Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Алдыңғы жетекті автомобильді бұру кезінде

Пәннің атауы: Көліктердің қозғалыс қауіпсіздігі және басқару техникасы
Сабақтың тақырыбы: Автокөлік жүргізішінің қауіпті жол жағдайларында орындайтын әрекеттері
Топтар
Аэл 9-201

Сабақ өтетін күн
29.09.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Апатты жағдайда, кедергімен соқтығысқан кезде жүргізуші денесінің қозғалысы
Жол апаты болған жағдайда автомобильден шығарып алу
Қарсы қозғалыс жолағына шығуда қауіпті жағдайлар
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Автокөлік жүргізішінің қауіпті жол жағдайларында орындайтын әрекеттері
Көптеген қиын жағдайларда автомобильді оқыс тоқтату немесе жүру жылдамдығын тез азайту қажеттілігі туындайды. Білім алушыларға тежегіш басқышына оң аяқтың барынша сезімтал жерімен - ұшымен басу қажет екенін түсіндіру қажет (2.8-суреті).
Тежелу кезінде доңғалақтарды блокадалау шегінде тежелуге мүмкіндік беретін əдістерді қолдана отырып, максималды баяулауға қол жеткізуге болады.
Доңғалақтарды толығымен блокадалау кезінде тайғақтап жылжығанда, олардың жолдың бетімен сырғуы басталады, нəтижесінде тежелу жолы қатты ұзарып, автомобильдің жылжып кету мүмкіндігі күрт артады.
Қиын жағдайларда автомобильді тоқтату үшін сатылап тежелу əдісін пайдаланған дұрыс. Білім алушыларға оның мəнісін түсіндіріп, оны орындау кезіндегі мына негізгі элементтерге назар аудару қажет:
■ бүкіл тежелу үдерісі кезінде тежегіш басқышына басу күші мүмкіндігінше доңғалақтарды блокадалау үшін қажетті деңгейге жақындай түсуі тиіс;
■ автомобильдің жылжуы басталған кезде рульді оның артқы бөлігі жылжыған жаққа қарай бұру қажет;
■ тежелу кезінде беріліс қосылып тұруы тиіс.

Тежелудің сатылы əдісін толығымен тоқтату үшін ғана емес, жүрісті жедел баяулату үшін де қолдануға болады.
Егер жолдың беті кедір-бұдырлы болса немесе ілінісі əртүрлі учаскелері жылдам алмасатын жағдайда үзікті тежелу əдісін қолдану ұсынылады.

2.8 -суреті. Жүргізуші табанының тежегіш басқышымен дұрыс түйісуінің иллюстрациясы

Жылжып кету кезінде автомобиль доңғалақтары жол бетімен қажетті ілінісуін жоғалтып, сырғып, текке айнала бастайды, бұл ретте автомобильде шетке жылжытатын көлденең күш əсер етеді. Автомобильдің артқы бөлігін солға немесе оңға жылжыта бастайды. Жылжыту себебі жанармайдың оқыс жіберілуі, оқыстан тежелу, руль дөңгелегін оқыс бұру, тайғақ жол, бүйірден соққан қатты жел, жолдың кедір-бұдырлығы, шиналардың тозуы.
Жылжып кетуден шығудың негізгі сəттерін атап өту қажет:
■ алдыңғы доңғалақтар үнемі жүріс бағытына қарай бұрылып тұруы тиіс;
■ руль дөңгелегін бұру қарқыны автомобильдің артқы бөлігінің бұрылу қарқынына сəйкес болуы тиіс;
■ руль дөңгелегін басқа жаққа бұруды автомобильдің артқы бөлігінің жылжып кетуі аяқталғанға дейін біраз ертерек бастау қажет;
■ тежелуге жəне ажыратқышты сығуға болмайды;
■ қозғалтқыштың айналымдары жетекші доңғалақтардың тайғақтамай домалауын қамтамасыз етуі тиіс.
Тарту күші алдыңғы доңғалақтарға əсер ететін алдыңғы жетекті автомобильдерде əдетте доңғалақтарының жолмен ілінісін жоғалтуы түзусызықты жүріс учаскелерінде емес, бұрылыстарда орын алатынын ерекше атап өту қажет.
Алдыңғы жетекті автомобильді бұру кезінде:
■ бұрылысты бастағанға дейін жылдамдықты азайту;
■ бұрылған кезде тұрақты жылдамдықпен немесе аздап жылдамдата отырып жүру;
■ автомобильдің жылжып кетуі кезінде доңғалақтар жол бетімен ілінісін əлбетте жоғалтып алғандықтан, оларды бұрып, бұрынғы жүріс траекториясына қайтаруға тырыспау;
■ жанармай жіберу басқышы мен руль дөңгелегіне оқыс əсер етпеу қажет.
Егер бұрылыста артқы жетекті автомобильдің артқы доңғалақтары жолмен ілінісін жоғалтып, жылжи бастаса, жанармай берілісін азайту қажет жəне қажет болған жағдайда руль дөңгелегін сырғыған жаққа қарай аздап бұру қажет, ал алдыңғы жетекті автомобильдермен дəл осындай жағдай туындаса - жанармай берілісін арттырып, руль дөңгелегін сырғу жағына қарай бұру қажет.
Қарсы бағытта келе жатқан көлік құралы сіздің автомобиліңіздің жүру жолағына шығып кеткен жағдайда:
■ оған фара жарығымен жəне дыбыс сигналымен ескертетін сигнал берген;

■ аяқты жанармай беру басқышынан алып тастаған;
■ артта келе жатқан жүргізушілерді ескерте отырып, тежегіш басқышына бірнеше рет басқан;
■ мүмкін болған жағдайда авариялық сигнал беруді қосқан;
■ қажет болған жағдайда, жедел тежелуді бастаған дұрыс.

