Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тарсыл саңылаулар

Сабақтың тақырыбы: Іс-тәжірибе: Стетоскоптар
Топтар
Асл 9-182

Сабақ өтетін күн
16.04.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Кардандық беріліске қызмет көрсету неше шақырымдан кейін жүзеге асырылуы тиіс?
Карданы қандай жағдайларда тексеру қажет?
Кардандағы дірілдің себептері неден?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео):

Қозғалтқыштағы тарсылды анықтау. Қосиін-шатун механизмінің күйін диагностикалаудың ең қарапайым және қолжетімді тәсілі - қозғалтқыштағы тарсылды стетоскоп көмегімен анықтау. Жұмыстар қыздырылған қозғалтқышта салқындатқыш сұйықтықтың 75...80°С температурасы кезінде жүргізіледі. Мембрана дірілдегенде немесе <<Экранас>> стетоскопында (моделі KI-1154) арнайы орнатылатын транзисторлық күшейткіштің көмегімен стетоскоптағы дыбыстар күшейе түседі.
Иінді біліктің мойынтіректерін тексергенде, стетоскоптың стержені қозғалтқыштың түпкі мойынтіректері орналасқан жеріндегі цилиндрлер блогының бүйірлік жақтауына қисаяды немесе поршень ЖӨН өткен кезде шатундық мойынтіректер деңгейіне тартылады. Тарсылдарды есту үшін қозғалтқыш қыздырылып, иінді біліктің айналу жиілігін күрт өзгертеді.
Иінді біліктің түпкі мойынтіректерінің тарсылы қатты, жуан, күңгірлеген дыбыстар шығады, иінді біліктің айналу жиілігін бос жүріспен өзгерткенде естіледі, бұл үшін жағармайдың берілуін күрт ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ жүктемені өзгерту қажет. Тарсыл саңылаулар 0,1...2 мм-ге кеңіген кезде пайда болады. Саңылау бұдан артық кеңіген кезде мойынтіректегі тарсыл иінді білік тұрақты айналып тұрған кезде де естіледі. Бір форсунканы (дизельді қозғалтқыш үшін) немесе бір немесе екі тұтандыру білтесін (карбюраторлы қозғалтқыштар үшін) айырған кезде тарсылдың сипаты мүлдем дерлік өзгермейді.
Иінді біліктің шатунды мойынтіректерінің тарсылы түпкі мойынтіректермен салыстырғанда өткірлеу, күштірек, иінді біліктің айналу жиілігін күрт немесе жүктемемен өзгерткен кезде естіледі.
Иінді білікті механизінің күйін диагностикалаудың ең қарапайым жəне қолжетімді тəсілі - стетоскоптың көмегімен қозғалтқыштағы соққыларды анықтау. Мұндай жұмысты салқындатушы сұйықтықтың температурасы 75...80оС кезінде қыздырылған қозғалтқышта іске асырады. Стетоскопта дыбыстың күшеюі мембрананың немесе арнайы диагностикалық стетоскопта бар арнайы орнатылған транзисторлық күшейткіштердің тербелісі кезінде орын алады (Сурет 3.7). Иінді біліктің подшипниктерін тексеру кезінде стетоскоптың өзекшесін түпкі подшипниктердің орналасу жеріндегі немесе ЖӨН-не поршень орналасу кезіндегі шатунды подшипниктердің деңгейіндегі қозғалтқыш цилиндлерінің блоктарының бүйір қабырғаларына түйістіреді. Иінді біліктің түпкі подшипниктерінің соққысы қатты, шалғай, төмен дыбыста болады, бос жүрісте иінді біліктің айналу жиілігінің тез өзгеруі кезінде тыңдалады, оған жанармай берілісінің күрт ұлғаюымен немесе азаюымен жəне жүктемемен қол жеткізіледі. Соққы 0,1...0,2 мм саңылау кезінде пайда болады.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Қосиін-шатун механизмінің күйін диагностикалаудың ең қарапайым және қолжетімді тәсілі қандай?
Қосиінді - бұлғақты және газ таратушы механизмдердің техникалық жағдайы стетоскоптың көмегімен өалай анықтайды
<<Экранас>> стетоскопы қызметі қандай?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Газ тарату механизміндегі тарсылды анықтау
Газ тарату механизмінің ақаулары
Қозғалтқыштың ақаулары
Ядро, оның құрылысы және қызметі. Ядроның жетекші рөлі
Газ тарату механизміне техникалық қызмет көрсету және бөлшектерін жөндеу
Жетектегі тістегеріштің осі корпусқа
Аспа құрылымындағы саңылаулар мен амортизаторларды тексеруге арналған стендтер
Поезд жылдамдығы
Бір қабатты тас үйлер
Ядролық жарылыс кезіндегі жергілікті жердің, атмосфераның жерге жақын қабаттарының және объектілердің радиоактивті зақымдануы
Пәндер