Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қорғағыш газ қабаты астында пісіру

Сабақтың тақырыбы: Металлды қорғаныш газ қабаты астында пісіру. Газмен пісіру.
Топтар
Аэл 9-201

Сабақ өтетін күн
27.10.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
1. Орташалегірленген болаттарды пісіргенде қандай қиындықтар пайда болады?
2. Орташалегірленген болаттарды пісірудің тәсілдері қандай?
3. Орташалегірленген болаттарды электр қожды пісіру үшін қандай пісіру материалдары қолданылады?
4. Электр қожды пісіру үшін қандай флюстер қолданылады?
5. Қандай пісіру сымдарын қолданады?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Қорғағыш газ қабаты астында пісіру

Қорғағыш газ қабатының астында пісірудің мәні мынада, балқыған металды ауадағы оттегі мен азоттың зиянды әсерінен қорғау үшін доғаның аймағына шілтер каналы арқылы толассыз қорғағыш газ ағысы жіберіледі, ол тағу орынынан ауаны ығыстырады.
Қорғағыш газдар ретінде инертті (аргон мен гелий) және әрекетті газдар (көмір қышқыл газ, сутегі, азот, су буы); сол сияқты олардың қоспасы пайдаланылады. Көптен-көп аргон мен көмір қышқыл газдары қолданылады.
Аргонды қолдану кезінде доғалық пісіру балқымайтын (көбінесе вольфрамды) және балқитын электродтармен іске асырылады.
Балқымайтын электродтармен пісіру тұрақты және айнымалы токпен қолмен, жартылай автоматпен және автоматты тәсілдермен жүзеге асырылады. Тұрақты токпен, әдетте оң полярлығымен, қалыңдығы 0,1-6 мм тотбаспайтын және қызуға берік болаттар, никель мен оның қорытпалары, титан, цирконий, молибден және басқа металдар пісіріледі. Айнымалы токпен алюминий, магний және олардың қорытпалары пісіріледі. Балқитын электродпен пісіру тек автоматты және жартылай автоматты тәсілдермен іске асырылады.
Көмір қышқыл газда пісіру жоғары өнімділігімен және құнының төмендігімен сипатталады, соның нәтижесінде бұл тәсіл көбіне көп аз көміртекті, аз легірленген және кейбір жоғары легірленген болаттарды пісіру үшін қолданылады.
Газбен пісіру - пісірілетін металл қырларын балқыту және оған қосымша металл ерітіп құю жолымен жанған газдың жалыны арқылы ажырамайтын қосылыс жасайтын процесс.
Қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі металл қаңылтырларынан жасалған бөлшектерді қосымша металл балқытпай-ақ олардың өз қырларын ерітіп жалғастырады.
Газбен пісіру әдісі аса қарапайым, ол өте қымбат жабдықтарды қажет етпейді. Сондықтан да өндірістің барлық салаларында кеңінен қолданылады.
Газбен пісіруді қалыңдығы 3 мм-ге дейінгі төменгі немесе орташа көміртекті болаттарды біріктіруге кең қолданады; сол сияқты кіші және орташа диаметрлі (600 мм-ге дейінгі) құбырлардың ұштарын пісіріп жалғауға, әр түрлі қалыңдықтағы шойын мен түсті металдарды пісіруге қолданады.
Газбен қалындығы 3-4 мм-ден жоғары көміртекті болаттарды да пісіруге болады, алайда оған электр доғалы пісіргішті қолданған тиімдірек. Сол сияқты ете қатты және қоспалы болаттарды пісіруге де электр доғалы пісіргіш пайдаланған жөн. Егер аргонды доғалы пісіргішті қолданса, пісірудің өнімділігі жоғарырақ болады.
Пісіргіш газ жалыны - пісіру кезіндегі жылудың негізгі көзі. Пісіргіш жалын газдың немесе жанғыш сұйық буының оттегімен қосылып жануынан пайда болады.
Ацетилен мен оттегі коспасының жалынын қолдану кең таралған. Дегенмен басқа газдарды да (пропан-бутан, табиғи газ, керосин және т.б.) қолдануға болады.
Пісіргіш жалын үш аймақтан тұрады (1-сурет). Бірінші, аймақ "А" - жалынның ядросы. Оның сыртқы қабатында қозған көміртегінің бөліктері жанады да, сол ядроның қабы өте жарық қалыпта болады. Екінші, "В" - толықтай жанбаған аймақ. Оны байқау қиын. Жалын ацетиленнің немесе лонғыш газдың ыдырауының бірінші кезеңінде пайда болатын көміртегі мен сутегінің тотықтарынан құралады. Бұл тотықтар балқыған металдың оксидтерінен оттегіні алады да, оны тотықсыздандырады. Үшінші аймақ "С" - толық жанған аймақ. Бұл аймақта сырттағы оттегін пайдаланғандықтан жалынның толық жануы болады.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Қорғағыш газ қабатының астында пісірудің мәні неде?
2. Қорғағыш газдар ретінде қандай қоспалар пайданылады?
3. Газбен пісіру үшін қандай пісіру материалдары қолданылады?
4. Пісіргіш жалын неше аймақтан тұрады?
5. Қандай пісіру сымдарын қолданады?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Электр қожды пісіру
Бейнекөрініс Көмір қышқыл газы
Бейнекөрініс Көмір қышқыл газы. Сабақтың тақырыбы
Металдарды тозаңдату
Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың қызметі. Жүрек қақпақшалары
Азот оттегі газдар газ
Редуктор - буландырғыштың мақсаты
Жиектерді v- тәрізді пластиндерді түйістіріп, тік бағытта пісіру
Тойтару технологиясы
Сызықтық алгоритм
Пәндер