Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Автомагистральдық жолды жасыл фонды

Пәннің атауы: Көліктердің қозғалыс қауіпсіздігі және басқару техникасы
Сабақтың тақырыбы: Автоарналар (автомагистраль) автокөлік жолдарының қаүіпті аймағы
Топтар
Аэл 9-181

Сабақ өтетін күн
02.03.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
1. Автомобиль жолдарының сипаттамасы.
2. Автомобиль жолдарының санаттары.
3. Жол жүрісі туралы ақпарат.
4. Жол жағдайының жүріс қауіпсіздігіне əсері.
5. Жол құрылысы мен жол
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Автоарналар (автомагистраль) автокөлік жолдарының қаүіпті аймағы

Автомагистральдарда көлік құралдарының жоғары жылдамдықпен жүруіне жағдай жасалған.
Автомагистральдық жолды жасыл фонды 5.1 белгісімен белгілейтінін көрсеткен жөн. Автомагистраль 5.2 белгісі орнатылған жерде аяқталады. Жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автомагистральдарда кері бұрылуға, артқа жүруге тыйым салынан, көліктің жекелеген түрлері үшін шектеулер енгізілген жəне тракторлардың, өздігінен жүретін машиналардың жəне де жылдамдығы 40 км/сағ-тан кем басқа көлік құралдарының жүруіне тыйым салынған.
Әр тыйым салуды немесе шектеуді интерактивті тақтаның көмегімен, тиісті схемаларды келтіре отырып, немесе аталған тақырып бойынша заманауи компьютерлік бағдарламалардың көмегімен көрсету қажет.
Автомагистральдарға кіру жəне олардан шығу тəртібін талдай отырып, мұндай жерлерде 1.8 көлденең таңбасының жалпақ үзікті сызығымен көсетілетін екпіндеу жəне тежелу жолақтары ұйымдастырылатынын атап өткен жөн. Бұл жүрістің жоғары жылдамдықтарын ұстап тұруға, сондықтан автомагистральдың өткізгіштік қасиетін арттыруға мүмкіндік береді.
Рұқсат етілген максималды салмағы 3,5 т-дан асатын жүк автомобильдерінің жүру тəртібін қарастыра отырып, білім алушыларға мұндай автомобильдердің басқа көлік құралдары жүргізушілерінің шолу мүмкіндігін барынша нашарлатанын, сондықтан оларға автомагистральдарда екінші жолақтан аспай жүруге рұқсат етілетінін түсіндіру қажет.
6.4 жіне 7.11 белгілерімен белгіленген жерлерден басқа жерлерде аялдау жəне тоқтап тұруға тыйым салудың себебін түсіндіру кезінде, барлық мүмкін жағдайларда көлік құралдарының аялдауы жүріс қауіпсіздігі жағдайларын күрт нашарлататынын, белгіленген қағидаларды бұзу қандай салдарларға əкеп соқтыруы мүмкін екенін көрсетуі қажет.
Мəжбүрлі аялдау кезінде көлік құралын жүру бөлігінің шегінен тыс шығарып, авариялық сигнал беруді қосу жəне кем дегенде 30 м арақашықтықта авариялық аялдау белгісін қою қажет (1.48-суреті).

Көлік құралдарының тұрғын аймақтарда жүру тəртібін түсіндіру кезінде, тұрғын аймақ - бұл оған кіру мен одан шығу 5.21 жіне 5.22 белгілерімен белгіленетін аумақ екенін көрсету қажет.
Тұрғын аймақтарда жүру қағидалары аула аумақтарына да таралады.
ЖЖҚ-ға сəйкес аула аумақтарына қолданылатын тыйымдарды түсіндіру қажет.
Маршруттық көлік құралдарының басымдығы бойынша материалды баяндау кезінде білім алушыларға <<маршруттық көлік құралы>> жəне <<көлік құралының артықшылығы (басымдығы)>> терминдерінің анықтамаларын еске салу қажет.
5.11, 5.12, 5.13.1, 5.13.2 жəне 5.14 белгілерімен белгіленген, яғни басқа көлік құралдарына жүруге жəне аялдауға тыйым салынатын, маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарға ерекше тоқталу қажет.

1.49 -суреті. Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ болған кездегі жол жүрісінің схемасы
Алайда егер бұл жолақ қалған жүру бөлігінен таңбаның үзік сызығымен бөлінген болса, онда бұрылу үшін басқа көлік құралдары оған ауысады. Сондай-ақ бұл жолаққа маршруттық көлік құралдарына кедергі тудырмастан жолаушыларды мінгізу жəне түсіру үшін шығуға рұқсат етіледі (1.49-сурет).
Бұдан əрі елді мекендерде автомобиль жүргізушілері троллейбустар мен автобустар белгіленген аялдамалардан жүруді бастаған кезде оларға жол беруге тиіс екенін атап өту қажет.
Жол жүрісі қағидалары таксиді маршруттық көлік құралдарына жатқызбайды, сондықтан оларға жолда аталған артықшылықтар берілмейді.
Сонымен қатар, жүргізушілердің тұрғын аймақтар мен автомагистральдарда жіберетін əдеттегі қателіктерін түсіндіру қажет.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Автомагистральдарда ЖЖҚ неге тыйым салады?
2. Автомагистральдарда тіркемесі бар жеңіл автомобильдер үшін қандай максималды жылдамдық рұқсат етілген?
3. Автомагистральдарда қандай жерлерде кері бұрылуға рұқсат етілген?
4. Аула аумақтары аймағында автомобиль жүргізушісіне қандай əрекеттерге тыйым салынған?
5. Тұрғын аймақтарда толассыз жүру деген нені білдіреді?
6. Автомагистральда автомобильдің мəжбүрлі аялдауы кезінде жүргізуші не істеуі қажет?

V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Графиктік процедуралар. 8 сынып
Презентацияларды құру. безендіру шаблондары. 6-сынып
Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар
Кадырлық анимация
Power point бағдарламасында гиперсілтеме құру. 6 сынып
Қызыл көзі
Көкпар ойынының тапсырмасы
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп
Нұсқау белгісі
Барлық оқушылар. Сабақ тақырыбы
Пәндер