Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Газдағы электр тогы. 8 сынып



Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Газдардағы,
вакуумдағы электр тогы

Сыныбы: 8 «А»

Пән мұғалімі: Елеусінова Мирамкүл

№202 орта мектеп

Бекітемін:
Күні: 19.02.2013 ж
Сыныбы: 8 «А»
Пәні: Физика және астрономия
Пән мұғалімі: Елеусінова Мирамкүл
Сабақ тақырыбы: §48, 49 Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы.

Электронды сәулелік
түтік.
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға газдардың иондану, вакуумдағы электр тогы, электрондық
сәулелік түтік туралы . екпінді иондану, плазма, найзағай туралы
түсінік
беру.
2. Оқушыларды ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап. Топтық жұмыс
Сабаққа қажетті құралдар: компьютер, слайдтар, видеопроектор,
Электронды оқулық,
амперметр, шам ,электрод
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
1. Ой қозғау.Кестені толтыр.
2.Тәжірибе жасау, электронды оқулықтағы тәжірибемен салыстыру.
3.Джигсо әдісі (Мәтінді оқып, топ болып талдау, презентация жасап,
қорғау)
4.Тест тапсыру. (Тестілеу құрылғысымен)
5.Бағалау. (Есеп шығару) Рефлексия
1. Кестені толтыр

Электролиздің қолданылуы

|Электролиз түрлері | Кім ашты |Қай салада қолданылады |
| | | |
| | | |
| | | |

2.Тәжірибе жасау, электронды оқулықтағы тәжірибемен салыстыру.
Автор орындығы: Қыздыру шамының тұзды және тұзсыз суда жану ,
жанбауын тексеру. Электронды оқулықтағы тәжірибемен салыстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ. (Видеофрагмент арқылы түсіндіріледі).
Джигсо әдісі (Мәтінді оқып, топ болып талдау, презентация жасап,
қорғау)

Қыздырғанда газ атомдарының не молекулаларының жылдамдығы артады. Соған
сәйкес олардың кинетикалық энергиясы да артады. Осындай атомдар не
молекулалар соқтығысқанда олардан электрондар үзіліп шығып, газда бос
электр зарядтары – электрондар мен оң иондар түзіледі. Мұндай процесс
газдың иондану деп аталады.
Электр тогы жоқ кезде газдағы электрондар мен иондар хаосты қозғалыс
жасайды. Олар соқтығысқан жағдайда қайтадан бейтарап молекулалар түзілуі
ықтимал. Осы процесті рекомбинация деп атайды.
Егер иондалған газда электр өрісін тудырса, онда иондар мен
электрондар реттелген қозғалысқа келеді де, тізбекте электр тогы пайда
болады.
Газдардағы электр тогы дегеніміз –электрондар мен оң және теріс
зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы болып табылады.
Егер иондалған газда электр өрісінің кернеулігін артырса, онда электр
өрісінен екпін алған электрондар бейтарап молекулалармен соқтығысып,
электрондарды жұла, оларды бейтараптайды. Ал, олар өз кезегінде электр
өрісінен екпін ала газдың басқа молекулаларының иондалуын тудырады.
Электрондар мен иондар санының тасқын тәріздес артуы байқалады. Газдың
осындай иондалуы екпінді иондалу деп аталады. Екпінді иондалу нәтижесінде
тізбектегі ток күрт өседі.
Егер иондалған газда екпінді иондану есебінен еркін электрондар мнн
иондардың саны күрт өссе, онда мұндай газ плазма деп аталады.
Вакуум – сиретілген орта, онда молекулалар санының аз, олардың
соқтығысу ықтималдығы өте аз.
Барынша жоғары температура кезінде металдан электрондардың ұшып шығу
құбылысын термоэлектрондық эмиссия деп атайды.
Вакуумдағы электр тогы термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде алынған
элеткрондардың бағытталған қозғалысы түрінде болады.
Термоэлектрондық құбылыс қолданылатын қарапайым құралдарға электрондық
шамдар жатады.
[pic]
Электрондық-сәулелік түтік деп электр сигналдарын көрінетін кескінге
түрлендіретін вакуумдық электронды аспапты айтады.

[pic]

IV. Пысықтау. Тест тапсыру. (Тестілеу құрылғысымен)

1. Қалыпты жағдайда газдар неліктен жақсы оқшаулағыш болып табылады?
2. Қандай жағдайларда газдар өткізгіштерге айналады?
3. Иондаушыларға мысалдар келтіріңдер.
4. Газдардағы электр тогы дегеніміз не?
3. Екпінді иондану қалай өтеді?
4. Плазма деген не?
5. Термоэлектрондық эмиссия деген не?
6. Оны қалай бақылауға болады?
7. Электрондық сәулелік түтік қалай жасалған?
8. Оның қызметін қалай түсіндіруге болады?

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау. Есеп шығару .

VІІ. Үйге тапсырма:§48,49.

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Электростатика негіздері

Сыныбы: 10 «б»

Пән мұғалімі: Елеусінова Мирамкүл

№202 орта мектеп


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Телехабар таратушылар орталығы
Тақырып Металдардағы электр тогы
Жарық энергиясы
Электр тогы
Металдардағы электр тогы
Фарадей заңы. 8 сынып
Қмж физика 7-сыныпқа арналған
Физика пәнінен жаратылыстану бағыты бойынша тереңдетіп оқытуға қосымша сабақ (факультатив) жоспары
Химия пәнінің мұғалімі
Жартылайөткізгіштердегі электр тогы
Пәндер