Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Реттелмейтін жол қиылысында басып озу схемасы

Пәннің атауы: Көліктердің қозғалыс қауіпсіздігі және басқару техникасы
Сабақтың тақырыбы: Максималды жылдамдық және өте жылдамдықне басып озу уақыты және жол.
Топтар
Аэл 9-201

Сабақ өтетін күн
10.02.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
1. Жүргізуші жұмыс орнында қалай дұрыс отыруы қажет?
2. Отырғыштар мен артқы көрініс айналары қалай реттеледі?
3. Суық қозғалтқышты іске қосу жəне оны тоқтату қағидалары қандай?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Максималды жылдамдық және өте жылдамдықне басып озу уақыты және жол.
Басып озу мен айналып өту жолдың өткізгіштік қабілетін арттыруға ықпал ететін ең кеңінен таралған маневр түрлері, алайда олар əрқашан тəуекелмен байланысты. Әсіресе қарсы жолаққа шығуға тура келген жағдайда көп кездеседі. Басып озу, əдетте, жоғары жылдамдықпен орындалады, бұл басып озудың басқа да бірқатар ерекшеліктері сияқты ЖКО ықтималдығын арттырады.
Білім алушыларға бейнематериалдар мен фотосуреттер арқылы басып озумен байланысты ЖКО жағдайларын көрсету қажет. Білім алушылардың назарын жүргізушінің басып озуға дайындығы мен оның қисындылығын бағалау талабына аудару қажет.
Басып озу қажетті əрі қауіпсіз екендігіне көз жеткізген соң, жүргізуші оны сол жағынан орындай алады. Сонымен қатар, жүргізушісі солға бұрылу белгісін берген жəне маневрді жасауға кіріскен көлік құралын басып озу оң жағынан да жүзеге асырылуы мүмкін (1.37-сурет).
Басып озу кезіндегі қауіпсіздік басып озып келе жатқан автомобиль жүргізушісінің ғана емес, басып озылатын көлік құралы жүргізушісінің іс-əрекетіне де байланысты: басып озылатын автомобильдің жүргізушісі ешбір жағдайда басып озып келе жатқан жүргізушіге кедергі келтірмеуі қажет.

1.37 -суреті. Оң жағынан басып озу схемасы

Бұдан əрі білім алушыларға басып озу тактикасын түсіндіру қажет.
Басып озуды орындау үшін орын алған қатарынан шыққан кезде жүргізуші шолу мүмкіндігін жоғалтады. Шолу мүмкіндігінің нашарлауы - қауіптердің бірі, ол жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жеткілікті түрде сақтанбаған жағдайда ЖКО-ға əкеп соқтыруы мүмкін.

1.38 -суреті. Реттелмейтін жол қиылысында басып озу схемасы
Сонан соң білім алушыларға басып озуға тыйым салатын ЖЖҚ барлық тармақтарын атап өтіп, олардың əрқайсысын негіздеу қажет.
Білім алушылардың назарын басты жолмен жүру кезінде реттелетін жол қиылысы мен реттелмейтін жол қиылысында басып озу тактикасына аудару (1.38-суреті).
1.13 жəне 1.14 белгілерімен белгіленген жол учаскелерінде кедергі болған жағдайда түсіп келе жатқан көлік құралының жүргізушісі жол беруі керек, себебі көтеріліп келе жатып аялдау жəне сонан соң орнынан қозғалу түскен кездегіге қарағанда анағұрлым күрделірек (автомобильдің төмен қарай сырғу ықтималдығы туындайды).

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Басып озу дегеніміз не?
2. Басып озып келе жатқан жүргізушіге қандай талаптар қойылады?
3. Қандай жерлерде басып озуды жүзеге асыруға болады?
4. Қандай жағдайларда оң жағынан басып озуға рұқсат етіледі?
5. Қандай жол қиылыстарында басып озуға тыйым салынады жəне неліктен?
6. Қандай жағдайда жəне қандай жолдарда басып озып келе жатқан жүргізуші сол жақ жолақта қала алады?
7. Артында кептеліс пайда болған баяу жүріп келе жатқан көлік құралының жүргізушісі не істеуі қажет?
8. Реттелетін жол қиылысында басып озуды қалай дұрыс орындау қажет?

V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Тұрғын аймақтардағы және ауыл жолдары
Автокөлік жүргізушінің қауіпті жол жағдайларда орындайтын әрекеттері
Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктеріне орналастыру
Жүру үшін ортаңғы жолақты пайдалану
Солға бұрылу
Велосипедке қойылатын техникалық талаптар
Басып озар алдында жүргізуші
Автокөліктердің жолда жүру қауіпсіздігін жағдайларын бақылау
Автомобиль жолдарының санаттары
Жаяу жүргіншілер міндеттері
Пәндер