Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қозғалтқыштың ақаулары
Сабақтың тақырыбы: Қосиінді-бұлғақты техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Топтар
Аэл 9-201
Сабақ өтетін күн
19.01.2021
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Цилиндрлі-поршеньді топтың (ЦПТ) тозған тетіктерін ауыстыру немесе реттеу қалай жүргізіледі?
Пайдалану кезінде пайда болатын қозғалтқыш бойынша тоқтап қалуды бөлу қалай жүргізіледі?
Автомобильдің техникалық жағдайын толық бағалауға нелеркіреді?
Қалпына келтіру (ҚК) дегеніміз не ?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету. Күнделікті техникалық қызмет көрсету (ЕО). Қозғалтқышты ластан тазартып, оның жалпы жағдайы тексеріледі. Қозғалтқыштың ласын қырғышпен тазартып, керосинге малынған щеткамен жуып, артынан құрғатып сүртеді. Қозғалтқышты бензинмен жууға болмайды, өйткені одан өрт шығып кетуі мүмкін. Қозғалтқыштың жалпы жағдайын жай көзбен байқап және әр түрлі режимдерде жұмыс істетіп тыңдап қарайды.
Бірінші техникалық қызмет көрсету (ТО-1). Қозғалтқыш тіректерінің бекітуін тексереді. Цилиндрлердің қалпақшасының, картер табанаың, иінді білік сальнигінің жалғасқан жерлерінің жымдасуы тексеріледі. Қалпақшаларының тығыз жатпауы цилиндр блогы қабырғаларынан май ағатынын білдіреді. Картер табаны мен иінді білік сальнигінің тығыз жатпауын майдың ағатыны арқылы айырады. Қозғалтқыштың тірегінің бекітілуін тексергенде гайкаларының шплинттерін босатып алып, мықтап тартқаннан кейін қайтадан шплинттейді.
Екінші техникалық қызмет көрсету (ТО-2). 1. Цилиндрлер қалпақшасының бекіту гайкаларын тартып бекітеді. Алюминий қорытпасынан жасалған цилиндрлер қалпақшасының болттарын қозғалтқыш салқын уақытта динамометр немесе шофер құралдарындағы қарапайым кілтпен қосымша сұғындырманы қолбанбай-ақ тартып бекітеді. Бұрандалы қосылыстарды бір қалыпты, жұлқымай әрбір қозғалтқышқа лайықты тәртіппен бекітеді. Блоктың қалпақшасының гайкаларын ортадан бастап шетіне қарай белгіленген тәртіппен тартып бекітеді.
Қозғалтқыштың ақаулары;
Кривошипті шатунды механизмнің ұзақ әрі қалыпты жұмыс істеуі ондағы детальдардың күйіне байланысты. Автомобильдерді пайдаланған кезде, олардың бірқалыпты жұмысы кейбір ақаулардың пайда болуы салдарынан бұзылуы мүмкін. Мұның ең бастылары- детальдардың үйкелетін беттерінің тозуы, цилиндрдегі компрессияның төмендеуі, май мен судың ағуы. Деталдардың тозуының сыртқы белгісіне жататындары - қозғалтқышта естілетін тарсыл, майдың тым көп жұмсалуы, пайдаланылған газдың түтінденіп шығуы, қозғалтқыш қуатының кемуі.
Қозғалтқыш жұмысын стетоскоппен тыңдауға да болады. Стетоскоп металл стерженьге жалғанған наушник. әр түрлі детальдардың өзіндік тарсыл үндестілігі болады. Мәселен, айқын естілетін, иінді біліктің айналу жиілігі артқан сайын күшейе түсетін металл тарсыл - поршень саусақтары немесе олардың втулкалары тозған жағдайда байқалады. Қатаң, айналу жиілігі күрт өзгергенде құбылып тұратын дыбыс блок картердің төменгі бөлігінде естіледі, бұл - шатунның немесе түпкі подшипниктердің тозғанын аңғартады.
Поршень сақиналарының тозу белгісі цилиндрдегі компрессияның төмендеуі және картер майының шамадан тыс көп жұмсалуы салдарынан қозғалтқыш қуатының кемуі, өйткені мұндай жағдайда компрессиялық сақинаның поршень астындағы қуысқа май айдайтын насостың әрекеті күшейеді.
Шығару түтігінен көгілдір түтін шығуы цилиндрлер гильзасының, поршеньдердің және олардың сақиналарының тозуы немесе поршень сақиналарының кокстенуі салдарынан жану камерасына майдың құйылғандығын аңғартады. Ақ түтіннің шығуы су тысынан цилиндрге су құйылғандығын көрсетеді. Цилиндрлерге судың ағуын тоқтату үшін цилиндрлер қалпақшасын бекітетін гайканы қатайтып бұрайды. Гайкаларды бұрап қатайту үшін динамометрлік кілтпен мынадай екі үш амалды қолданады. әуелі гайкалардың ортасынан бастап, сонан соң оң жағы мен сол жағын кезекпе кезек, ең соңында шеткі гайкаларды бұрайды.
Су немесе май аққан жағдайда барлық бекіткіш болттарды қатайтып бұрайды, ал егер бұдан көмек болмаса, онда бұзылған төсемдерді немесе нығыздағыштарды алмастырады. Қозғалтқыштың ішіне шаң тозаң кіруін болдырмас үшін, тозған детальдарды ауыстыруды шеберханада жүргізеді. Бөлшектер алдында шебер наладчик қозғалтқышты диагностикалық құрылғымен тексереді.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету. Күнделікті техникалық қызмет көрсету (ЕО) қалай жүргізіледі?
Қосиінді-бұлғақты механизміне техникалық қызмет көрсету және жөндеу қалай жүргізіледі?
Қозғалтқыштың ақауларына нелер жатады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz