаліпті параметрін оптикалық тығыздық құрайды, ол қозғалтқыштың иінді білігінің максималды айналу жиілігінде және бос жүріс режимінің еркін үдеуімен өлшенеді.
Дизельмен жүргізілетін автокөліктердегі (толық жөндеу жұмысынан шыққандар үшін де) пайдаланылған газдың түтеуі КамАЗ автокөліктерінің жаңа үлгілері МАЗ, КрАЗ үшін 40%-дан және иінді біліктің максималды аййналу жиілігі үшін 15%-дан аспауы керек; МАЗ, КрАЗ алдыңғы түрлері - сәйкесінше 60 және 15 %.
Еркін үдеу дегеніміз қозғалғыштың бос жүріс кезіндегі иінді білігінің айналу жиілігінің минималдан максималды жүріске дейін үдеуі. Бос жүрістегі қозғалғыш иінінің максималды айналу жиілігі реттеуішпен шектелген, бос жүріс кезінде жанармай беру үшін педальді толығымен басу жиілігіне сәйкес келеді.
Құрылғылардың және дизельді қозғалтқыштар жүйесі бөлшектерін АКҰ-да ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары олардың қайта қалыпқа келтірілуімен, күрделі құралдарды қажет етпейтін және сәйкесінше күрделі технологияларды қажет етпейтін жұмыстардың жүргізілуімен жүзеге асырылады. Мұндай жұмыстардың түріне қақпақтар мен олардың ауыттарының, ластанған инелер мен бүріккіштердің, тығынжылдардың беткі қабатын сүрту; тығыздығын жоғалтқан серпіппелерді ауыстыру; құбыржелісі бұрандаларын қалыпқа келтіру; отынқұбырды шырайналдыру, сорғы корпусындағы сызаттарды бітеу және т.б. жатқызылады.
Жөнделген қоректендіру жүйесінің бөлшектерін жиынтыққа жинап және керек болған жағдайда қайта қолданып, сынап және стендтер мен қозғалтқыштың үстінде реттейді.
Алғашқы техникалық қызмет көрсету кезінде (автокөліктің әрбір 4 000 км айналымында), дизельді жанармайлы автокөліктердің сүзгі-тұнба жиналғыштарынан тұнбалар ағызылады. Автокөліктерде жанармай жүйелерінің түрлеріне байланысты, әртүрлі құрылғылы сүзгілер қолданылуы мүмкі (4.3 сурет).
Жанармайды тереңдеп тазартатын сүзгі (4.3, а суретті қара), әдетте, жанармай ыдысының тіреуішіне бекітіліп қойылады. Сүзгідегі тұнбаны ағызу үшін, төменгі бөлігіндегі тығынды 10 бұрап алып, тұнбаны таза жанармай көрінгенше ағызу керек, сосын барып, тығынын бұрап бітеу қажет. Сүзгіні тазалау үшін, сүзгідегі жанармайды ағызатын тесік 10арқылы ағызып, төрт бұранданы 2бұрап алу, сосын, қақпағын 9босатып алу, қораптан сүзетін элементті 5 шығарып алып, сүзгілік элементтің торын бензинмен немесе дизельді жанармаймен тазалап жуу, сосын, сығымдалған ауамен үрлеу және бәрін қайтадан жинап құрау қажет. Prelin PL270 сүзгі-тұндырғышын тазалаудың алдында(4.3, в суретті қара) Mann-Hummel GMBH фирмасы (Германия) дизельді сөндіру керек. Содан кейін, сүзгінің қақпағындағы саңылау ашатын бұрандаманы 22 бұрап алып, ағызатын шүмекті 29 ашып, тұнбаны ағызып жіберіп, сосын, қайтадан шүмекті (солға бұралады) жабу қажет. Осыдан кейін, сүзгіге таза жанармай құйып, саңылау ашатын бұранданы 22қайыра бұрап, сосын, сорғыштың бос жүрісін болдырмас үшін жанармай жүйесінде қалып қойған артық ауаны сыртқа шығару мақсатында жанармайды қол сорғышпен 31 жақсылап үрлеп ауасыз толтыру керек.
Тұнбаны ағызумен қатар, сүзгінің жоғарғы бөлігінен төмен ағатын таза жанармайдың көмегімен сүзетін элементтің өзі де тазарып қалады, бұл енді, осы элементтердің қызмет атқару мерзімдерін ұзартары анық. Сүзетін элемент, қоқыстармен ластану дәрежесіне байланысты және сүзгілік қызметінің қаншалықты ауыр болғанына қарап барып ауыстырылады, бірақ, жылына бір рет қана.
Қуат көзі жүйесіне техникалық қызмет көрсету, оның толықтай тазаланған кезінде ғана жасалуға тиісті. Жанармай жүйесіндегі қажетті тетіктердібұрап босатып алғаннан кейін, сол бүріккіштердің келтеқосқыштарына, жанармай сорғыштарына, сүзгілер мен жанармай жүйесіндегі тесіктеріне қоқыстар түспес үшін, шама келгенше оларды тығындармен, қақпақтармен, басқа да бекіткіштерменнемесе изоляциялық ленталармен жауып қою қажет. Барлық тетіктер мен бөлшектерді жинардың алдында жақсылап дизельді жанармайға салып, міндетті түрде тазартып жуып алу керек.
Екінші теникалық қызмет көрсету кезінде (автокөліктің әрбір 16 000 км айналымынан кейін) дизельділердің бүріккіштерін қалпына келтіру жұмыстары жасалады. Арнайы мамандандырылған шеберханалық орындарда, бүріккіштерді қысыммен инесін көтеруарқылы қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Қысым мөлшері бүріккіштердің қолданылатын түрлеріне байланысты болады. Мысалы, 18.11 бүріккіші үшін, ол
21,6...22,4 МПа тең болады (дизель ММЗ-245.12). Ине көтеру қысымының бастапқы реттелімін, реттегіш бұраманы бұрау арқылы қалпына келтіреді (алдын-ала қалпағын бұрап алып, сосын, тежегіш сомынды босатып қою арқылы). Егер, бүріккіштен шашырайтын жанармай тұманданған тәрізді конусты ағынының бойымен біртекті көлденең қиындылар құрап біркелкі шашыраған күйге жететін болса, онда ол сапалы жұмыс істеген болып табылады. Бүркуінің бастамасы мен соңы айқынболуы
керек, бүріккіштің ұшында тамшы пайда болмауға тиіс. Бүрку сапасын қозғалтқыштың бос жүрісі кезіндегі 60 - 80 бүрку/минжиілікте тексереді.
ТҚ-2 кезінде, жанармай ыдысының бекіткішін және жанармай жеткізу басқарылымындағы тартпалық тетіктерді де тексерген жөн. Одан басқа, екінші техникалық қызмет кезінде, әдетте, жанармайды терең және жұқалап тазалайтын сүзгінің сүзетін қағаз элементтері 14 (4.3-суретті қара) ауыстырылады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Дизельді қозғалтқышты автокөліктерді пайдаланылған газдардың түтеуіне тексеру қалай жүргізіледі ?
Қуат көзі жүйесіне техникалық қызмет көрсетуде қандай жұмыстар атқарылады?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz