Автокөлікті үнемді басқару әдістері және жанармай шығынына әсер ететін факторлар

Пәннің атауы: Көліктердің қозға лыс қауіпсіздігі және басқару техникасы

Сабақтың тақырыбы: Автокөлікті эконом басқару әдістері

Топтар
Аэл 9-201
Топтар: Сабақ өтетін күн
Аэл 9-201: 02. 10. 2020
:
:
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

  1. Автомобильдің сырғуы кезіндегі жүргізушінің іс-əрекеттері.
  2. шешім.
  3. Жүргізушінің өте қиын жағдайлардағы іс-əрекеттері.

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Автокөлікті эконом басқару әдістері

Автомобильді жанармай шығынын азайту тəсілдері көп, мысалы, жолдарды жəне көлік құралдарының техникалық күйін жақсарту. Алайда жол жүрісін ұйымдастыруды жетілдіру, жүргізушілердің мəдениеті мен шеберлігін арттыру да жақсы нəтиже береді. Түрлі зерттеулердің деректері бойынша тəжірибелі жүргізушілер жүргізуді жаңа бастап жүргендерге қарағанда 17 %-ға аз шығындайды.

Білім алушылармен бірге автомобильдің қанағаттанарлықсыз техникалық күйінің жанармай шығынына əсерін талқылаған жөн.

Автомобильдің ұзақ уақыт аялдауынан соң трансмиссия мен жүрістік бөлігінің суық бөлшектері жүруге қосымша кедергі келтіретінін, сондай-ақ бұл жанармайдың қосымша шығындалуының себебі болып табылатынын айту қажет.

Бұдан əрі жүріс жылдамдығын таңдау мəселесін қарастыру қажет.

Жоғары жылдамдықпен жүру жанармайдың ақталмаған көп шығынына əкеп соқтырады, мысалы ЗИЛ-130 100 км жолға 70 км/сағ жылдамдықпен 35 л, 80 км/сағ - 39 л, ал 90 км/сағ - 45 л бензин тұтынады. Үлкен жылдамдықта жанармай шығынының үлкен болуының себебі аэродинамикалық кедергінің күрт өсуі мен доңғалақтардың домалау кедергісі коэффициентінің өсуі болып табылады. Жүрістің үлкен кедергісін жеңу, əрине, жанармайдың да үлкен шығынын талап етеді.

Жанармай шығынының едəуір артуы сонымен қатар оқыс жылдамдату мен тежелу салдарларынан да болады, мұны тиісті зерттеулер мен тəжірибелі жүргізушілер растайды.

Жанармайдың мөлшерден тыс шығындалуына тежегішті жиі пайдалану да əкеледі, себебі бұл дамуына жанармайдың белгілі мөлшері шығындалған жылдамдықты сөндіру болып табылады.

Жанармай шығынына автомобильдің жалпы салмағы да айтарлықтай əсер етеді. 100 кг жүкті тасымалдау жанармай шығынын 6 . . . 7%-ға арттырады. Тіркемемен жүру кезінде жанармай шығыны 30%-ға дейін артады.

Ақырында, жүрістің үлкен қарқындылығы сонымен бірге жанармай шығынына кері əсер етеді. Төменгі беріліспен жүру, жиі аялдаулар, жолдардағы «кептелістер» - мұның бəрі жанармайдың қосымша шығынына əкеледі. Зерттеулер көрсеткендей, жеңіл автомобильдің қысқа мерзімді аялдамасы да қосымша 0, 015 л жанармай шығынына əкеледі.

Жанармайды үнемдеу ісінде жол жүрісін ұйымдастыру айтарлықтай нəтиже береді. Бағдаршамдардың жұмыс режимін дұрыс таңдамау, жүріс бағыттары туралы нақты ақпараттың болмауы, жолдардың жағдайының нашарлығы мен олардың нашар жарықтандырылуы - мұның бəрі жанармай шығынын барынша арттырады.

Тиісінше, жанармай шығыны жүргізушінің шеберлігіне, автомобильдің салмағы мен техникалық күйіне, жол жағдайларына, жыл мезгіліне жəне көптеген басқа да факторларға тəуелді.

IV. Бағалау

А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;

Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Жанармай шығынының жүргізуші шеберлігіне тəуелділігі.

2. Жанармай шығынына əсер ететін қозғалтқыштың ақаулары.

3. Автомобильді үнемді басқарудың негізгі қағидаттары.

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.

V. Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасы

  1. Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
  2. Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Автокөлік құралдарының техникалық күйінің өзгеру себептері және әсер ететін факторлар
Химиялық кинетика: реакция жылдамдығы, түрлері және оған әсер ететін факторлар
Химиялық реакциялардың жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар: сабақтың технологиялық картасы
Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар және кәсіби бағыт-бағдар беру
Химиялық реакция жылдамдығы және оған әсер ететін факторлар: оқу-әдістемелік сабақ жоспары
Металдардың оттегімен және сумен әрекеттесуі мен коррозияға әсер ететін факторлар
Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін негізгі факторлар: әрекеттесуші заттардың табиғаты, концентрациясы, температурасы және катализ
Автокөлікті сырғанақ, қарлы және лайлы жолдарда басқару және шығару әдістері
Автокөлікті басқару маневрлерінің белсенді және пассивті қауіпсіздігі
Күрделі жол-көлік жағдайларында автокөлікті басқару және апаттық іс-қимылдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz