Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Автомобильдің габариттері жəне қауіпсіздік

Пәннің атауы: Көліктердің қозғалыс қауіпсіздігі және басқару техникасы
Сабақтың тақырыбы: Автокөлік басқару маневрінің актив және пассив қауіпсіздігі
Топтар
Аэл 9-181

Сабақ өтетін күн
20.01.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Тарту-жылдамдық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері қандай?
Автомобильдің тежегіштік серпіні деген не?
Автомобильдің тұрақтылығы деп нені атаймыз?
Автомобильдің бұрылымдылығы неге байланысты?
Ауаның кедергі күшіне қандай факторлар əсер етеді?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Автокөлік басқару маневрінің актив және пассив қауіпсіздігі
Жолдың қауіпсіздігі деп оның көлік құралдарының онымен қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін қасиеттерін жəне қоршаған ортаға зиянды əсерінің болмауын түсінеміз.
Білім алушыларға көлік құралының қауіпсіздігі тəрізді жол қауіпсіздігі де белсенді, пассивті, авариядан кейінгі жəне экологиялық құраушылардан тұратынын түсіндірген жөн.
Жолдың белсенді қауіпсіздігі деп оның ЖКО туындауына бөгет жасайтын қасиеттерін түсінеміз. Жолдың белсенді қауіпсіздігінің элементтеріне оның жақсы іліністік қасиеттері, стационарлық жарық берудің болуы жəне геометриялық параметрлері (еңістері, айналма радиустары, бөлі жолағының ені, жол жиектерінің ені, жолақтар саны) жатады.
Пассивті қауіпсіздік -- бұл жолдың, мүмкін ЖКО салдарының ауырлығын төмендетуге мүмкіндік беретін қасиеттері. Пассивті қауіпсіздік элементтеріне жолақтың қоршауы, жол бойындағы қалың бұта, авариялық тығырықтар жатады.
ЖКО салдарын тездетіп жоюды, байланыс жəне ақпарат құралдарымен жабдықталуды қамтитын жолдың авариядан кейінгі қауіпсіздігі қамтамасыз етеді.
Жолдың экологиялық қауіпсіздігі -- бұл оның қоршаған ортаға зиянды əсер тудырмайтын жағдайы. Жол құрылысы кезінде пайдаланылатын материалдар, жолға тікелей жақын өмір сүретін адамдардың денсаулығына, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарларға зиян келтіретін улы заттардан тұрмауы қажет.
Білім алушыларға ақпараттың жүргізушіге бағдарлануға жəне қауіпсіз жүріс режимін сақтауға мүкіндік беретін айтарлықтай маңызды көздері туралы жан-жақты айтып беру қажет.
Сондай-ақ жолдарда жүріп өту үшін жылдамдықты азайту қажет жерлер (көпірлер, тайғақ учаскелер, қоғамдық көлік аялдамалары, кішкентай радиусты бұрылыстар, тар жүру бөлігі, қиылыстар), көрудің жетіспеушілігі, бекітілмеген жол жиегі жəне т.б. елеулі қауіп төндіреді.
Қиын ауа райы жағдайлары (кенеттен болған көктайғақ, қар басу, қысқа жарықты күн, жол жұмысшыларының ауыр еңбек жағдайлары) қыс мезгілінде жолды тиісті түрде ұстауды қиындатады.
Көлік құралының қауіпсіздігі ЖКО ықтималдығын төмендететін конструктивті жəне пайдалану қасиеттерінің кешенімен анықталады. Жүргізуші - автомобиль жүйесіндегі қауіпті жол-көлік ахуалының пайда болу ықтималдығын төмендетуді қамтамасыз ететін жəне жүргізушіге автомобильді сенімді басқаруға, екпіндеуге, тежелуге, айтарлықтай дене күшінің шығынынсыз маневрлер жасауға мүмкіндік беретін қасиеттер көлік құралының белсенді қауіпсіздігін сипаттайды. Автомобильдің белсенді қауіпсіздігінің негізгі қасиеттеріне тұрақтылығы, басқарымдылығы, ақпараттылығы, тарту-жылдамдық жəне тежеу қасиеттері жатады.
Автомобильдің пассивті қауіпсіздігі жүрістің басқа қатысушыларының (жаяу жүргіншілердің, жүргізушілердің, жолаушылардың) жарақаттанушылығын, сондай-ақ көлік құралдарының механикалық ақауларын төмендетін - сыртқы, жəне автомобиль салонында отырып, өзі үшін қауіпсіз жүктемелерді арттыруды жəне ондағы жарақат қаупін тудыратын элементтерді жоюды қамтамасыз ететін - ішкі болып бөлінеді.
Автомобиль шанағының конструкциясы мүмкін ЖКО кезінде жолаушылардың жарақаттанудан қауіпсізденуін қамтамасыз ету қажет (2.15-суреті).
Білім алушыларға жарақатқауіпсіз руль бағаншаларының конструкциялары, қауіпсіздік белдіктерін міндетті түрде пайдалану, үрлемелі қауіпсіздік көпшігінің əрекеті мен ЖКО салдарының ауырлығын төмендететін басқа да қорғаныс шаралары туралы айту ұсынылады.
Авариядан кейінгі қауіпсіздік -- автомобильдің, адамдарды жедел көшіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін қасиеттері.
Экологиялық қауіпсіздік -- бұл көлік құралдарының қоршаған ортаның ластануының, сондай-ақ олардың шуы мен дірілінің алдын алатын немесе төмендететін қасиеттері.
Білім алушыларға жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жүргізушілерге автомобильдің габариттері, яғни ұзындығы, биіктігі, ені, доңғалақтар базасы, сондай-ақ жолдың бос аралығы мен ізі зор маңызға ие. Жүру үдерісінде көлік құралы түрлі кездейсоқ əсерлерге ұшырайды: доңғалақтарының бұдырларға соғылуы, ортадан тепкіш күштер, жел екпіндері. Тіпті түзу сызықпен жүру кезінде бұл күштердің əрекетінің нəтижесінде автомобильді негізгі траекториядан өздігінен ауып кетуі орын алады. Тиісінше, жүргізушіге берілген таректорияны тұрақтандыра отырып, үнемі рульмен бұрып, отыруға тура келеді.

Автомобильдің деформацияланатын бөліктері 2.15 -суреті. Шанақтың конструкциясы

Автомобильдің жылдамдығы мен ұзындығы қаншалықты үлкен болса, туындайтын динамикалық дәліз соншалықты үлкен, әсіресе бұрылыстардан өту кезінде, себебі автомобильдің алдыңғы және артқы доңғалақтары әртүрлі радиустармен жүреді, бұл динамикалық дәліздің оның енінен 1,5... 2,0 есеге ұлғаюына әкеледі (2.16-суреті).
Жылдамдықты 10 км/сағ-на арттыру автопойыздың оның геометриялық және салмақтық параметрлеріне қарай 0,25...0,50- м-ге ескертеді. Автомобиль салмағы неғұрлым үлкен болса, оның тұрақтылығының нашарлауы салдарынан оны басқару соғұрлым қиын. Ауыр автомобиль бертіндеп екпіндейді және тоқтайды. Автомобильдің тарту-жылдамдық қасиеттері оның жоғары жылдамдықпен жүруін немесе жүру кедергісі жоғары жол учаскелерінен өту қабілеттерін сипаттайды. Тарту-жылдамдық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері -- бұл максималды жылдамдық, белгілі бір жылдамдыққа дейін екпіндеу уақыты, төтеп берілетін еңістің үлкендігі.
Тежегіштік серпінділік автомобильдің жылдамдықты шапшаң азайту қабілеті мен оның жедел аяудауға дайындығын сипаттайды. Сенімді әрі тиімді тежегіш жүйесі жүргізушіге автомобильді үлкен жылдамдықпен сенімді жүргізуге мүмкіндік береді және қажет болған жағдайда оны жолдың қысқа учаскесінде тоқтатуға мүмкіндік береді. Қазіргі кездегі автомобильдердің төрт тежегіш жүйесі бар: жұмыс, қосымша, тұрақ және көмекші және қосалқы. Білім алушыларға олардың маңызы мен сипаттамаларын түсіндіріп, олардың назарын автомобильді басқару үдерісінде жүргізуші жұмыс тежегіш жүйесін қаншалықты аз пайдаланса, оның шеберлігі соншалықты жоғары екендігіне аудару қажет.

2.16 -суреті. Автомобильдің бұрылыс кезіндегі алдыңғы жəне артқы доңғалақ радиустарының схемасы: ЦП -- бұрылу ортасы; а -- автомобильдің номиналды ені; А -- автомобильдің бұрылыс кезіндегі динамикалық ені
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар

Белсенді қауіпсіздік.
Пассивті қауіпсіздік.
Авариядан кейінгі қауіпсіздік.
Экологиялық қауіпсіздік.
Автомобильдің габариттері жəне қауіпсіздік.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Белсенді қауіпсіздік
Пассивті қауіпсіздік
Автомобиль жолдарының сипаттамасы
Жолдың қарсы бетінде рұқсат етілген тоқтап тұру
Реттелмейтін жол қиылысында басып озу схемасы
Карданды берілістердің қызметі
Автокөліктердің жол қозғалысыдағы апаттарының себептері және түрлері, статистикасы
Білім алушыларға жол - көлік ахуалдарының қауіпті дамуын болжау негіздерін түсіндірген дұрыс
ҚОЗҒАЛМАЛЫ - КӨТЕРГІШ РОБОТ
Автокөліктің жалпы құрылымы
Пәндер