Майлау және тазалау жұмыстары

Сабақтың тақырыбы: Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету технологиясы. Күнделікті ТҚК, №1 ТҚК, №2 ТҚК, маусымдық қызмет көрсету.

Топтар
Аэл 9-201
Топтар: Сабақ өтетін күн
Аэл 9-201: 29. 09. 2020
:
:
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

  1. Автомобильдердің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі?
  2. Автомобильдерге, орындалу уақыты және операциялардың мазмұны бойынша техникалық қызмет көрсету қалай жүргізіледі?
  3. КамАЗ автомобильдерінің жылжымалы техникалық қызмет көрсету?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету технологиясы. Күнделікті ТҚК, №1 ТҚК, №2 ТҚК, маусымдық қызмет көрсету.

Техникалық қызмет көрсету (ТҚК) - техникалық құралды техникалық дұрыс жағдайда ұстау үшін жүргізілетін жоспарлы, еріксіз профилактикалық әрекеттер.

  • Күнделікті техникалық қызмет көрсету(К ТҚК) - жол қауіпсіздігі және сыртқы қалпын сақтау, жанармайын қарау, майлау, салқындатқыш сұйықты толықтыру көлік құралдарының жалпы бақылау техникалық қызмет көрсету.
  • Бірінші техникалық қызмет көрсету(тқк-1) - көлік құралдарын тораптарындағы ақауды кезінде орындау бақылау-диогностикалық, майлау, бекіту, реттеу және басқада жұмыстарды белгілі уақыт аралығында немесе белгілі жүрістен соң ақаулар мен істен шығуды анықтауға арналған техникалық қызмет.
  • Екінші техникалық қызмет көрсету(тқк-2) - техникалық қызмет көрсету; бірінші техникалыққа ұқсас, бірақ біршама жұмысы күрделі, негізінен біріншіге қарағанда төрт есе сирек өткізіледі.

Күнделікті техникалық қызмет көрсету (КТҚ) кезінде атқарылатын жүмыстар:

- автомобильге жинастыру, жуу жүмыстарын жүргізу;

- автомобильдің қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін жүйелері мен механизмдерінің техникалық жағдайын қадағалау (рульдік басқару, тежеу жүйесі, жарықтандыру аспаптары жэне сигнализациялар) ;

- жанармай құю;

- жүйелердегі майдың, салқындату сұйығының деңгейін тексеру.

Жинастыру-жуу жұмыстары - шанақты, кабинаны жинастыру, автомобильді жуып кептіру, айналарды, фарларды, жарықтандыру аспап- тарын, сигналдарды, нөмірлік белгілерді тазалау. Қажет болған жағдайда - санитарлық тазалау жұмыстары: артқы көрініс айнасын, фара және оның асты, бұрылыс белгілерін, артқы шамдарын және тоқтау белгілерін, кабина әйнектерін және нөмірлерін сүрту.

Бақылау жүмыстары бақылап қарау жұмыстарында кабинаның есігінің, платформаның, терезелердің, айнаның, нөмірлік белгінің жағдайын тексереді. Рессордың, дөңгелектердің, тіркеме құрылғысының тетіктерінде ақаудың жоқтығына көз жеткізеді. Жарықтандыру аспаптарының, терезе тазалағыштың, желдету жүйесінің жұмыс істеу қабілетін тексереді. Автокөлктің дабыл құрылғыларының жарамсыздығын бақылау; меңгерік дөңгелегінің, тежегіш қосқыштарының, қозғалтқыш жүйелерінің, агрегаттар, тетіктер, жүйелер әрі бақылау-өлшегіш құралдарының жұмысын орнында тұру және қозғалу кезінде тексеру жүргізіледі.

Рульдік басқарудың гидрокүшейткішінің ақаусыздығын, тежеу механизмінің, іліністің жүмыс істеу тәртібін тексеру.

Жуу-тазалау жұмыстары - кабина (салон) және платформа (кузов) ішін жинауға бағытталған жұмыстар. Автокөлікті жуу және кептіру, Автомобильдің қозғалысы кезінде спидометрдің, таксометрдің және басқа да бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс істеуін тексереді.

Майлау және құю жүмыстары. Күн сайын қозғалтқыштың картеріндегі және гидромеханикалық беріліс қорабындағы майдың деңгейін, ілініс және тежеу жүйелерінің жетектеріндегі сұйықты тексеру. Қозғалтқыш ішіндегі май деңгейін тексеру (толтырып құю) . Салқындату жүйесіндегі сұйықтық деңгейін тексеру (толтырып құю) ; отын деңгейін тексеру (жанар-жағармай құю) .

Автомобильді тұраққа қоярдың алдында жанармай және де басқа сұйықтармен толтырып қою.

Техникалық қызмет көрсету (ТҚ-1 ) - автомобильдің техникалық ақаусыз қалпын сақтауға, оның құрылысында пайда болған ақауларды айқындауға, белгіленген кешенді жұмыстарды орындау арқылы тетік- тердің қарқынды тозуын төмендетуге арналған. ТҚ-1 кезінде орындала- тын жұмыстар:

- тексеру және жай-күй анықтау (диагностика) ;

- бекіту-реттеу;

- майлау-тазалау;

- электротехникалық;

- арматуралық және басқа да жүмыстар.

ТҚ-1 жұмыстарын орындауға жұмсалатын еңбек қажеттілігі жеңіл автомобильдер үшін 2, 5 - 4, 5 адам/сағ., жүк автомобильдері үшін - 2, 5-6, 5 адам/сағ. Мысалы, берілген автомобильге ТҚ-1 жүргізу үшін 3. 5 адам/сағ. қажет етілетін болса, оны бір адам орындаған жағдайда 3. 5 сағат жұмыс істер еді. Техникалық қызмет көрсету жұмысы арнаулы орында аткарылатындықтан, ондағы 3-4 орында тұрған эртүрлі мамандар 5-10 минутта бітіреді. ТҚ-1 ауысым аралығында орындалатындықтан, ол күні автомобиль жұмыстан босатылмайды.

№1 ТҚК - келесі жұмыс түрлерін қамтиды:

Бақылау-диагностикалық, бекіту және реттеу жұмыстары . Олар, өз кезегінде, специализиация бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

  • трансмиссия және артқы белдік. Қажет болған жағдайда, кардан білігінің фланецтерін бекіту үшін ажырату басқышының байланыстырылмаған жүрісін, кардандық берілістің топсалы және оймакілтек қосылыстарындағы люфтын тексеру (реттеу) ;
  • меңгерікпен басқару. Меңгерікпен басқару күшейткішінің, шар тәрізді сұққылардың бекіткішін, меңгерік дөңгелегінің люфты мен бекіткішін, меңгерік тартқышының топсаларын және т. б. бітеулігін тексеру;
  • тежеуіш жүйесі. Тежеуіш жүйесінің тиімділігін, тежеуіш педалінінің байланыстырылмаған жүрісі мен жұмыс кезіндегі жүрісін, сондай-ақ тұрақ тежеуіш жүйесінің жұмысын тексеру (реттеу) ;
  • жүрістік бөлігі. Тораптар мен аспалар бөлшектерінің жай-күйін, шиналардың жағдайы мен ауаның қысымын тексеру;
  • кабина, платформа (шанақ) және тіреуіш. Кабинаның құлыптарын, ілмектерін және есік тұтқаларын тексеру және басқа да жұмыстар;
  • қуат беру жүйесі. Қуат беру жүйесіндегі құралдар мен жетектерінің жай-күйін, қосылыстардың бітеулігін тексеру;
  • электр жабдықтары. Аккумулятор батареясын, генераторды, құралдарды және электр сымдар жүйесін тазалау және тексеру.

Майлау және тазалау жұмыстары . Үйкеліс түйінін майлау және майлау картасына сәйкес автокөліктің агрегат картерлеріндегі және сужетек тенектеріндегі май деңгейін тексеру.

Арнаулы автомобильдер және жүк тартқыштары бойынша салмақ түсетін элементтердің, қосылыстар мен байланыстардың жай-күйін тексеру, платформа көтеру механизмі тенегіндегі май деңгейін тексеру және т. б. талап етілетін қосымша жұмыстар.

Техникалық қызмет көрсету (ТҚ-2) жұмыстарының мағынасы да ТҚ-1 сыяқты, тек айырмашылығы - тереңдетіліп тексеріліп, көп жұмыс атқарылады. ТҚ-2 орындауға жеңіл автомобильдер үшін 10-15 адам/сағ., ал жүк автомобильдері үшін 10-20 адам/сағ. қажет етіледі. ТҚ-2 жүргізу үшін автомобиль бір тэулікке дейін пайдаланылмауы мүмкін. ТҚ-2 жүргізгенде кейбір бақылау-күй анықтау жэне реттеу жұмыстарын, ав- томобильден шығарылып, арнаулы аппараттарда реттелетін тетіктерді тексеретін жұмыстар орындалады. Қажетті жағдайда қозғалтқыштың, трансмиссияның майы ауыстырылады. Карбюратор, газ редукторлары, жанармай сорғысы, бүріккіштер, генератор, релелер автомобильден шығарылып, арнаулы орындарда тексеріледі. ТҚ-2 жұмысы автомобильді жылы сумен жуып, кептіріп, матамен сүртумен аяқталады.

№2 ТҚК-келесі жұмыс түрлерін қамтиды:

Бақылау-диагностикалық, монтаждау және реттеу жұмыстары:


Ұқсас жұмыстар
ОҚЫТУ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Майдың сапасын және деңгейін қалай тексеру
Автокөлікке ТҚК мен ағымды жөндеуді орындау жұмыстары
Ұңғы арнасын тазалау
Студенттердің білімін бағалау
Бекітпені бекітпе жақтауына қосу
Сабақтың тақырыбы. Сабақ жоспары
МОТОР МАЙЫ
Суару машиналарын қолдану бойынша техникалық қауіпсіздік талаптары мынадай
Автоматты бөлшектеу және жинақтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz