Автокөлік құралдарын пайдаланудағы техникалық күйінің өзгеру себептері

САБАҚ ЖОСПАРЫ №
Сабақтың тақырыбы: Автокөлік құралдарын пайдаланудағы техникалық күйінің өзгеру себептері
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
- Техникалық қызмет көрсету түрлерін атаңыз?
- Күнділікті техникалық қызмет көрсетуде қандай жұмыстар жүзеге асырылады?
- Маусымдық қызмет көрсету дегеніміз не?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Автомобильдің, оның жүйелерінің және агрегаттарының ұзақ уақытқа жарамдылығы: пайдаланылатын материалдардың сапасына, өндіріс технологиясына, оның құрылғыларын жетілдіруге, одан басқа, автомобильдің техникалық жағдайының өзгеруіне, жағар-жанармайдың сапасы, пайдалану жағдайы, жүргізушінің біліктілігі, сапалы қызмет көрсету жэне жөндеу жұмыстарына байланысты.
Кейінгі кездегі автомобильдердің құрылғыларын жетілдіру арқылы оның жұмыс істеу қорын арттыруға қол жеткізілді. Мысалы, ауыстырылатын цилиндрлер бірікпесін қолдану, динамикалық күшті азайтатын қысқа жүрісті қозғалтқышты пайдалану, айналу тербелісін жойғышты, қозғалтқыштың картеріне жабық желдету жүйесін пайдалану - майдың сұйылуын төмендетіп, жұмыс істеген газдағы зиянды заттарды азайтады.
А втомобильге уақытылы және сапалы техникалық қызмет көрсету - оның жұмыс істеу қабілетін жақсартады.
Мысалы, тежеу жүйесінде қалып пен барабанның арасындағы саңылау 0, 5 мм-ден 1 мм-ге дейін артқанда, тежеу жолы 20% дейін артады екен.
Басқару дөңгелегінің алшақтығы мен жантаюында ауытқу пайда бол- са жэне шиналарда ауаның қысымы кем болса, агрегаттың жұмыс істеу мерзімі күрт өзгеріп, жанармай шығынының артуына апарады, сондай- ақ автомобиль жоғарғы жылдамдықпен қозғалғанда, оның тұрақтылығы төмендейді.
Майды уақытылы ауыстырмау немесе техникалық жағдайда қарастырылғандай, қажетті майды пайдаланбау - агрегаттар мен жүйенің істен шығуын тездетеді.
Қозғалтқыштың оталдыру жүйесінде ұшқынның берілуі қалыпты жағдайдан бар болғаны бірнеше градусқа өзгеріске үшыраса, қозғалтқыштың қуатының 10-20% төмендейтіні және жанармай шығыны артатыны, ауаның температурасы төмендегенде қозғалтқыштың оталуы қиындайтыны, жұмыс істегенде қозғалтқыштың қызатыны және басқа да кемшіліктер пайда болатыны белгілі болған.
Автомобиль қозғалысында оның жұмыс тәртібін дұрыс таңдай білу жүргізушінің санатына байланысты, ол автомобильдің пайдалану мерзімін ұзартуға септігін тигізеді
Автомобильдің техникалық жағдайының қарқынды өзгеруіне әсер ететін факторлар: өндірістік; пайдалану жағдайы; өндірістік-пайдалану.
Өндірістік факторлар - автомобильдің техникалық жағдайының өзгеруіне әсер ететін жағдайлар: осы автомобильдің құрылымдық ерекшеліктері; өндірістің біртектілігі; сенімділігі.
Автомобиль толық жүктемемен жұмыс істегенде, оның бөлшектері бірте-бірте серпімділігін жоғалтады, пішінінде өзгеріс пайда болады, тетіктердің арасындағы саңылау ұлғаяды, бөлшектердің өзара орналасу тәртібі бұзылады, тетіктерден жылуды шығару тэртібі нашарлайды, соның нәтижесінде машинаның техникалық көрсеткіші төмендейді. Автомобильдің барлық элементтерінде жұмыс істеу қабілетін жоғалтпайтындай әртүрлі беріктік сипаттамасы болады. Дегенмен автомобильдің кейбір бөлшектері пайдалану мерзімінен бұрын істен шығады. Олардың козғалыс қауіпсіздігіне жэне пайдалану көрсеткішіне кері әсер ететіндігі белгілі.
Автомобиль элементтерінің жұмыс істеуге жарамдылығы техникалық жағдайына қарай анықталады. Тетіктердің техникалық жағдайы пайдалану барысында өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы, қозғалтқыштың цилиндрі мен поршеньдерінің арасында саңылаулар пайда болады, тежеу жүйесі қалыптарының қалыңдығы өзгереді, т. с. с.
Автомобильдің жұмыс істеу барысындағы техникалық көрсеткіші, оның жаңа кезінен межелі кезеңге дейінгі аралықтағы өзгерісі жұмысқа қабілеттілік жэне сенімділік түсінігімен бағаланады.
Жұмысқа қабілеттілік деп белгіленген техникалық көрсеткіштерге байланысты автомобильдің жұмысты орындай алатындай жағдайын айтады.
Жұмысқа қабілеттілік: автомобильдің қозғалыс жылдамдығын, жүккөтергішін, жанармай үнемдеуін, трансмиссияның пайдалы әсер коэффициентін т. с. с. негізгі техникалық көрсеткіштерін қамтиды.
Автомобильді пайдаланғанда, оның техникалық жағдайы өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Машина қаншалықты жетілдіріліп жасалғанымен, уақыт өткен сайын оның алғашқы сапасы өзгереді, кейбір көрсеткіштері нашарлайды.
Автомобильдің тетіктерінде ақаудың пайда болуы және ұлғаюы оның жасалу технологиясына, пайдаланылуы жағдайына, құрылғының жетілдірілгеніне т. с. с. байланысты. Негізінен, ақаудың пайда болуы машинаның жұмыс істеу қабілетіне әсер етпей, тұрып қалмай жүруі қалыпты жағдай деп есептеледі, ал кейбір жағдайда ақау тез пайда болып, машинаның жұмыс істеу қабілеті шұғыл төмендейді. Тұтынушылар, негізінен, машинаның сапасын оның ұзақ уақыт берілген көрсеткіштерімен жұмыс істегендігі бойынша бағалайды. Ол бағалаудың түрін сенімділік деп атайды.
Сенімділік - автомобильдің жэне оның тетіктерінің пайдаланылу барысында белгілі бір уақыт аралығында ңемесе белгілі бір жұмыс көлемін орындауға тиісті мезгілде өзінің алғашқы техникалық сапасын сақтайтын қабілеті.
Автомобильдің сенімділігі құрылғының жетілдірілгендігімен, оның жасалу технологиясымен, сондайақ пайдаланылу жағдайына байланысты анықталады.
Автомобильдің сенімділігі оның жұмыс істеу қабілетімен тікелей байланысты. Оны мүлтіксіздігімен, төзімділігімен, жөндеуге жарамдылығымен, сақталғыштығымен т. с. с. бағалайды.
Мүлтіксіздік - автомобильдің белгілі бір уақыт аралығында немесе берілген жұмыс мөлшерін орындауда жұмысқа қабілеттілігін сақтау ерекшелігі.
Машинаның жұмысқа жарамсыз болып қалуы деп оның толық немесе жартылай жұмыс істеу қабілетінің бұзылуын айтады. Жұмыс істемей қалу жағдайын шартты түрде біртіндеп істен шығу жэне кенеттен пайда болатын деп екіге бөледі. Біртіндеп жұмыс істеу қабілетінен айырылу тетіктердің өлшемдерінің пайдалануға рұқсат етілетін шегінен шығатын жағдайда (желінуі, ескіруі т. с. с. ) пайда болады. Кенеттен жұмыс істемей қалу - ескерусіз жағдайда бөлшектердің істен шығуынан, сынуынан пайда болады.
Қор (ресурс) және қызмет мерзімі автомобильдің жэне оның тетіктерінің төзімділік көрсеткіштері болып есептеледі.
Қор - автомобильдің межелі жағдайға жеткенше мүлтіксіз жұмыс істеу уақыты. Күрделі жөндеуге дейінгі жүрген жолды автомобильдердің жүру қоры деп атайды, ол шақырыммен есептеледі.
Қызметтік мерзім - автомобильдің қүрделі жөндеуге дейінгі жүрген жолы немесе пайдаланылу мерзімі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz