Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көліктердің қозғалыс қауіпсіздігі және басқару техникасы

Пәннің атауы: Көліктердің қозғалыс қауіпсіздігі және басқару техникасы
Сабақтың тақырыбы: Автокөлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Топтар
Аэл 9-201

Сабақ өтетін күн
29.09.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Автокөлік жол апатының алдын алу және азайту
Көлік құралдарының актив қауіпсіздігі
Көлік құралдарының пассив қауіпсіздігі
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Автокөлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету .
Алдымен, ыңғайлы жұмыс қалпы мен автомобильдің басқару органдарымен техникалық сауатты жұмыс істеу тəсілдері жүргізушінің жол ахуалының өзгерісіне əрекет ету уақытын қысқартуға жəне соның арқасында жүріс қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ басқару кезінде сезінетін дене жəне психологиялық жүктемелерін азайту есебінен жүргізушінің қажуын төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өту қажет.
Жүргізушінің оңтайлы жұмыс қалпы -- бұл автомобиль басқару кезінде оның денесінің ыңғайлы əрі қалыпты күйі. Оқу плакатының көмегімен жүргізушінің арқасы отырғыштың арқасына жабысып тұруы, ал қолдары мен аяқтары басқару органдарымен жұмыс жасау үшін бос болуы қажет екенін түсіндіру қажет (4.1-суреті).
Отырғышты басқыштарға аса жақындатпаған жөн, себебі қолдар мен аяқтар бұл жағдайда бүгіліп тұрады, сондықтан олардағы қан айналымы қиындап, бұлшықеттер жылдам шаршайтын болады.

4.1-суреті. Автомобильді басқару кезіндегі жүргізушінің оңтайлы жұмыс қалпы

Білім алушыларға іс-қимылға дайындығын арттыру мақсатында аяқтарды үнемі басқыштың үстінде ұстау дұрыс емес екендігін, себебі бұл жағдайда аяқ міндетті түрде біраз да болсын басқышқа басып тұрады, жетектегі саңылаулар таңдалған, тежегіш сұйықтығы (тежегіш краны) қысымның астында болады, ал ажыратқыштың сықпа мойынтірегі əрдайым өкшеге тиіп тұрған болуы мүмкін, яғни үнемі жұмыс істеп, жылдам тозуы мүмкін. Қысым астында болатын гидрожетектен сұйықтық ағуы мүмкін, сұйықтық тежегіш механизміне тиген жағдайда оның тиімділігін кұрт төмендетеді.
Сондықтан да, ажыратқыш пен тежегішке үнемі жүк түсірмеу үшін аяқтарды басқыштардың жанында жəне бұлшықеттерге күш түсірмей ұстау қажет.
Автомобиль жүргізушісінің жұмыс қалпын таңдау кезінде əдетте жіберілетін қателіктерді (4.2-суреті) оқу плакатының жəне бейнефильм фрагменттерінің көмегімен қарастырған жөн.
Сонымен қатар руль дөңгелегін қолдармен ала кете отырып оны жылдам бұру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қалай дұрыс ұстау қажет екенін түсіндіру қажет. Қолдарды рульді қақ ортасынан бөлетін көлденец сызықта немесе одан біраз жоғары ұстау ұсынылады, яғни егер руль дөңгелегін сағат циферблаты ретінде елестетсе, сол қол - сағат тоғыз бен онның арасында, ал оң қол - сағат екі мен үштің арасында немесе он бес минутсыз үш қалпында тұруы тиіс.
Білім алушыларға автотренажердің отырғышы қалай қозғалтылатынын жəне отырғыштың арқасы мен бас сүйегіштің қалай реттелетінін көрсету қажет. Сонан соң жүргізушіні жұмыс орнына отырғызу жаттығуын орындауға команда берген жөн.
Орындалуын тексеріп, жіберілген қателерді көрсету қажет.
Одан əрі рульді екі қолмен басқару техникасының тəсілдерін түсіндіріп, көрсету керек.
Білім алушылардың өздік жұмысы барысында ағымдағы нұсқаманы өткізіп, рульмен басқару кезінде жіберілген қателерді көрсету қажет.
Сонан соң оқу плакатында жəне тренажерде жанармай беру басқышын, жұмыс тежегіш жүйесі мен ажыратқышты қалай дұрыс пайдалану керектігін түсіндіріп, көрсеткен жөн.
Білім алушылардың айрықша назарын берілістерді ауыстыру тұтқышымен жұмыс істеген кезде қолдың қимылы нақты əрі шаршаң, алайда оқыс емес жəне артық күш салусыз орындалуы, сондай-ақ олардың көзқарасы төменге берілісті ауыстыру тұтқышына, тұрақ тежегішінің тұтқышына немесе ажыратқышбасқышына емес, алға бағытталуы тиіс екеніне аудара отырып, берілістерді қалай дұрыс ауыстыру қажет екенін түсіндіріп, көрсету қажет (4.3-суреті).

Білім алушылар қимылын біртіндеп шапшаңдата отырып, басқару тұтқыштарыменжəне басқыштарымен жұмыс жасау тəсілдерін өз бетімен жаттықтыруы тиіс.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Ажыратқыштың мақсаты мен жұмыс қағидаты қандай?
Берілісті ауыстыру қорабы не үшін тағайындалған?
Неліктен берілісті ауыстыру алдында ажыратқышты ағыту қажет жəне мұны қалай істеген жөн?
Автомобильдерде бас сүйегіштер не үшін орнатылады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Автомобильдің габариттері жəне қауіпсіздік
Жанармай шығынының жүргізуші шеберлігіне тəуелділігі
Жол автокөлік апаттарының түсініктемесі және жағдайлары
Тұрғын аймақтардағы және ауыл жолдары
Автокөліктердің жолда жүру қауіпсіздігін жағдайларын бақылау
Автомагистральдық жолды жасыл фонды
Реттелмейтін жол қиылысында басып озу схемасы
Автокөлік жүргізушінің қауіпті жол жағдайларда орындайтын әрекеттері
Автокөліктердің жол қозғалысыдағы апаттарының себептері және түрлері, статистикасы
Жолдың қарсы бетінде рұқсат етілген тоқтап тұру
Пәндер