Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Автомобиль жолдарының санаттары
Пәннің атауы: Көліктердің қозғалыс қауіпсіздігі және басқару техникасы
Сабақтың тақырыбы: Автокөлік жолдарының сипаттамалары және элементтері
Топтар
Аэл 9-181
Сабақ өтетін күн
17.02.2021
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
1. Басып озу дегеніміз не?
2. Басып озып келе жатқан жүргізушіге қандай талаптар қойылады?
3. Қандай жерлерде басып озуды жүзеге асыруға болады?
4. Қандай жағдайларда оң жағынан басып озуға рұқсат етіледі?
5. Қандай жол қиылыстарында басып озуға тыйым салынады жəне неліктен?
6. Қандай жағдайда жəне қандай жолдарда басып озып келе жатқан жүргізуші сол жақ жолақта қала алады?
7. Артында кептеліс пайда болған баяу жүріп келе жатқан көлік құралының жүргізушісі не істеуі қажет?
8. Реттелетін жол қиылысында басып озуды қалай дұрыс орындау қажет?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Автокөлік жолдарының сипаттамалары және элементтері
Алдымен автомобиль жолдарының ел экономикасындағы, адам қажеттіліктерін қанағаттандыру мен қауіпсіз жүрісті қамтамасыз етудегі маңызын атап өту қажет. Жұмыс үдерісінде жүргізуші сезінетін психикалық жəне дене қысымы жол жағдайының нашарлауымен бірге айтарлықтай артатындығына назар аударған жөн. Бұл жағдайда назарды бір объектіден екінші объектіге олардың қауіптілігін бағалай отырып аударып отыруға тура келеді, ал шешім қабылдау кезіндегі əрбір кешігу қателіктерге, демек ЖКО-ға əкеп соқтыруы мүмкін. Тіпті жолдар желісі жақсыдамыған елдерде де (Ұлыбритания) ЖКО-ның 25 %-дан астамы жол ақауларынан орын алады: бетінің тайғанақтығы, техникалық құралдармен қанағаттанарлықсыз жабдықталуы, жол бойындағы кедергілер, қоршаулардың жоқтығы жəне т.с.с. Біздің елімізде қанағаттанарлықсыз жол жағдайлары ЖКО-ның 30...40%-ның себебі болып табылады.
Жолда ЖЖҚ-ның негізгі нұсқауларын орындау міндетті. <<Жол>> ұғымы жердің көлік құралдарының жүруі үшін пайдаланылатын кез келген учаскелерді қамтиды. Бұл учаскелер арнайы жайластырылған болуы (көше, даңғыл, елді мекеннен тыс жол) жəне бір немесе бірнеше жүру бөлігінен, жол жиегінен, тротуардан, бөлу жолақтарынан, трамвай жолдарынан тұруы мүмкін (2.20-суреті).
Заманауи автомобиль жолы -- бұл күрделі инженерлік техникалық құрылыс. Көлік құралдарының жүруіне жодың жабыны қатты жүру бөлігі пайдаланылады.
Экранға немесе интерактивті тақтаға шығарылған суретті пайдалана отырып, жолдың негізгі элементтерін атап, олардың маңызын түсіндіру қажет.
Сондай-ақ жүріс қарқындылығы мен техникалық талаптарына қарай автомобиль жолдары Ресейде бес санатқа бөлінетінін айту қажет.
I санатының жолдарына бөлу жолағы бар, жүру бөлігінің ені 15 м-ден асатын автомагистральдар жатады. Мұнда жүрістің əр бағыты үшін екі немесе одан көп жолақтар қарастырылған. Жолақтың ені шамамен 3,75 м-ді құрайды. Мұндай жолдардың өткізгіштік қасиеті
-- тəулігіне 7 000 автомобильден астам.
II санат жолдарының жүру бөлігінің ені кем дегенде 7,5 м болғанда асфальтталған немесе бетондық жабыны болады. Мұндай жолдардың бойлық еңісі 4 %-дан аспайды, ал өткізгіштің қасиеті - тəулігіне 3 000-нан 7 000-ға дейін.
III санатқа жататын жолдар жеңілдетілген техникалық талаптар бойынша салынады. Мұндай жолдардағы жүріс қарқындылығы тəулігіне 1 000 -нан 3 000 автомобильге дейін.
