Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жүргізушінің дене жағдайы
Пәннің атауы: Көліктердің қозғалыс қауіпсіздігі және басқару техникасы
Сабақтың тақырыбы: Автокөлік қозғалыстың қауіпсіздігіне әсер ететін көрсеткіштер.
Топтар
Аэл 9-181
Сабақ өтетін күн
03.02.2021
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Жүргізушінің сенімділігінің негізгі құрамдас бөліктері.
Жүргізушінің рухани қасиеттері.
Жүргізушінің жұмыс жəне демалыс режимі.
Жүргізушінің дене жағдайы. Жүргізушінің қозғалу, сенсорлық жəне ойлау дағдылары.
Жүргізушінің жұмыс қабілеттігі мен шаршағыштығы.
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Автокөлік қозғалыстың қауіпсіздігіне әсер ететін көрсеткіштер.
Автомобильдің техникалық жарамдылығы мен авариясыз жұмысы көбінесе жолға шығар алдында оның техникалық күйін тексерумен қамтамасыз етіледі. Тиісінше, тəжірибелік жүргізіп үйрену кезінде: автомобильді жұмысқа жылдам əрі сапалы дайындауды; оның техникалық күйін тексеріп отыруды; автомобиль жұмысы мен жүріс қауіпсіздігіне əсер ететін ақауларды анықтауға үйрену қажет.
Автомобильді бақылаулық тексеріп қараудың сегіз негізгі нүктесі бар (4.4-суреті).
Бірінші тексеріп қарау нүктесі -- кабинасы (ішінен), құрал- жабдығы. Кабинаны қарап шығып, қажет болған жағдайда одан шаң-тозаң мен батпақты кетіру, жел əйнектері, артқы жəне бүйір əйнектерін, артқы көрініс айналарын сүрту қажет.
Сонан соң есік құлпының, кабинаның сол жақ есігінің əйнек көтергішінің, күн сəулесіне қарсы қалқаншалардың жарамдылығын, кабинаның тығыздалуын, сондай-ақ іске қосу тұтқасының, авариялық аялдау белгісінің, дəрі қорабының, өрт сөндіргіштің, құрал-жабдықтар жиынтығының жəне оның толымдығын тексеру қажет, сонан соң меңгерік дөңгелегінің люфтісін, ажыратқыш, тежегіштер басқыштарының жəне басқару тұтқыштарының еркін қимылын шамалап анықтау қажет.
Тексеріп қараудың екінші нүктесі -- алдыңғы сол жақ доңғалағы, қанаты, рессор, амортизатор, меңгерікпен басқару жетегі. Доңғалақтың бекітілуін, шиналардың жай-күйін, ондағы ауа қысымын, рульдік ілмектің бекітілуін, руль тартқыштарының қосылыстарының жəне шплинтпен бекітілуінің беріктілігін, рессордың, амортизатордың, қанаттың жай-күйі мен бекітілуін, фаралар мен қосымша шамдардың, нөмір жəне таным белгілерінің тазалығын тексерген жөн.
4.4 -суреті. Жолға шығар алдында автомобильді бақылаулық қарап тексеру нүктелері (1... 8)
Тексеріп қараудың үшінші нүктесі -- алдыңғы оң жақ қанат, қанат, рессор, амортизатор, кабина есігі. Доңғалақтың бекітілуін, шиналардың жай-күйін, ондағы ауа қысымын, рессордың, амортизатордың, қанаттың жай-күйі мен бекітілуін, фаралар мен қосымша шамдардың тазалығын, есік құлпы мен есіктің əйнек көтергішінің жарамдылығын тексеру қажет.
Қарап тексерудің төртінші нүктесі -- оң жақ артқы доңғалақ, рессор, рессоржастанғы, шанақты оң жақ борты. Доңғалақтың бекітілуін, шиналардың жай-күйін, ондағы ауа қысымын, рессордың, рессоржастанғының, борттың жай-күйі мен бекітілуін, борт ілмектерінің жарамдылығын тексерген жөн, сондай-ақ жүк платформасын қарап шығып, оны батпақтан, қардан, артық заттардан тазарту қажет.
Қарап тексерудің бесінші нүктесі -- шанақтың артқы борты, фонарьлар, нөмір жəне таным белгілері. Борттың бекітілуін, оның ілмектерінің жарамдылығын, оған салынған белгілердің тазалығын, фонарьлардың, тоқтау сигналдарының тазалығын, сүйрету икемқұралының жарамдылығын тексерген жөн.
Тексеріп қараудың алтыншы нүктесі -- сол жақ артқы доңғалақ, рессор, рессоржастанғы, шанақтың сол жақ борты. Доңғалақтың бекітілуін, шиналардың жай-күйін, ондағы ауа қысымын, рессордың, рессоржастанғының, борттың, жанармай бағының, тұндырғыш-фильтрдің жай-күйі мен бекітілуін, жанармай бағы мен тұндырғыш-фильтрдің қосылысын, борттың бекітілуін, күрек пен буксирлік тростың болуын тексеру қажет.
Тексеріп қараудың жетінші нүстесі -- қозғалтқыш.
Қозғалтқыштың сыртқы бетін шаң-тозаң мен батпақтан тазартып, сондай-ақ қозғалтқыш картеріндегі майдың, радиатордағы салқындатқыш сұйықтықтың деңгейін, компрессор белдіктерінің керілісін, генератор мен гидрокүшейткіштің жай-күйін тексеру жəне салқындатқыш сұйықтықтың, майдың, жанармайдың астынан ағып тұрған жері жоқ екенін анықтау қажет.
Тексеріп қараудың сегізінші нүктесі -- іске қосылған қозғалтқыш, бақылау аспаптары, тежегіштер, икемқұралдар. Қозғалтқышты іске қосып, оны 70... 80°С-қа дейін қыздыру, иінді біліктің түрлі айналу жиіліктерінде қозғалтқыш жұмысын тыңдау, иінді біліктің орташа айналу жиіліктерінде көрсеткіш бойынша жүйедегі май қысымын тексеру, сондай-ақ дыбыстық сигналдың, əйнек тазалағыштардың, əйнек шайғыштарының, жел əйнегінің қыздырғыштарының, желдету жəне жылыту жүйелерінің, тоқтау сигналдарының жұмысын тексеру қажет.
Жаттығу дайындығы кезінде білім алушылар жеңіл автомобиль кабинасында отыруды меңгергендіктен, жүк автомобилінің кабинасында отыруды қарастырған жөн, онда бастапқы жаттығулар автодромда өткізіледі.
Жүк автомобилінің кабинасына отыру кезінде:
■ кабина есігін сол қолымен ашып, сол аяқты баспалдаққа қою;
■ сол қолмен есіктің ішкі тұтқасына сүйене отырып, кабинаға көтерілу, бұл ретте оң қолды руль дөңгелегінің үстіне, ал оң аяқты - тежегіш басқышына қою;
■ отырғышты, артқы көрініс айнасы мен қауіпсіздік белдіктерін жүргізушінің бойына қарай реттеу қажет.
Шебер білім алушылардың іс-қимылдарын бақылап, жіберілген қателіктерін көрсетуі тиіс.
Одан əрі білім алушыларға автомобиль кабинасында орналасқан бақылау-өлшеу аспаптары мен икемқұралдарын атап жəне сипаттап беру тапсырмасын беру қажет.
Сонымен қатар білім алушылардың қозғалтқышты іске қосуға дайындау жəне оны қыздыру қағидаларын білетінін анықтау қажет. Олардың назарын қозғалтқышты суық күйінде іске қосу ерекшелігіне аудару.
Білім алушылар қозғалтқышты іске қосі, оны қыздыру жəне істеп тұрған қозғалтқышты тоқтату тəсілдерін өздігінен жаттықтырулары қажет. Бұл ретте шебер, олардың əрекеттерін бақылай отырып, жіберілген қателіктерін көрсетеді.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Жүргізуші жұмыс орнында қалай дұрыс отыруы қажет?
2. Отырғыштар мен артқы көрініс айналары қалай реттеледі?
3. Суық қозғалтқышты іске қосу жəне оны тоқтату қағидалары қандай?
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz