Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сұрақтар мен тапсырмалар. Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою

Сабақтың тақырыбы: Электр жабдықтарын диагностикалауға арналған Э-205 жылжымалы тіреуші
Топтар
Асл 9-182

Сабақ өтетін күн
13.02.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Денсиметрдің қызметі қандай?
Денсиметр тексеру қалай жүргізіледі?
Денсиметр көмегімен қандай жұмыстар атқарылады?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео):
Көптеген автомеханиктар электржабдығына сенімсіз қарайды. Оларды түсінуге болады: егер жөндеу кезінде басқа көптеген автомобиль тораптары мен жұмыс жүйелері <<бөлшектеу - бұзу - құрау -- жөндеу>> әмбебапты жөндеу сұлбасымен келіп, онымен қоса ақауды абсолютті кепілмен жоятын болса, онда электржабдығын жөндеу кезінде ақауды іздеуге және оны оқшаулауға көп уақыт кетеді, сөйтіп кейде жөндеу экономикалық тұрғыдан тиімсіз болады. Негізгі себеп -- шанақ және басқа агрегаттар бойынша электр жүйенің өзара байланысқан және бір-біріне тәуелді бөлшектерінің кеңістіктік таралуы. Көбіне ақаулық автомобильдің бір жерінде табылады, дегенмен себеп басқа жерде болуы мүмкін.
Мамандар ақауларды жою кезінде үш әдісті біріктіруді ұсынады:
■ электр қосылыстарын бөлшектеу-жинау, түйіспелерді тазалау және жөндеу;
■ мамандандырылған диагностикалық аппаратура көмегімен диагностикалау (тестерлер, сына аспаптар, сканерлер және т.с.с.);
■ <<алмастыру>> әдісі -- бөлшектерді кейін жарамды бөлшектермен алмастыру.
Электржабдығын жөндеу кезіндегі маңызды фактор диагностика болып табылады, оның дәстүрлі және классикалық әдісі осциллограммды - уақытқа және иінді біліктің бұрылу бұрышына байланысты тоқ пен кернеу көрсеткіштері өзгерістерінің графикалық суретін талдау.
Электрмен жабдықтау және оталдыру жүйелерінде ақаулар болған кезде мотор-тестер дисплей экранында (монитор) алынған осциллограмның әртүрлі нұсқалары болуы мүмкін (2.1-сурет). Бұл мотор-тестер маркасына және дайындаушы-фирмаға тәуелді емес тұрпатты осциллограммалар.
Электр жабдықтау жүйесі біліктің айналу жиілігі 1000 мин-1 болғанда автомобиль қозғалтқышының орнында жұмыс жасап тұрған сәтінде тексеріледі. Генератордың <<+>> клеммасына тестордың кабель-адаптерінің шығысы, ал АКБ немесе генератордың <<->> клеммасына мотор-тестердің массалық кабель- адаптері қосылады. Осциллограммадан генератордың жарамды күйін, фазалық орам үзілісін, ондағы орамаралық тұйықталуды және қоздырушы орамы
тізбегіндегі үзікті анықтауға болады.
Автомобиль қозғалтқышының орнында тұрған сәтінде оталдыру аппараттарының техникалық жағдайын тексеру кезінде айлану жиілігін 800... 2000 мин-1 диапазонында ауыстырып отырады. Оталдыру жүйесінің конструкциясына (<<классикалық>>, жоғары вольтті таратқышпен немесе жоғары кернеуді микропроцессорлық таратқышпен түйіспесіз) байланысты кабель- адаптер оталдыру катушкасының алғашқы орамына, бірінші цилиндрдің жоғары вольтті сымына, ВМТ датчигіне немесе электрондық блокқа (диагностикалық жалғағыш арқылы) қосылады. Разрядтық үдеріс сипаты бойынша осциллограф көмегімен тіркелетін оталдыру білтесіне қарап оталдыру жүйесінің жарамдылығы, оталдыру катушкасының орамында тесіктің немесе орамаралық тұйықталудың болуын және оталдыру катушкасының жоғары вольтті қақпағының тесілгенін айтуға болады.
Атап өтетіні, осциллограф көмегімен бірінші және екінші кернеу тізбектерін диагностикалау механикалық таратқышты оталдыру жүйесін тексеру кезінде өте маңызды. Микропроцессорлық басқарылатын оталдыру жүйесін жөндеу жағдайында сканер көмегімен (2.2-сурет) тестілеу мен <<алмастыру>> әдісін (бөлшектерді кейін жарамды бөлшектерге ауыстыру) біріктіруде айтарлықтай тиімділікке қол жеткізуге болады.__

ТО-1 кезінде қозғалтқышты және оның құрамдастарын басқарудың электрондық жүйелерін тек мотор-тестерді ғана пайдаланып диагностикаламай, сонымен бірге төмендегі технологиялық сұлба бойынша сканерді, мультиметрді, стробоскопты, газ талдағышты, манометрді және вакуумдық сорғыны пайдалану қажет:
■ манометр көмегімен электр бензинсорғының, отын сүзгісінің және отын қысымын реттеуіштің жұмыс қабілетін анықтау мақсатында жүйенің әртүрлі нүктелерінде отынды тасымалдау қысымын өлшейді;
■ мультиметрмен электр магнитті бүріккіш орамының кедергісі өлшенеді. Оның мәні 15,5... 16,0 Ом құрауы тиіс;
■ мультиметрмен салқындатқыш сұйықтықтың температурасына байланысты температура датчигінің кедергісі өлшенеді. Температура 15.20 С болғанда ол шамамен 43,0 кОм құрауы тиіс. Кейде ақауды коды бойынша сканер көмегімен датчик сигналы өлшенеді (оның деңгейі -- жоғары немесе төмен);
■ газ талдағышпен катализаторлық нейтрализатор алдындағы арнайы тесік арқылы СО, СН және О2 концентрациясы өлшенеді, ал мотор-тестер немесе сканер көмегімен арнайы тест бойынша қозғалтқыш жұмысының әртүрлі тәртібінде оттегі (Х-зонд) датчигінің шығысында кернеу өлшенеді;
■ осциллограф және мультиметрмен қозғалтқыштың білігі әртүрлі жиілікпен айналған кездегі ауа датчигінің сымындағы сигнал кернеу өлшенеді;
■ сканермен контроллерді реттеу бағдарламасы тексеріледі;
■ сканер, мотор-тестер және стробоскоп көмегімен оталдыру жүйесінің көрсеткіштері, оның ішінде разряд ұшқынының ұзақтылығы, қосалқы кернеудің мәні, оталдыру білтелерінен өтетін кернеу және оталдыруды ерте тұтату бұрыштары өлшенеді;
■ орнында от алып тұру реттегішінің, дроссельді қақпағы күйі датчигінің
жұмыс қабілеті мен электр көрсеткіштері және оны дроссельдік келте
құбырға дұрыс орнату анықталады;
■ ауа шығынын өлшейді, датчигі арқылы сорылатын көлемді ауа шығыны өлшенеді және <<СО көлемі>> реттейтін реттеуіштің бұрандасы тексеріледі;
■ ақаулар кодтарын оқу жолымен электрондық блоктың өзін-өзі диагностикалау қондырғысы тексеріледі;
■ қызмет көрсетілгеннен кейін және қажетті ағымдағы жөндеу орындалғаннан кейін контроллер жадысынан ақау кодтары жойылады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Электржабдығын диагностикалайда жұмыстар атқарылады ?
Ақауларды жою кезінде неше әдісті пайдаланылады?
Сыртқы диагностикалық жабдықты қосу қалай жүргізіледі?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Бақылау өлшеу аспаптарын үйрену
Оталдырудың контактілі - транзисторлы жүйесінің сызбасы
Стартерді іске қосу
Жарықтандыру аспаптарында жарық көзі - электрлі шам
Батареядан оталу
Аккумулятор батареясы қызметі
Аккумулятор батареяларын қолдану
Электр энергиясын өндіру
Жүйе орталығы
Қалықтама транспортер
Пәндер