Егер қарсы келген көлік құралының жүргізушісі сіздің жолағыңызда жүруді жалғастыра берсе, автомобильді оңға бағыттап, жол жиегіне қауіпсіз шығатын жерді қарастырып алып, шығу қажет.
Жолда кедергі (қандай да бір зат) пайда болған жағдайда ЖКО- ны болдырмаудың мүмкін нұсқаларының ең жақсысын таңдау қажет. Ол үшін өзңнңғ жүріс жылдамдығын, кедергіге дейінгі арақашықтықты, артта келе жатқан көлік құралының бар-жоғын жəне жол жабынының күйін ескере отырып, автомобильді кедергіге дейін тоқтату мүмкіндігін бағалау қажет. Егер автомобильді тоқтату мүмкіндігі болмаса, жүру траекториясын өзгертпей, кедергіні сол немесе оң жағынан айналып өту қажет. Сонымен қатар, жол жиегі бос па екенін, оның ені мен жағдайы қандай екенін, кедергінің сол немесе оң жағында жүріп келіп жатқан көліктің бар-жоқтығын, оны сол немесе оң жағынан айналып өту үшін кеңістіктің жеткілікті екендігін ескеру қажет.
Білім алушыларға кедергіні жол жиегіне шығып айналып өту кезінде жүргізушінің дұрыс іс-əрекеттерінің дəйектілігін түсіндірген жөн.
Қауіп бүйір жақтан пайда болған кезде, егер алдын ала қабылданған шаралар ЖКО-ны болдырмауға мүмкіндік бермесе жəне қақтығысу сөзсіз болса, автомобильді бүйірлі қозғалыстан жанама қозғалысқа ауыстыру қажет.
Автомобильдің оң жақ немесе сол жақ доңғалақтары үлкен жылдамдықта терең көлшікке түсіп кеткен жағдайды руль дөңгелегін көлшікке қарама-қарсы жаққа бұрып, төменгі берілісті қосып, жанармай беруді арттыру қажет.
Автомобиль барлық доңғалақтарымен терең көлшікке түсіп кеткен жағдайда руль дөңгелегін тура қалыпта ұстап тұрып, төменгі беріліске ауысуға жəне жанармай берілісін арттыру ұсынылады.
Жұмыс тежегіші істен шыққанда кезекпен төменгі беріліске ауыса отырып, фаралардың жарығын, авариялық сигнал беруді қосу қажет, жəне тұрақ тежегішін тұрақсыз қалыпта ұстап тұрып (сырғу басталған жағдайда оны жіберуге мүмкіндік болуы үшін), автомобильді кедергісі үлкен жол учаскесіне (құмға, топыраққа, бұтаға, жыраға, үйіндіге) бағыттауға тырысу қажет.
Сондай-ақ білім алушыларға, шина жарылған кезде автомобильбір жаққа қарай <<тарта>> бастайды жəне оның түзу сызықты жүрісін сақтап қалу үшін, яғни оның қарсы жүріс жолағына шығуына жол бермеу үшін руль дөңгелегіне едəуір күш салу қажет. Сонан соң, жанармай беру басқышын біртіндеп жібере отырып, төменгі беріліске ауысып, жылдамдықты азайту жəне автомобильді ақырын тежеп, жол жиегіне шығып кету қажет.
Автомобильде өрт пайда болған жағдайда дереу жол жиегіне шығып, оталдыруды өшіріп, жəне де өрт сөндіргішті, топырақты, тоқылған материалдарды пайдаланып, жалынды сөндіруге тырысу қажет.
Қауіпті жол-көлік жағдайларының басқа да мысалдарын келтіріп, олардан шығудың мүмкін жолдарын талқылау қажет
.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Автомобильдің сырғуы кезіндегі жүргізушінің іс-əрекеттері.
Басқакөлікқұралдарыныңжүргізушілерімендаулыжағдайларды шешім.
Жүргізушінің өте қиын жағдайлардағы іс-əрекеттері.
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Апатты жағдайда, кедергімен соқтығысқан кезде жүргізуші денесінің қозғалысы
Автокөліктердің жол қозғалысыдағы апаттарының себептері және түрлері, статистикасы
Білім алушыларға жол - көлік ахуалдарының қауіпті дамуын болжау негіздерін түсіндірген дұрыс
Сұрақтар мен тапсырмалар
Автомобильдің тежеу жүйелері
Рульдік басқарудың ақауы
Машина бөлшектері
Кардандық біліктердің ауытқымаларын тексеруге арналған құрылғы
Автомобильден алдынғы аспаны шешу
Рульдік механизмдер
Пәндер