Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жол автокөлік апаттарының түсініктемесі және жағдайлары

Пәннің атауы: Көліктердің қозғалыс қауіпсіздігі және басқару техникасы
Сабақтың тақырыбы: Жол автокөлік апаттарының түсініктемесі және жағдайлары.
Топтар
Аэл 9-181

Сабақ өтетін күн
03.03.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
1.<<Жүргізушінің сенімділігі>> терминіне анықтама беріңіз.
2.<<Автомобильді басқара білу>> ұғымын қалай елестетесіз?
3. Жүргізуші кабинасындағы микроклимат оның сенімділігіне қалай əсер етеді?
4. Жүргізушінің жұмыс қабілеттігіне қандай факторлар əсер етеді?
5. Темпераменттің қай типі жүргізуші болып жұмыс істеуге аса жарамсыз?
6. Шылым шегу жүргізушінің жұмыс қабілеттігіне қаалай əсер етеді?
7. Жүргізушіні тəрбиелеуде ұжымның рөлі қандай?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Жол автокөлік апаттарының түсініктемесі және жағдайлары.

Көлікті жүргізу кезінде қауіпсіздік үшін жүргізушінің өзі жəне қасындағы жолаушысы қауіпсіздік белбеуді таңып алуы тиіс. Ал МАИ қызметкерлері алдында ыңғайсыз жағдайдаға тап болмас үшін көптеген көлік жүргізушілер белбеуді қыстырмай өтірік көзге көрінетіндей жай ғана алдыңғы жағына лақтырып қояды. Бұл дұрыс емес. Тəжірибенің өзі бұған дəлел. Жол апаты кезіндегі көптеген ауыр жарақаттар, тіпті жүргізуші мен жолаушының соқтығу кезінде көліктен шығып кетуі осы белдеуді қыстырып қоймағаннан туындайды екен. Бұдан басқа, қауіпсіздік белбеуі жүргізуші мен жолаушының көлік шанағындағы кейбір элементтеріне соқтығысып, бас, омыртқа мен төс қуысына зиян келуінен жəне жарақат алуынан қорғайды (43 сурет).
Кейбір тіпті тəжірибелі жүргізушілердің өзі қате ойлап, қала жағдайында салыстырмалы жоғары емес жылдамдықтарда қауіпсіздік белбеуі аз пайда береді деп есептейді. Алайда бұл олай емес; біріншіден, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі дəл қалада болады.

Екіншіден, автокөліктің қозғалмайтын кедергіге соққысында тіпті 20 км/с жылдамдықта, автокөліктегі адамға осындай жүктемелер де əсер етеді, жүргізушінің қолының бұлшықеттері кедергіні жеңе алмайды жəне нəтижесінже ереже бойынша кеуде бөлігінің жарақаты туындайды, ал жолаушыларда бас жəне омыртқа жарақаты туындайды. Автокөлікте отырған адамдар үшін 60км/с жылдамдықпен келе жатып соқтығысу бесінші қабаттан құлаумен бірдей.
Қауіпсіздік белбеулері автокөлікте отырған адамдарды жарақаттан сақтандырып, ұстап қана қоймай, сонымен қатар олардың соққыда есінен тануын мүлде болдырмайды, қажет болғанда автокөліктен уақытылы кетуге мүмкіндік береді (мысалы, суға құлауда, жануда жəне т.б.), себебі белбеуді шешу бірден болады. Қауіпсіздік белбеуінің тиімділігін арттыру үшін олардың ұзындығын дене өлшемдерінің ұзындығымен мұқият реттеу қажет, яғни оларды жеке реттеуді жүргізу керек. Белбеу неғұрлым тығыз тағылса, ол соқтығыста жұмысқа ертерек қосылады жəне оның əрекеті де тиімдірек болады. Қазіргі автокөліктерде орнатылатын инерциялық типті қауіпсіздік белбеулері реттеуді талап етпейді.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автокөлікті басқарудың жоғарыда сипатталған тəсілдерін толығымен меңгеру жəне автоматты түрде орындау жəне басқарудың қалыпты жəне тиімді стилін ұстану керек. Бұндай стиль ретінде бірқалыпты қозғалу жəне автокөлікті тоқтату, бұрылыстардан бірқалыпты өту, сондай-ақ жол шарттарына сəйкес келетін қозғалыс жылдамдықтарын сақтау, ондағы күрт тежеулер жəне бұрылыстар, қатардан қатарға ауысу саны ең төмен жəне осы арқылы жеткізу қауіпсіздігі, сондай-ақ оның жайлылығы жəне үнемділігі артады.
Тəжірибеде қозғалтқыштың ең жоғары айналымдарында тез үдетуді жəне қозғалыстың жоғары жылдамдығын қалайтын басқарудың <<спорттық>> стилінің əуесқойлары əдетте, əсіресе қарқынды қозғалысы бар қала жағдайында күрт тежеуге жəне апат алдында маневр жасауға мəжбүр екені тəжірибеде дəлелденген. Бұнда қала жағдайында сапар уақытын кішігірім қысқарту жанар-жағармайдың шығынының артуымен, автокөлік детальдарының тез тозуымен, жүргізушінің жоғары жүрек қағысымен, жүйкелік ширығуымен жəне шаршауымен, сондай-ақ нервозды жағдай тудырумен жəне жолдағы апат ықтималдығының артуымен жалғасуы мүмкін. Автокөлікті осынлай басқару маневрінде ауаға шығарылатын зиянды заттардың артатыны жеке əңгіме .
Кейбір шамадан тыс асығатын жүргізушілер автокөлікті рұқсат етілмейтін жоғары жылдамдықтарда айдайды немесе алдыда кетіп бара жатқан автокөліктің <<құйрығына отырады>>, тіпті <<Мерседес>> немесе <> да бірден тоқтай алмайтынын сезінбейді жəне осы арқылы олар қайғылы оқиғаға əкелуі мүмкін апатты жағдайларды тудырады.
Қауіпсіздік тұрғысынан алғанда автокөлік жылдамдығы негізгі ағынның жылдамдығынан ерекшеленбеуі өте маңызды. /2/ кітапта, онда автокөлік жылдамдығы кез келген жақта (үлкен немесе аз) 80-90 км/с ағынның орташа жылдамдығында 35-40 км/с артық жол-көлік оқиғасына қатыстыру ықтималдығынан 700 есеге жоғары, ал бұнда қайтыс болу немесе жарақаттану ықтималдығы 100-200 есе көп деректер келтіріледі. Осыған байланысты жылдамдықты кемінде 10-15 жəне негізгі ағынның жылдамдығынан 15-20км/с артық емес жылдамдықты сақтауы тиіс.
Апаттық жағдай орын алған кезде қолда бар мүмкіндіктің барлығын пайдаланып, соңына дейін күресу керек, бойыңыздағы үрейді билей алмай, автокөлікті басқаруды жіберіп, істі өз бетімен жіберуге болмайды.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар

1.<<Жүргізушінің сенімділігі>> терминіне анықтама беріңіз.
2. Көлікті жүргізу кезінде қандай қауіпсіздік шаралары сақтау тиіс?
3. Жүргізуші кабинасындағы микроклимат оның сенімділігіне қалай əсер етеді?
4. Жүргізушінің жұмыс қабілеттігіне қандай факторлар əсер етеді?
5. Темпераменттің қай типі жүргізуші болып жұмыс істеуге аса жарамсыз?
6. Шылым шегу жүргізушінің жұмыс қабілеттігіне қаалай əсер етеді?
7. Жүргізушіні тəрбиелеуде ұжымның рөлі қандай?
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Автомобиль жолдарының сипаттамасы
Пассивті қауіпсіздік
Автомобильдің габариттері жəне қауіпсіздік
Автомобиль жолдарының санаттары
Жаяу жүргіншілер міндеттері
Автокөліктердің жол қозғалысыдағы апаттарының себептері және түрлері, статистикасы
Қауіпті жүктерді жіктеу
Жолаушы тасымалын ұйымдастыу
Автокөлік жүргізушінің қауіпті жол жағдайларда орындайтын әрекеттері
Автокөлік мұзды, қарлы немесе ластанған сырғанақ жол жабынында қозғалғанда басты ереже - дөңгелектердің тоқтап қалуына жол бермеу
Пәндер