Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Автомобиль жолдарының сипаттамасы

Пәннің атауы: Көліктердің қозғалыс қауіпсіздігі және басқару техникасы
Сабақтың тақырыбы: Автокөлік шиналарының жолмен тістесуде түрлі жағдайлармен байланысы
Топтар
Аэл 9-201

Сабақ өтетін күн
30.12.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Тарту-жылдамдық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері қандай?
Автомобильдің тежегіштік серпіні деген не?
Автомобильдің тұрақтылығы деп нені атаймыз?
Автомобильдің бұрылымдылығы неге байланысты?
Ауаның кедергі күшіне қандай факторлар əсер етеді?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Автокөлік шиналарының жолмен тістесуде түрлі жағдайлармен байланысы

Қиын ауа райы жағдайлары (кенеттен болған көктайғақ, қар басу, қысқа жарықты күн, жол жұмысшыларының ауыр еңбек жағдайлары) қыс мезгілінде жолды тиісті түрде ұстауды қиындатады.
Жолмен ілінісу коффициентінің оқыс құлауы автомобильдің тежеу жолы ұзындығының көп ұлғаюына əкеледі. Жолдың көліктік- пайдалану қасиеттерін арттырудың негізгі шаралары болып:
■ жабынның тегістігін сақтау (шұңқырларды, шөгулерді бітеу);
■ жабынның талап етілетін бұдырлығын сақтау;
■ жүйелі түрде батпақ пен шаң-тозаңды кетіру;
■ жол жиектерін бекіту;
■ қажетті көру мүмкіндігін қамтамасыз ету табылады.

Білім алушыларға жолдың жөндеуін жүргізушілердің мүдделеріне нұқсан келтірмей жүргізу мүмкін еместігін, себебі бұл ретте жүру бөлігін ішінара немесе толығымен жабуға тура келеді. Автомобиль жолдарында құрылыс жəне жөндеу жұмыстарын орындау кезінде, жол жəне коммуналдық қызметтер ЖЖҚМИ- мен бірлесіп, бұл бөліктегі жүрісті қажетті жол белгілерін, қоршау құрылғыларын қойып, айналып өту сигналдарын орната отырып, ұйымдастырулары қажет, ал қажет болған жағдайда аталған жөндеу-құрылыс учаскесін толығымен жайластырғанға дейін маршрутты уақытша өзгертуге қажетті шаралар қабылдауы тиіс. Жөндеуге арналған механизмдерді, инвентарьды, материалдарды, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүру режимін бұза отырып орнатуға тыйым салынады.
Қыс мезгілінде жолдардағы қар басулар, көктайғақтар, айналадағы ауаның төмен температурасы, қысқа жарықты күн қауіп төндіретінін ерекше атап өту қажет.
Қысқы жолдарға қар мен мұздан салынатын автомобиль жолдары мен мұз өткелдері жатады. Мұз өткелінің екі жағынан да жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оның осінен 5 м жəне бірі екіншісінен 15... 20 м арақашықтықта анық байқалатын белгілер қойылады, сондай-ақ мұндай өткелді пайдалану қағидалары туралы ақпаратты іліп, жол белгілерін орнатады. Мұндай учаскелерде жолаушыларды тасымалдауға қатаң тыйым салынады.
Жолдарды ұстау сапасы автомобиль - жүргізуші - жол жүйесінде жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты факторы болып табылады.
Жолдағы қауіпсіздік автомобильдердің техникалық күйіне де, жəне ішінара шиналардың күйіне байланысты болатындығына ерекше көңіл аудару қажет.
Пайдалану мақсаты мен шарттарына қараймынадай шина түрлерін ажыратады:
■ жол шинасы (тұрмыста оны жазғы деп атайды), оңтайлы температурада шоссе жолдарында пайдалануға арналған. Бұл типтің шиналары шоссенің құрғақ жəне сулы бетімен өте жақсы ілінісуді қамтамасыз етеді, тозуға төзімділігі жоғары болады жəне жылдам жүруге өте жақсы бейімделген. Топырақты жолдармен (əсіресе сулы) жəне қыста жүруге олар жарамсыз;
■ қысқы, мұз басқан жəне қар басқан жолдарда пайдаланылады, олардың жабынының ілінісу қасиеттері жағдайға байланысты ең азынан (жылтыр мұз немесе қар мен судың араласуы) аздап үлкенірегіне (аязда тапталған қар) өзгеруі мүмкін. Мұндай шиналар жол шиналарынан кем түсе отырып, əжептəуір жол қасиеттеріне ие болады. Көптеген қысқы шиналар тайғақтауға қарсы бүртабандарды орнату үшін тағайындалған немесе олары бар болады;
■ əрмезгілдік, жол шиналары мен қысқы шиналар арасындағы ымыралы нұсқа болып табылады, жəне сондықтан маусымға тəн жағдайларда біріншісінен де екіншісінен де іліністі қамтамасыз ету бойынша кем түседі. Алайда бұл шиналар автомобильді жыл бойы бір шина жиынтығымен пайдалануға мүмкіндік береді;
■ əмбебап шиналар, шоссе жолдарында да, топырақты жолдарда да пайдалануға мүмкіндік беретін қасиеттерге ие. Мұндай шиналарды шоссе мен топырақты жолдарда шамамен бірдей жүретін жол талғамайтын көліктерге пайдаланған жөн.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Автомобиль жолдарының сипаттамасы.
Автомобиль жолдарының санаттары.
Жол жүрісі туралы ақпарат.
Жол жағдайының жүріс қауіпсіздігіне əсері.
Жол құрылысы мен жол жөндеу орындарында жол жүрісін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Автомагистральдық жолды жасыл фонды
Тұрғын аймақтардағы және ауыл жолдары
Автомобиль жолдарының санаттары
Көлік желісі
Автокөлік құралдарын пайдаланудағы техникалық күйінің өзгеру себептері
Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау
Газ тарату механизміндегі тарсылды анықтау
Газ тарату механизмінің ақаулары
Дене температурасын өлшейтін құрал
Жай күйін анықтау үдерісі мен тәсілдері
Пәндер