IV санат жолдарының топырақ суларымен оңай жұмсаратын негізі жəне жетілдірілмеген қатты жабыны болады - жұмыр тас немесе қиыршық тас. Жолақтың ені бұл жерде 3 м-ден аспайды, максималды бойлық еңістер 6%-ға жетеді. Мұндай жолдарда қыста тазалағаннан кейін қар мен мұз қабаты қалуы мүмкін, ал көктемде белгілі бір автомобильдер үшін олармен жүруге шектеулер енгізеді. Мұндай жолдың əлсіреген төсемі жүктеме түскенде оңай майысады, сондықтан онымен көктемде жəне жаңбырдан соң үлкен сақтықпен жүру қажет. Мұндай жолдар тəулігіне 200-ден 1 000 автомобильге дейін өткізуге қабілетті.
V санатының жолдарының жабыны өте төмен типті болады немесе тіпті болмайды. Олардың бойлық еңісі 7 %-ға жетеді. Мұндай жолдар тəулігіне 200 автомобильге дейін өткізе алады. Аяздар түсісімен жəне жазда құрғақ ауа райында топырақты жолдар жақсы қасиеттерге ие болады, ал лайсаң мен қар басу кезеңінде олар əдетте пайдалануға жарамсыз болып қалады.
Жолдың рельссіз көлік құралдарының жүруіне арналған жүру бөлігінің тиісінше бірнеше жабын қабаттарынан: үстіңгі - барынша қатты қабаттан, негізден жəне қосымша негіз қабатынан тұратын жол киімі болады.
Жолдар кез келген көлік құралдарының қарқындылығы, жылдамдықтары жəне жүктемесі бойынша өсетін жүрісін сенімді қамтамасыз етуге тиіс.
Жолдың қауіпсіздігі деп оның көлік құралдарының онымен қауіпсіз жүруін қамтамасыз ететін қасиеттерін жəне қоршаған ортаға зиянды əсерінің болмауын түсінеміз.
Білім алушыларға көлік құралының қауіпсіздігі тəрізді жол қауіпсіздігі де белсенді, пассивті, авариядан кейінгі жəне экологиялық құраушылардан тұратынын түсіндірген жөн.
Жолдың белсенді қауіпсіздігі деп оның ЖКО туындауына бөгет жасайтын қасиеттерін түсінеміз. Жолдың белсенді қауіпсіздігінің элементтеріне оның жақсы іліністік қасиеттері, стационарлық жарық берудің болуы жəне геометриялық параметрлері (еңістері, айналма радиустары, бөлі жолағының ені, жол жиектерінің ені, жолақтар саны) жатады.
Пассивті қауіпсіздік -- бұл жолдың, мүмкін ЖКО салдарының ауырлығын төмендетуге мүмкіндік беретін қасиеттері. Пассивті қауіпсіздік элементтеріне жолақтың қоршауы, жол бойындағы қалың бұта, авариялық тығырықтар жатады.
ЖКО салдарын тездетіп жоюды, байланыс жəне ақпарат құралдарымен жабдықталуды қамтитын жолдың авариядан кейінгі қауіпсіздігі қамтамасыз етеді.
Жолдың экологиялық қауіпсіздігі -- бұл оның қоршаған ортаға зиянды əсер тудырмайтын жағдайы. Жол құрылысы кезінде пайдаланылатын материалдар, жолға тікелей жақын өмір сүретін адамдардың денсаулығына, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарларға зиян келтіретін улы заттардан тұрмауы қажет.
Білім алушыларға ақпараттың жүргізушіге бағдарлануға жəне қауіпсіз жүріс режимін сақтауға мүкіндік беретін айтарлықтай маңызды көздері туралы жан-жақты айтып беру қажет.
Сондай-ақ жолдарда жүріп өту үшін жылдамдықты азайту қажет жерлер (көпірлер, тайғақ учаскелер, қоғамдық көлік аялдамалары, кішкентай радиусты бұрылыстар, тар жүру бөлігі, қиылыстар), көрудің жетіспеушілігі, бекітілмеген жол жиегі жəне т.б. елеулі қауіп төндіреді.
Қиын ауа райы жағдайлары (кенеттен болған көктайғақ, қар басу, қысқа жарықты күн, жол жұмысшыларының ауыр еңбек жағдайлары) қыс мезгілінде жолды тиісті түрде ұстауды қиындатады.
Жолмен ілінісу коффициентінің оқыс құлауы автомобильдің тежеу жолы ұзындығының көп ұлғаюына əкеледі. Жолдың көліктік- пайдалану қасиеттерін арттырудың негізгі шаралары болып:
■ жабынның тегістігін сақтау (шұңқырларды, шөгулерді бітеу);
■ жабынның талап етілетін бұдырлығын сақтау;
■ жүйелі түрде батпақ пен шаң-тозаңды кетіру;
■ жол жиектерін бекіту;
■ қажетті көру мүмкіндігін қамтамасыз ету табылады.
Білім алушыларға жолдың жөндеуін жүргізушілердің мүдделеріне нұқсан келтірмей жүргізу мүмкін еместігін, себебі бұл ретте жүру бөлігін ішінара немесе толығымен жабуға тура келеді. Автомобиль жолдарында құрылыс жəне жөндеу жұмыстарын орындау кезінде, жол жəне коммуналдық қызметтер ЖЖҚМИ- мен бірлесіп, бұл бөліктегі жүрісті қажетті жол белгілерін, қоршау құрылғыларын қойып, айналып өту сигналдарын орната отырып, ұйымдастырулары қажет, ал қажет болған жағдайда аталған жөндеу-құрылыс учаскесін толығымен жайластырғанға дейін маршрутты уақытша өзгертуге қажетті шаралар қабылдауы тиіс. Жөндеуге арналған механизмдерді, инвентарьды, материалдарды, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүру режимін бұза отырып орнатуға тыйым салынады.
Қыс мезгілінде жолдардағы қар басулар, көктайғақтар, айналадағы ауаның төмен температурасы, қысқа жарықты күн қауіп төндіретінін ерекше атап өту қажет.
Қысқы жолдарға қар мен мұздан салынатын автомобиль жолдары мен мұз өткелдері жатады. Мұз өткелінің екі жағынан да жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, оның осінен 5 м жəне бірі екіншісінен 15... 20 м арақашықтықта анық байқалатын белгілер қойылады, сондай-ақ мұндай өткелді пайдалану қағидалары туралы ақпаратты іліп, жол белгілерін орнатады. Мұндай учаскелерде жолаушыларды тасымалдауға қатаң тыйым салынады.
Жолдарды ұстау сапасы автомобиль - жүргізуші - жол жүйесінде жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты факторы болып табылады.
Жолдағы қауіпсіздік автомобильдердің техникалық күйіне де, жəне ішінара шиналардың күйіне байланысты болатындығына ерекше көңіл аудару қажет.
Пайдалану мақсаты мен шарттарына қараймынадай шина түрлерін ажыратады:
■ жол шинасы (тұрмыста оны жазғы деп атайды), оңтайлы температурада шоссе жолдарында пайдалануға арналған. Бұл типтің шиналары шоссенің құрғақ жəне сулы бетімен өте жақсы ілінісуді қамтамасыз етеді, тозуға төзімділігі жоғары болады жəне жылдам жүруге өте жақсы бейімделген. Топырақты жолдармен (əсіресе сулы) жəне қыста жүруге олар жарамсыз;
■ қысқы, мұз басқан жəне қар басқан жолдарда пайдаланылады, олардың жабынының ілінісу қасиеттері жағдайға байланысты ең азынан (жылтыр мұз немесе қар мен судың араласуы) аздап үлкенірегіне (аязда тапталған қар) өзгеруі мүмкін. Мұндай шиналар жол шиналарынан кем түсе отырып, əжептəуір жол қасиеттеріне ие болады. Көптеген қысқы шиналар тайғақтауға қарсы бүртабандарды орнату үшін тағайындалған немесе олары бар болады;
■ əрмезгілдік, жол шиналары мен қысқы шиналар арасындағы ымыралы нұсқа болып табылады, жəне сондықтан маусымға тəн жағдайларда біріншісінен де екіншісінен де іліністі қамтамасыз ету бойынша кем түседі. Алайда бұл шиналар автомобильді жыл бойы бір шина жиынтығымен пайдалануға мүмкіндік береді;
■ əмбебап шиналар, шоссе жолдарында да, топырақты жолдарда да пайдалануға мүмкіндік беретін қасиеттерге ие. Мұндай шиналарды шоссе мен топырақты жолдарда шамамен бірдей жүретін жол талғамайтын көлңктерге пайдаланған жөн.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Автомобиль жолдарының сипаттамасы.
2. Автомобиль жолдарының санаттары.
3. Жол жүрісі туралы ақпарат.
4. Жол жағдайының жүріс қауіпсіздігіне əсері.
5. Жол құрылысы мен жол
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz