Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Аспап жұмысының негізгі тәртібі
Сабақтың тақырыбы: Іс-тәжрибе: Стробоскопиялық тартқыш құрылғы
Топтар
Асл 9-182
Сабақ өтетін күн
30.03.2021
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Іліністің толық қосылмауы қандай ақаудардан келіп шығады?
Іліністің толық ажырамауы неден?
Ілініске диагностикалау қалай жүргізіледі?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео):
Фараларды тексеруге арналған <<ИПФ-01>> аспабы МЕМСТ Р 51709 -- 2001 талаптарына сәйкес көлік құралдарының сыртқы жарық аспаптарының техникалық жағдайын тексеруге және реттеуге арналған. Аспап келесі өлшеулерді жүргізеді:
■ автомобильдер фараларының сәуле шоғырының бұрыштарын өлшеу;
■ сыртқы сәуле аспаптарының жарық күшін өлшеу;
■ бұрылыс көрсеткішін қосу сәтінен бастап бірінші жарқылдақ пайда болғанға дейінгі уақытты өлшеу;
■ бұрылыс көрсеткіштерінің жарқылшақтары жүрісінің жиілігін өлшеу;
■ бұрылыс көрсеткішінің жану ұзақтылығының уақыт уиклына қатынасын өлшеу.
Аспап өлшенетін сипаттамаларды дербес компьютерге берумен автомобильдің жағдайына кешенді техникалық байқау жүргізу кезінде диагностикалық желіге қосыла алады.
Конструктивті түрде аспапқа мыналар кіреді: өлшеуіш блок; тірек; аспаптың бейімделу жүйесінің оптикалық визирі; арба (3.6-сурет).
Өлшеуіш блок бағыттауыш төлкелер арқылы тірек бойымен орын ауыстырып тұрады. Тәрекке қатысты өлшеуіш блогын бейімдеу, сондай-ақ оны берілген биіктікке бекіту үшін сермерлі тоқтау механизмі жұмыс істейді.
Өлшеуіш блогының құрамы: экран; сермелі экранды ауыстыру механизмі; лимб; негіздеме; шынысындағы Френель линзасы; көру терезесі бар қаңқа; басқару мен индексацияның электронды тақшасы; экранда орналасқан және қосымша баспа тақшада бекітілген фотоқабылдағыш; басқару панелі; қоректенуді қосуға арналған қосқышты панель; сыртқы фотоқабылдағыш және техникалық бақылау желісі (ЛТК).
Экран қаңқаның бүйіргі қабырғасында орналасқан сермермен жарақталған механизм көмегімен тік бағытта орын ауыстырады. Экранның орналасуы өлшеуіш блоктың артқы қабырғасында орнатылған баптау шәкілі лимбасы мәніне сәйкес келеді.
Тірек тікбұрышты қималы қабырғасы жұқа құбырдан жасалады. Бүйір қабырғасында өлшеуіш сызғыш орнатылған, тіректің жоғарғы жағында өлшенетін объектіге қатысты аспапты бейімдеуге арналған визир орналасқан. Тірек арбаға бекітілген және тік осьпен бұруға болады. Тіректі бекіту үшін жоғарғы жақта сермер бар.
3.6-сурет. Фараларды тексеруге арналған аспап: а -- жалпы к өрінісі; б -- аспаптың оптикалық камерасының сұлбасы; 1 -- оптикалық камера; 2 -- үшбұрышты призма; 3 -- бұрылма ось; 4 -- линза; 5 -- фотоэлемент; 6 -- миллиамперметр; 7 -- экран
Аспап бейімі жүйесінің визирі осьтес орналасқан сыммен және визирлісаңылаулы жалғама құбыр түрінде орындалған және ол көлденең ось айналасында сермер арқылы бұрылумен, сондай-ақ тірек боойымен жоғары-
төмен жылжып, керек жағдайға бекітумен визирлік сызық ролін атқарады.
Визирдің визирлік сызығының күйі экрандағы көлденең сызықтармен сәйкес келуі үшін дәлдеу бұрандалары бар.
Жеңілдетілген типті арбаның үш доңғалағы және сыртқы фотоқабылдағышты сақтауға арналған қақпақты орын бар. Арбада тіректі монтаждауға және бекітуге арналған ұяшық орналасқан. Доңғалақпен өлшеуіш блогының негіздемесін көлденең орнату үшін биіктік бойымен реттеуге болады. Линза ретінде фокустық қашықтығы 290... 295 мм Френнель линзасы пайдаланылған. Шынысы ппластмассадан жасалған, төменгі жақта өлшеуіш блоктың негіздемесіне қарай линзаны бекітуге және реттеуге арналған кронштейндер орналасқан. Сыртқы фотоқабылдағыш тасымалды сәуле қабылдағыштан, сөндіруге арналған ұяшығы бар ұстағыштан, жіптен және сорғы-қақпақтан тұрады.
Аспаптың әрекет ету қағыдасы мынадай. Жарық сәулесі тексерілетін фарадан Френель линзасы, сәуле сүзгісі арқылы өтіп, фотодиодқа түседі. Сәуле күшіне пропорционал фотодиодтың электр тоғы басқарылатын күшейткішпен күшейтіледі және басқарудың және индикацияның электрондық тақшасында орналасқан микропроцессорға түседі. Аналогты сигнал цифрлық түрде
түрлендіріледі және осы деректер негізінде микропроцессор жарық күшін есептейді. Есептеу нәтижелері және басқа қызметтік хабарламалар екіжолды индикаторда көрсетіледі. Автомобильдің бұрылыс белгісінің жанып-өшу жиілігін өлшеу үшін сыртқы фотоқабылдағыш пайдаланылады, одан түсетін электрлік сигнал басқарылатын күшейткішпен күшейтіледі және басқарудың
және индикацияның электрондық тақшасында орналасқан микропроцессорға түседі. Бұрылыс белгілерінің жанып-өшу жиілігі және басқа да жарқылдағыш сипаттамалар микропроцессормен есептеледі және екіжолды индикаторда көрсетіледі._
Аспап жұмысының негізгі тәртібі:
■ жақын қашықтыққа жарық түсіру фарасын реттеу;
■ алыс қашықтыққа жарық түсіру фарасын реттеу;
■ тұманға қарсы фараларды реттеу;
■ фараның оптикалық осі бағытында жақын қашықтыққа жарық түсіру фарасының жарық күшін өлшеу;
■ жарық көлеңке шекарасының сол жақ көлденең бөлігінен 52' төмен бағытта жақын қашықтыққа жарық түсіру фарасының жарық күшін өлшеу;
■ алыс жарық фарасының жарық күшін өлшеу;
■ тұманға қарсы фара жарығының күшін өлшеу;
■ бұрылыс көрсеткіштері фонарьларының жарқылдау сипаттамасын өлшеу;
■ өлшеу мәндерін ЛТК-ға беру.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Фараларды тексеруге арналған <<ИПФ-01>> аспабының қызметі қандай?
Аспапта қандай өлшеулерді жүргізеді?
Аспап жұмысының негізгі тәртібі қалай жүргізіледі?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz