Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
СУЫТУ ЖҮЙЕСІН ЖӨНДЕУ
Сабақтың тақырыбы: Қозғалтқыштың салқындату жүйесіне техникалық қызмет көрсету және бөлшектерін жөндеу.
Топтар
Аэл 9-201
Сабақ өтетін күн
13.04.2021
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Тарату білігінің тірек мойнының радиал ауытқымасын анықтау қалай жүргізіледі?
Жанармай және дизель клапандарындағы саңылауды реттеу қалай жүргізіледі?
Газ тарату механизміндегі тарсылды анықтау өлшеу қалай жүргізіледі?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Суыту жүйесінде таза, мүмкіндігінше жұмсақ суды пайдалану немесе суыту жүйесінде қолданған суды құю қажет. Кермек суды жұмсарту үшін 30 минуттай қайнатады, сондай-ақ оған сода немесе үшнатрий фосфат қосады. Судың кермектілігіне қарай 10 -- 20 г үш натрий фосфатты немесе соданы 10 л. ыстық суға ерітеді.
Қозғалтқыш істеп тұрған кезде және қатты ысып кеткенде суыту жүйесіне суды аз-аздан құяды. Қыс кезіңде цилиндр мен блок жарылып кетпеу үшін салқын қозғалтқышқа өте ыстық су құюға болмайды.
САЛҚЫНДАТУ ЖҮЙЕСІНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Күнделікті техникалық қызмет (КТҚ):
1) жүйенің герметикалығын тексеру, қажет болған жағдайда, ақауын түзету;
2) сұйықтықты үнемі қадағалап отыру және егер қажет болса, үстемелеп құю. Оның деңгейі құятын аузының жоғарғы шетінен 15 -- 20 мм төмен болуы тиіс:
3) желдеткіш ременінің күйін және керілуін тексеру;
Күн сайын радиатордағы су деңгейін тексеру қажет. Радиатор қақпағын қозғалтқыш суығанда немесе ол істеп тұрғанда абайлап ашу қажет, бу бет пен қолды шарпып кетуі мүмкін. Түтікшеден, радиатордан, насос корпусынан су ағып тұрмауы қажет. Мұндайда радиатордың қылта аузындағы қақпағын ашқанда, одан шығатын ыстық су мен будың бет пен қолды шарпып күйдіріп кетпеуіне абай болған жөн. Антифриз буланып ұшып кеткен жағдайда толтыра су қүйып, су аққан жері болса бітеу керек. Корпустың ағызу тесігінен су насосына судың көптеп ағуы -- насостың нығыздағыш құрылғысының тозғандығын аңғартады. Сондықтан оны жаңалап салу қажет. Егер су ақпаса да су шығыны көп болатындығы аңғарылса, онда бу-ауа клапанын тексереді.
Бірінші техникалық қызмет (ТҚ-1):
1) жүйенің герметикалығын тексеру және қажет болса, сұйықтықтың ағуын болдырмау;
2) қозғалтқыштар су насосының подшипниктерін 1-13 майымен бақылау тесігінен жаңа май көрінгенше пресс-май сауытымен (ЗИЛ-130 қозғалтқышында бақылау тесігін жауып тұрған тығынды бұрап шығару, ал майлап болған соң оны бұрап бекіту) майлау. Отандық автомобиль қозғалтқышы су насосының подшипниктерін құрастыру кезінде маймен толтырылады, оларды қозғалтқышқа күрделі жөндеу жүргізілгенге дейін майламайды.
Екінші техникалық қызмет (ТҚ-2):
1) жүйенің герметикалығын тексеру және егер қажет болса, ақауын жою;
2) су насосының және желдеткіш күпшегі гайкаларының бекітілуін бақылау;
3) желдеткіш ременінің керілуін тексеру және қажет болған жағдайда, реттеу;
4) радиатордың бекітілуін және оның қапталуын, сондай-ақ жалюздердің жұмыс істеуін бақылау;
5) су насосының подшипниктерін және ЗМЗ қозғалтқыштарының кергіш ролигін майлау;
6) электр магниттік фрикциялық муфтаның жұмыс істеуін тексеру. Бұл үшін қозғалтқышты оталдырып, салқындатқыш сұйықтықтың температурасы 88°С-ге жеткенше жалюздерді жабу, бұл температурада желдеткіш іске қосылуы тиіс. Одан кейін жалюздерді ашу керек, 80°С-де желдеткіш ажыратылуы тиіс. Бұдан басқа, муфта якоры мен жетек шкивінің кеспелтегі арасындағы саңылауды жалпақ сүңгімен тексеру (қалыпты саңылау 0,25 -- 0,40 мм) қажет. Егер қажет болса, қосалқы гайканы босатып, саңылауды үш винтпен реттейді;
7) радиатор тығынының бу және ауа клапандарының жұмыс істеуін бақылау.
Маусымдық техникалық қызмет (МТҚ):
Маусымдық техникалық қызмет көрсету кезінде термостат пен термометрдің жұмысын тексереді. Термостатты корпустан шығарып алып, ыстық су құйылған ыдысқа салады. Су температурасы 70°С жеткенде термостаттың негізгі клапанының тесіктері ашыла бастап, 85°С жеткенде толық ашылады. Клапанның толық жүрісі шамамен 9 мм.
Дистанциондық термометр көрсеткішін, радиатордың қылта аузына салынған сұйықтық термометр көрсеткішімен салыстырады. Егер термостат немесе дистанциоңдық термометр бұзылған болса, онда оларды ауыстырады.
Қыста суыту жүйесіңде антифриз қолдану керек. Су құйылған қозғалтқыштарда жұмыс біткеннен кейін суды төгіп тастау керек. Егер оны төкпесе, цилиңдрлер блогы, радиатор, түтікшелер жарылып кетуі мүмкін.
Соңғы кезде салқындатқыш сұйықтық ретінде <<Тосол -- А-40>> антифриз қолдану ұсынылады. Оны суыту жүйесіне екі жыл бойы пайдаланып, сонан кейін алмастырады.
СУЫТУ ЖҮЙЕСІН ЖӨНДЕУ
Суыту жүйесінің негізгі ақаулары:
қозғалтқыштың аса салқындауы немесе қызып кетуі.
Қозғалтқыштың аса салқындауы термостаттың айқасып қысылып қалуынан және жалюздердің ашық болуынан және қыста қаптағыштың болмауынан болуы мүмкін.
Қызып кетудің себептері:
салқындатқыш сұйықтық деңгейінің жеткіліксіздігі;
желдеткіш ременінің бір орында айналуы немесе үзілуі;
желдешкіштің электр магниттік қосу муфтасының ақаулығы;
жалюздердің жабық болуы термостаттың айқасып қысылып қалуы;
қақтың жиналуы және радиатордағы судың қатып қалуы.
Салқындату жүйесі герметикалық болуы тиіс. Шлангілер тығыз жалғаспаған жағдайда қамыттың кергіш винттерін тартып бұрау керек. Сұйықтықты жіберіп тұрған шүмекті ысқылау немесе алмастыру керек. Зақымданған радиаторды дәнекерлейді.
Егер су насосының сальнигі арқылы су ағатын болса, онда сальниктің бөлектерін алмастыру қажет.
Егер желдеткіш ремені майланған немесе әлсіз керілген болса, ол бір орында айналуы мүмкін. Майды құрғақ шүберекпен (жұмыс істемей тұрған қозғалтқышка) сүртіп тазартады. Ременьнің керілуін шкивтердің аралығындағы учаскесінің орта бөлігінен қолмен басқанда оның иілуі таблицадағыдай мөлшерде болатындай етіп реттейді.
Салқындату жейдесі мен радиатордың қабырғасындағы болар-болмас қақты радиаторды автомобильден шығарып алмай-ақ кетіруге болады. Бұл үшін салқындату системасына 1 л суға 4 -- 8 мг есебшен әзірленген хромпик ерітіндісін құяды да, автомобильді бір ай паидаланған соң системаны 10 -- 15 көлемді таза сумен жуып тазартады. Неғұрлым әлсіз концентрациясы тот басудың (коррозияның) күшеюіне себепші болады.
Түтіктер барынша ластанып және бітеліп қалғанда радиаторды шығарып алады да, оған 90°С-ге дейін қыздырылған каустикалық соданың 10 проценттік ерітіндісін құяды. 30 минуттан кейін ерітіндіні ағызып алып, радиаторды таза сумен мұқият жуып тазартады.
Салқындату жүйесін мынадай ерітінділермен жуып тазарту жақсы нәтиже береді: 7 -- 8% тұз қышқылы (көлемінің суға қатынасы бойынша), 2 -- 3 г/л ПБ-5 ингибиторы, 25 г/л техникалық уро тропин, 1 -- 3 г/л ОП-7 немесе ОП-10 сулағышы және 1 г/л көбік сөндіргіш (амил немесе изоамил спирті). Жүйеге ерітінді құйып, қозғалтқышты оталдырады және ерітіндіні 60 -- 65°С-ге дейін қыздырады; 10 -- 15 минуттан кейін оны құйып алады.
Желдеткіштің электр магниттік фрикциялық муфтасы датчиктің немесе электр сымдарының ақаулығынан және якорь мен жетек шкиві кеспелтегінің арасындағы ауа саңылауының бұзылуынан іске қосылмауы мүмкін.
Жабық тұрған термостат клапаны тістесіп қалғанда қозғалтқыш қызып кетеді, ал ашық тұрғанда өте салқындап кетеді. Тексеру үшін термостатты суы бар ыдысқа батырады. Суды қыздыра отырып, термометр бойынша клапанның 75°С-де ашыла бастап, 90°С-де толық ашылуын қадағалайды.
Жалюздердің жетегі майланбаса, көбінесе тістесіп қалады. Бұл жағдайда тысы бар сым арқанды шығарып алып, оны керосинмен жуады да, тысына май толтырады.
Егер автомобильді төменгі температурада далада немесе жылытылмайтын орында қалдыратын болса, онда салқындату жүйесін суды ағызады. Бұл үшін радиатордың астындағы және блоктағы ағызу шүмегін ашып, радиатордың аузындағы тығынды шығарады. Жылытқыштың шүмегі ашық болуы тиіс. Жүйеден суды ағызған соң қозғалтқышты оталдыру және судың қалған бөлігі біржола буланып кету үшін кіші айналымда 2 -- 3 мин жұмыс істету қажет. Жылдың суық мезгілінде қозғалтқышты оталдыру үшін оталдыруға арналған кыздырғыш болмаған жағдайда, салқындату системасына алдымен жылы су, ал одан кейін радиатордың аузынан ауа көпіршіктерінің шығуы тоқтағанға дейін ыстық су құйып толтырады, қозғалтқышты оталдырып, 80 -- 90°С-ге дейін кіші айналымда қыздырады, осыдан кейін судың қатып қалуынан қауіптенбестен, қозғалуға болады.
Жүріп келе жатқан автомобиль радиаторындағы судың қатуы туралы жүргізуші температура көрсеткіштің шкаласына қарап немесе қалқаншадағы бақылау лампысының жануына қарап білуіне болады. Бұл жағдайда автомобильді тоқтатып, қозғалтқышты сөндіру және қолғаппен немесе шүберекпен (будың күшпен шығатын жағдайында күйіп қалмас үшін) радиатордың тығынын шығарып алу қажет. Салқындатқыш сұйықтықты деңгейге дейін жеткізе құйып, жалюздерді жабу және радиаторды қымтап жылытып, қозғалтқышты оталдыру және оны кіші айналымда жұмыс істету керек. Егер шамалы ғана мұз қатқан болса, ол толық еріп кетуі тиіс. Қерісінше болған жағдайда қозғалтқышты сөндіріп, ыстық сумен дымқылдандырылған шүберекті радиаторға басу керек.
Мұзды еріту үшін ашық жалынды пайдалануға тыйым салынады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
ТҚ көрсету кезіндегі орындалатын негізгі жұмыстар.
ТҚ көрсету кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
Салқындату жүйесінің негізгі ақаулары.
Салқындату жүйесінің жабдықтарын жөндеу.
Жолда пайда болған ақауларды жөндеу, жағдаяттардан шығу жолдары
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz