Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Металдарды тозаңдату
Сабақтың тақырыбы: Машинаның бөлшектері мен механизмдерін пісіру арқылы жөндеу.
Топтар
Аэл 9-201
Сабақ өтетін күн
20.10.2020
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Агымды жөндеу (АЖ) қалай жүргізіледі?
Агымды жөндеу жұмыстарына қандай қызметтер жатады?
Күрделі жөндеу (КЖ) қалай жүргізіледі?
Қалпына келтіру (ҚК) дегеніміз не ?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Машинаның бөлшектері мен механизмдерін пісіру арқылы жөндеу.
Қолмен дәнекерлеу. Кабинада, шанақта және платформада пайдалану кезінде пайда болған ақауларды жөндеу кезінде қолмен дәнекерлеу жиі қолданылады. Дәнекерлеудің көмегімен тозған және дәнекер жарықтары, коррозиялық жарақаттар, металдың жарылыстары жойылады. Дәнекерлеу алдына жарықтың одан әрі тарап кетуінің алдын алу мақсатында оның ұштарында диаметрі 3...5 мм болатын саңылаулар тесіп қою қажет. бұдан кейін жарықтың жанындағы металды оның барлық тереңдігіне 90° бұрышпен жиекті бөлшектеп алып тастайды. Егер жарық өтпелі, ал металдың қалыңдығы 12 мм-ден аспайтын болса, V тәрізді бөлшектеу, ал метал одан да қалың болса Х тәрізді бөлшектеу жасайды. Бөлшектеуді дінекерлеу үшінкөмірқышқыл газы ортасындағы дәнекерлеу тиімдірек. Дәнекерлеу сымының маркасын таңдауға химиялық құрамы әсер етеді.
Жарық тесік арқылы өтетін болса, бұл аймақты толығымен кесіп алып, басқамен ауыстырады, кейде күшейту үшін қаптама дәнекерлейді.
Коррозиялық жарақаттарға ұшыраған шанақтың, палтформаның немесе кабинаның аймақтарын толығымен кесіп алып жаңасымен ауыстырады. Кесіп алуды механикалық жолмен пневматикалық кескішті, электрлі қайшыларды немесе газ кескішті пайдалана жүргізген дұрыс. Алайда, газ кескішпен кесу кезінде қалған бөліктің металы шалыстанын ескерген жөн. Жаңа аймақтарды қадамы 100... 120 мм болатын ұзындығы 5... 10 мм қысқа аймақтармен алдын ала ұстатып алумен жүргізіледі.
Көмірқышқыл газы ортасында диаметрі 0,8 мм тоғы 90... 110 А және кернеуі 18... 22 В дінекер сымымен дәнекерлеу кең қолданысқа ие болды. Бірақ жағдайда контактілі нүктелі дәнекерлеуді (мысалы, қанаттарды дәнекерлеу кезінде) пайдаланады. Дәнекер қослысы, әдетте, айқастырылып және аймақтың барлық периметріне орындалады.
Балқыма қаптау. Балқыма қаптау жұмыстары тозған тетіктерді қалпына келтіруде қолданылады. Балқыта қаптаудың мәні қыздыру көзінің көмегімен отырғызылатын материал балқып, қалпына келтірілетін тетіктің балқытылатын бетіне өтетіндігінде болып табылады. Бұл жағдайда тетіктің негізгі металының беткі қабатының балқуы жүреді де, ол балқытып отырғызылатын металмен балқыма қабат түзеді. Балқыма жұмыстар әртүрлі жолдармен жүргізіледі, олардың негізгілері қолмен доғалық балқыту, флюспен автоматты доғалық балқыту, көмірқышқыл газ ортасында балқыту, дірілдідоғалық балқыту, лазерді балқыту, сонымен қатар плазмалық және газбен балқыту.
Қолмен доғалық балқыту жұмыстарды жүргізудің жеке әдісінде пайдаланылады. Қолмен балқыту кезінде қолданылатын электрод маркасын таңдауға тозу түріне қарай беттің металына қойылатын талаптар әсер етеді. Тегіс беттерді еңкейтілген күйде жоғарыда н төмен қарай жүзеге асырады. Цилиндрлі беттерді балқытуды винттік сызық бойынша немесе бойлық білікшемен орындайды.
Қалпына келтіру жұмыстарының көлемі үлкен болған жағдайда флюспен автоматты балқытуды қолдану ұсынылады. Мұндай әдістің мәні дәнекерлеу доғасы флюс қабатының астында жанып, нәтижесінде, балқыған қабатты түзе отырып, электродты сымды, тетіктің негізгі металының қабатын, сонымен қатар флюсті балқытатын жылу бөлуінде болып табылады. Электродтың балқыған металы балқыған қабат түзе отырып, тетіктің негізгі металымен әрекеттестікке түседі. Дәнекерлеу доғасын алып тастағаннан кейін балқыған флюс қатайып, металдан ерекшеленіп тұратын шлак қабықша түзіледі. Балқыту үшін электроды сымның маркасын таңдауға металдың талап етілетін физикалық-химиялық қасиеттері әсер етеді. автоматты балқытудың қолмен балқытуға қарағанда келесі артықышылықтары бар: жоғары өнімділік, белгіленген физикалық-механикалық қасиеттері бар балқытылған қабатты алу мүмкіндігі, ультракүлгін сәулеленудің жоқтығы, балқытылатын металдың жоғары сапасы, дәнекерлеушілердің еңбегінің жақсы жағдайлары.
Көмірқышқыл газы ортасында балқыту кең қолдану аясына ие болды. Бұл әдістің мәні дәнекерлеу доғасы көмірқышқыл газында жанып, нәтижесінде балқыған метал ауамен байланысқа түспеуінде болып табылады. Көмірқышқыл газы ортасында дәнекерлеудің флюяпен дәнекерлеуге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар: тетіктің аз қызуы, жоғары өнімділік, кіші көлемдегі тетіктерді қалпына келтіру мүмкіндігі, балқытуды термиялық өңдеумен біріктіру мүмкіндігі. Көмірқышқыл газы ортасында балқытудың кемшіліктеріне балқытылған металды қоспалау электрод сымының химиялық құрамымен шектелетіндігіне байланысты болуы жатады.
Бұдан өзге, дірілді балқыту әдісі кеңінен қолданылады, оның ерекшелігі доға аумағына жылжу кезінде электродты сымға қосымша жоғары жиілікті бойлық тербелістер берілетіндігінде болып табылады. Бұл тербелістердің әсерінен доғаның жануының тұрақтылығы жоғарылайды. Және де, тербелістер көмірқышқыл газы ортасында дәнекерлеумен салыстырғанда оның кернеуін және дәнекерлеу тоғы күшін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл әдістің артықшылығы термиялық әсер зонасының аз болуында және тетікті аз ғана қыздыруда кіші көлемдегі тетіктерді қалпына келтіру мүмкіндігі болып табылады. 81 Жоғарыда аталған әдістерден өзге пламалық балқыту әдісі де жиі пайдаланылады, оның мәні отырғызылатын металды плазма ағынымен балқытып, оны қлапына келтірілетін тетіктің бетіне көшіруде болып табылады. Бұндай балқыту әдісінің артықшылықтары металды қыздыру температурасын реттеу мүмкіндігі, термиялық әсер зонасының терең еместігі балқытылатын металдың жоғары сапасы, сонымен қатар еңбектің жоғары өнімділігі болып табылады. Бұл әдістің кемшіліктеріне балқыту жұмыстарын орындау кезінде электр қауіпсізідігіне бойынша жоғары талаптар жатады.
Автокөліктерді жөндеу кезінде сонымен қатар металды газбен балқыту әдісі де қолданылады, онда балқыту оттегінің ацетилен ортасында жануынан пайда болатын газ жалынының көмегімен жүзеге асырылады (2.7 сурет.). Ядро аймағында жалын температурасы 3 100... 3 200 °С жетеді. Газбен балқытудың доғалық балқытуға қарағанда артықшылығы қыздыру метператусын реттеуде, сонымен қатар артынан термиялық өңдеу жүргізу мүмкіндігінде болып табылады. Бұл әдістің кемшілігіне процестің көп еңбекті қажет ететіндігі, құнының жоғары болуы, сонымен қатар термиялық әсердің үлкен аймағы болып табылады.
Металдарды тозаңдату. Балқытылған металды тетіктің алдын ала дайындалған бетіне сығылған ауа ағынының көмегімен көшіру тозаңдату деп аталады. Балқытылған метал сығылған ауа 82 ағынымен ұсақ бөлшектерге бөлініп, тетіктің бетіне соғылады да онымен бірігеді. Нәтижесінде жабын қабаты түзіледі. Қыздыру көзіне байланысты тозаңдату газжалынды, электрлідоғалық, плазмалық және т.б. болуы мүмкін.
Газжарынды тозаңдату кезінде (2.8 сурет.) тозаңдатылатын бөлшектерді балқыту газ жалынымен, ал тозаңдату - сығылған ауамен жүзеге асырылады. Жанатын газ рөлінде көп жағдайда пропан-бутан, сонымен қатар табиғи газ, ацетилен жүреді. Тозаңдатылатын материал ретінде ұнтақ, тұтас қима сымы, сонымен қатар ұнтақты сым жүруі мүмкін. Бұл әдістің артықшылықтары аздаған қышқылдануда және алынатын жабынның беріктігі мен ұзақ уақытқа жарамдылығы болып табылады. Кемшілігі - аз өнімділік болып табылады. Ұнтақты жалын аймағына сырттан берген кезде ГАЛ-4.72 және ГАЛ-6.73 жанғыштары пайдаланылады, ал тасымалдаушы газбен берілген кезде ГАЛ-2 жанғышыпайдаланылады. Жанғыштар өздігінен флюстенетін ұнтақтарға және оларды онан әрі балқытуға арналған. Бірігудің беріктігіне бөлшектердің өзара және негізгі металдың бетінің микрорельеф элементтерімен механикалық тоқылуы әсер етеді. Молекулярлы бірігу күштерінің әсері жылдам бітісіп кету есебінен ұлғаяды.
Қондырылатын қабаттың негізгі металмен бірігуінің беріктілігінің артуына астыңғы қабаттарды қолдану немесе негіздемемен бірігу қабаттарын қолдану арқылы қол жеткізіледі. Астыңғы қабатты тозаңдатуға қолжетімдірек әрі тиімді материал - құрамында 80... 82% Ni және 18... 20% А1 бар алюминийдің никельмен қосылысы болып табылады. Алюминий - никель қосылысы никельмен алюминийдің сефралық бөлшектері немесе керісінше болып табылады. Ұнтақ компоненттерінің тығыз байланысы олардың толық өзара әрекеттесуін және қысқа уақыт ішінде интерметалидтің түзілуін қамтамасыз етеді. кзотермиялық реакцияның жүруі нәтижесінде бұл металдың бөлшектері жоғары температураға жетеді де (1 500 °С жоғары) қалпына келтірілетін тетіктің бетімен жеңіл дәнекерленеді немесе балқып қосылады. Балқу аймағының тереңдігі 0,1 мм аз (бірақ өте берік) болады. Негізгі қабатты салу үшін никель -- хром -- бор -- кремний өздігінен флюстанатын балқытпалары, сонымен қатар вольфрам, хром, ванадий, молибден және т.б. нашар балқитын металдардың 83 карбидтері мен боридтерінің балқытпалары шығаратын ұнтақ қоспалары кіретін металл ұнтақтар қолданылады.
Электрлі доғалы тозаңдату кезінде балқытылғанметалды бүрку сығылған ауаның, ал сымды бүрку - электрлі доғаның көмегімен жүзеге асырылады. Бұл әдістің артықшылығы басқаларымен салыстырғанда оның қарапайымдылығы, ал кемшілігі қарқынды тотығу себебінен алынатын жабынның төмен сапасы, сонымен қатар материалдың едәуір бөлігінің күйіп кетуі болып табылады. Плазмалық тозаңдандыру әдісі кеі қолданысқа ие болды, онда материалды балқыту плазмамен жүзеге асырылады. Плазмалық бүркудің артықшылықтары: жабынның жоғары сапалылығы, жоғары өнімділік, бүрку процесі параметрлерін реттеу мүмкіндігі. Кемшіліктері: процестің төменгі КПД, сонымен қатар жоғары электрқауіптілік.
Тетіктерді беріктендіру. Қалпына келтіру кезінде тетіктерді лазерді термиялық өңдеу және беттерін балқыту - 84 тетіктерді беріктендіру мен қалпына келтірудің заманауи әдістері болып табылады. Лазерді шыңдау - тетіктің беткі жұқа қабатын 20000...30 000 °С қыздыру және тетіктің қызған аймағының жылдам салқындатылуы. Нәтижесінде бетінде қалыңдығы 0,1.0,5 мм шыңдалған қабат түзіледі. Көміртекті төмен қоспалы болаттар мен шойындардың шыңдалған қабаттарының беріктігі 60... 70 HRC жетеді. Солай бола тұра, болаттардың тозуға төзімділігі 3 -- 4 есе, ал шойындардікі 5 есе артады.
Тетіктерді жөндеу көлеміне дейін қалпына келтіруде тетіктің беткі шыңдау қабатын алып таятағанда (мысалы, цилиндрлердің гильзларын қайрау, иінді біліктің мойындарын тегістеу және т.б. кезінде) лазермен шыңдаудың пайдалылығы мен қажеттілігі айқын. Қалыпты өлшемге дейін қалпына келтірілген тетіктерді лазермен шыңдау олардың тозуға төзімділігін 2-3 есе арттыруға мүмкіндік береді. Беріктендірер алдында тетікке арнайы жабындар жағады, ал беттің сіңіру қабілетін күшейту үшін көгілдір түс беруді, фосфаттауды, марганецтеуді, қара хромдауды, гуашь жағуды және т.б. пайдаланады. Процесс тетік айналып тұратын жонғыш білдекте немесе арнайы қондырғыларда жүзеге асырады (2.9 сурет.). 4 лазер сәулесі 6 беріктендірілетін бетте винттік сызық сыза отырып сырғиды. Оның қадамын бетті өздігінен жіберу мүмкіндігін ескере отырып тәжірибелік жолмен анықтайды. Лазерді балқыту - қалпына келтірілетін тетіктің бетіне ұнтақты қоспаны жағу және оған лазерді сәулеленумен әсер ету. Ұнтақты қоспаны коллоидты ерітінді (ұнтақ+целлюлоза ерітіндісі) түрінде дайындайды. Тетіктерді қалпына келтіру үшін ПГХН80- СР және СНГН-50 ұнтақтарын пайдаланады. Жағылатын қабаттың қалыңдығы 40.50 мкм дейін жетеді.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Қолмен дәнекерлеу қалай жүргізіледі?
Балқыма қаптау жұмыстарына қандай қызметтер жатады?
Металдарды тозаңдату қалай жүргізіледі?
Тетіктерді беріктендіру дегеніміз не ?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz