Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Газ тарату механизміне техникалық қызмет көрсету және бөлшектерін жөндеу

Сабақтың тақырыбы: Газ тарату механизміне техникалық қызмет көрсету және бөлшектерін жөндеу.
Топтар
Аэл 9-201

Сабақ өтетін күн
30.03.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Поршеньді сақиналардың жырашықтарын күйіктен тазарту қалай жүргізіледі?
Шатунды тексеру және оның түзетуін қабылдау қалай жүргізіледі?
Иінді білік мойындарының диаметрін өлшеу қалай жүргізіледі?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Жұмыс барысында пайда болатын, тарату білігіне тән ақаулықтарға біліктің тіреуіш мойындарының ауытқуы, тіреуіш мойындарының, жұдырықшалардың және шпонка ойығының тозуы жатады. Жұдырықшалардың кестесіне және сынықтарына, жұдырықшалар мен эксцентриктің беттерінің үгілуіне немесе тозуына жол берілмейді. Біліктің сүйеніш мойындарының радиал ауытқуы рұқсат етілген шамаға сәйкес келуі тиіс. Радиал ауытқуды шеткі мойындардың призмаларында орнатылған білікте индикатормен тексерген жөн (8.28-сурет) (призманың орналасуында шеткі мойындардың диаметрдегі айырмашылығын ескеру қажет). Мойындарының ауытқуы рұқсат етілген шамадан артық болған жағдайда білікті түзету қажет.

Жағармай сорғысы жетегінің жұдырықшалары мен эксцентриктің тозуы биіктігі бойынша рұқсат етілген шекте болуы тиіс. Жұдырықша мен білік мойындарының беттері белгіленген тазалыққа дейін тегістеледі. Қозғалтқышты пайдалану барысында сондай-ақ тірек фланеці тозады. Үлкейтілген остік саңылау біліктің көлденең жылжуын және қозғалтқыштағы тарсылды туындатады. Бір мезгілде кергіш сақинаның қалыңдығын фланец тозуының шамасына және біліктің алдыңғы мойнының қапсарына азайта отырып, саңылауды қалпына келтіруге болады. Шпонка ойығы тозған кезде жөндеу өлшеміндегі шпонканы орнату үшін оның енін арттыруға рұқсат беріледі.
Қозғалтқыш жұмыс істеп жатқанда, клапандар мен итергіштің арасындағы саңылау өзгеруі мүмкін, бұл цилиндрлердің жаңа зарядпен толуы нашарлануына әкеліп соқтыруы мүмкін және пайдаланған газдарды кетіруін қиындатады. Бұл қозғалтқыштың жұмысын төмендетеді және оның қуаттылығын нашарлатады. Жанармай мен дизель қозғалтқышы клапандарының реттелуі түрлі реттілікпен іске асырылады және қозғалтқыштың құрылысына байланысты. Төменде, жанармай мен дизель қозғалтқышы клапандарының реттелу тәртібі келтірілген.
Жанармайлы қозғалтқышта (3.1, а сурет), дүріс пайда болған жағдайда, клапан механизмінде, клапандар мен күйентелер арасындағы саңылауды реттейді. Еңгізетін және шығару клапанына бұл саңылаудың арасы 0,25.0,3 мм тең болуы тиіс. Жұмыс суық қозғалтқышта және күйентенің қысқа иығында орналасқан қарсысомы бар реттеуіш бұрмамен орындалады. Клапанды механизмде саңылауды реттеу үшін, бірінші цилиндрдің сүмбісін қысу тактінің тапжылмайтын нүктесіне (ЖТН) орнату қажет. Сонымен бірге, иінді біліктің тегершегіндегі тесік, тұтату мезеті қондырғысы көрсеткішіндегі ЖТН белгісінің астаныда орналасқан.
Осы қалыпта келесі клапандардың саңылауларын реттейді:
■ Бірінші цилиндрдің еңгізетін және шығару;
■ Екінші цилиндрдің шығару;
■ Үшінші цилиндрдің еңгізетін;
■ Төртінші цилиндрдің шығару;

■ Бесінші цилиндрдің шығару;
■ Жетінші цилиндрдің еңгізетін;
■ Сегізінші цилиндрдің еңгізетін.
Қалған клапандардың саңылауларын, иінді білікті 360° (толық айналым) бұрағаннан кейін реттейді.
Дизельде (3.1, б сурет) күйентенің сақасы мен қыздырылмаған дизельдің клапаны өзегінің бүйіржағы арасындағы саңылау: еңгізетін клапандар (0,25+0,05) мм; шығарушы клапандар (0,45_ 0,05) мм құрауы тиіс. Реттеуді келесі ретпен жүзеге асыру керек: иінді білікті бірінші цилиндр клапандарын жапқан сәтке дейін бұрау керек (бірінші цилиндрдің еңгізетін клапаны ашыла бастайды, ал шығару клапаны жабыла бастайды), содан соң төртінші, алтыншы, жетінші және сегізінші клапандардағы (желдеткіштен бастап санағанда) саңылауларды реттеу керек және иінді білікті бір айналымға бұрып, төртінші цилиндрды жабады, содан соң бірінші, екінші, үшінші және бесінші клапандардағы саңылауларды реттейді. Саңылауды реттеу үшін, реттеліп жатқан клапанның иінді білігінде орналасқан бұрманың қарсысомын 1 түсіріп, бұрманы бұрап отырып, иінді біліктің сақасы мен клапан өзегінің бүйіржағы арасындағы қуыс бұрғысы бойынша қажетті саңылауды орнату керек. Саңылауды орнатқаннан кейін қарсысомын тарту қажет. Клапандағы саңылауды реттегеннен кейін, цилиндрлер бастиектеріне қақпақ қою қажет. ТҚК-2 барысында, қозғалтқыштың алдынғы және артқы тіректерінің бекіткіштері тексеріледі.
Газ тарату механизміндегі тарсылды анықтау. Газ тарату механизмінде тарсыл тек клапандардан тексеріледі. Газ тарату механизмінің клапандарындағы тарсылдар цилиндрлер бастиегінің қақпақ қалпақшасының астындағы иінді біліктің кез келген айналу жиілігінде (әсіресе баяу жиілігінде) естіледі. Қыздырылған қозғалтқыштағы күшті тарсыл клапан стержені мен иін арасындағы саңылаудың ұлғайғандығын көрсетеді. Сынған клапан серіппесінің тарсылы иінді біліктің кез келген айналу жиілігінде естіледі және дыбысталуы бойынша өзгермейді. Тарату механизмінің тісті доңғалақтарының шуылы иінді біліктің кіші айналу жиілігімен тісті доңғалақ қалпақшасының айналасынан естіледі. Жоғары шу деңгейі тісті доңғалақтардың тозғандығын көрсетеді.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Тарату білігінің тірек мойнының радиал ауытқымасын анықтау қалай жүргізіледі?
Жанармай және дизель клапандарындағы саңылауды реттеу қалай жүргізіледі?
Газ тарату механизміндегі тарсылды анықтау өлшеу қалай жүргізіледі?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Иінді біліктер
Сабақ барысында қарастырылатын сұрақтар
СУЫТУ ЖҮЙЕСІН ЖӨНДЕУ
Автокөліктің жалпы құрылымы
Карбюратордың құрылысы және бөлшектерін ата
Газ тарату механизмі
Сұрақтар мен тапсырмалар
Қозғалтқыштың ақаулары
Автокөлікке ТҚК мен ағымды жөндеуді орындау жұмыстары
Автокөліктің бұзылуы, бірақ жұмысқа қабілетті болуы зақымдану
Пәндер