Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

АКК басқаруды ұйымдастырудың құрылымдық схемасы

Сабақтың тақырыбы: Автокөлік кәсіпорны типтері және олардың структурасы және міндеттері
Топтар
Аэл 9-181

Сабақ өтетін күн
10.11.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Қазіргі уақытта кәсіпорын басқару құрылымын өз бетінше анықтайды. Автомобиль көлігі кәсіпорнына арналған кеңестер тәртібінде типтік басқару құрылымы әзірленді және өндірістік-шаруашылық қызметінің келесідей саласымен айналысатын қызметкерлердің жуықтау саны есептелген: жалпы басқару, техника-экономикалық жоспарлау, еңбекақы төлеу мен еңбекті ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп және қаржылық қызмет, материалдық-техникалық жабдықтау, мамандарды жиынтықтау, эксплуатациялық қызмет, техникалық қызмет, жалпы іс жүргізу мен шаруашылық қызмет көрсету.
АКК басқарудың ұйымдастыру құрылымы жергілікті жағдайлар есебімен жасалады. 13.1 - суретте кәсіпорын үшін 200-300 бірлік автокөліктіесептен шығару саны басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы көрсетілген.
АКК басшысы кәсіпорынның барлық құралдарына өкілдік етеді, кадрларды іріктеу мен жиынтықтауды жүзеге асырады, бөлімшелердің қызметін бақылайды, қаржылық тәртіптің сақталуы мен жоспардың орындалысына жауапкершілікті мойнына алады.
АКК бас инженері техникалық қызметтерді басқарады және жылжымалы құрамның техникалық жағдайына, техникалық базаның дамуы мен жай-күйіне, материалдық-техникалық жабдықталуына жауапты. Оның қарамағында кешен жұмысын орындайтын және жөндеу мен техникалық қызмет көрсету аймағы бар шеберхана бастығы жұмыс істейді. Көп жағдайда техникалық қызмет көрсету аймағында күн сайынғы қызмет көрсету (КҚК) мен арнайы жабдықталған жолда бірінші техникалық қызмет көрсету (БТҚК) өткізіледі. Жөндеу аймағында жеке немесе негізгі детальдар, агрегаттар жөнделетін өндірістік-қосалқы цехтар, ағымдағы жөндеулер және екінші техникалық қызмет көрсетулермен (ЕТҚК) жүзеге асырылатын бөлшектеу - жинақтау цехы орналасқан.

13.1- сурет - АКК басқаруды ұйымдастырудың құрылымдық схемасы

Бас инженерге өндірістік техникалық дайындықпен материалдық-техникалық жабдықтаумен, техникалық құралдар мен үймереттер, ғимараттарды жөндеумен пайдаланумен айналысатын қызмет пен бөлімшелер бағынады.
Ағымдағы жөндеу мен екінші техникалық қызмет көрсетуді (ЕТҚК-2) орындаудың агрегаттық - телімдік әдісіне көшу жөндеу шеберханаларының ұйымдастырушылық құрылымын өзгертуге алып келеді. Агрегатты-телімдік әдіс кезінде белгіленген бригада жұмыскерлерімен жүзеге асырылатын автокөліктердің жеке агрегаттарын жөндеу (немесе агрегаттар тобы) және техникалық қызмет көрсетудің барлық түрлері кезінде басқарудың цехсіз құрылымы қолданылады (13.2-сурет).

13.2 - сурет - Басқарудың цехсіз құрылымы кезінде жөндеу шеберханаларының құрылымдық схемасы

Бұл құрылымдық бөлімше өндірістік жер деп аталады. Жерді мастер немесе бригадир басқарады. Барлық парктің жолға шығуының дайындығы үшін өндірістік жер мастеріне бағынышты өндіріс диспетчері жауап береді, ал диспетчер өндіріс бастығына бағынышты.
Автокөлік кәсіпорнында пайдалану қызметін пайдалану (эксплуатация) бойынша кәсіпорын бастығының орынбасары басқарады. Оның иелігінде бөлім бастығы басқаратын пайдалану бөлімі бар. Мұнан басқа, пайдалану бойынша бастықтың орынбасарына автоколонна бастығы да бағынуы мүмкін.
Автокөлік бірлестігі жетекшілігін директорлар филиалына бағынатын бас директор, бірлестіктің инженері мен коммерциялық жұмыс бойынша бас директордың орынбасары жүзеге асырады. Автокөлік бірлестігі бас кәсіпорнында бас инженердің орынбасары мен бас директордың орынбасары лауазымдары қарастырылады.
Автокөлік бірлестігінде пайдалану қызметіне коммерциялық жұмыс бойынша бас директордың орынбасары жетекшілік етеді. Оған тасымалдаудың белгіленген бөлімі тікелей бағынады.
Бөлім құрамына үш топ кіреді: тасымалдау маршруттары мен оперативті жоспарлау, жолдағы автокөлік жұмысын диспетчерлік жетекшілік ету; есеп пен талдау, келісімдерді бекіту, болашақты жоспарлау.
Автокөлік бірлестігі филиалдарында кезекші диспетчерлер, аға диспетчер және пайдалану бойынша инженерден тұратын диспетчерлік топ бар. Филиалда еңбекақы төлеу үшін, есептілік сомасын есептеу мен рәсімдеу, материалдық құндылықтар мен басқа мүліктер қозғалысын реттейтін, беретін бухгалтер-кассир және бір экономист бар.
Экономика бойынша кәсіпорын бастығының орынбасарына еңбекақы төлеу мен еңбекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы және жоспарлау-экономикалық бөлім бастығы бағынады. Жоспарлау бөлімі келешектегі, жылдық және тоқсандық технико-экономикалық жоспарлауды жүзеге асырады, өндірістік бөлімшелерге дейін жоспарлы тапсырмаларды жеткізеді; статистикалық есеп жүргізеді, кәсіпорын қызметін талдайды, ішкі шаруашылық есепті ұйымдастырады, еңбекақы төлеу мен еңбекті жоспарлаумен айналысады (еңбекақы мен арнайы еңбек бөлімдері жоқ кәсіпорындарда).
Бухгалтерия материалдық және ақшалай құндылықтарды есептеуді жүзеге асырады, тасымалдау мен басқа да қызметтермен есеп айырысу, жұмыскерлермен және қызмет етушілермен есеп айырысу, ақша көрінісінде кәсіпорын қызметін есепке алу, бухгалтерлік есептеме құрастыру, жекеменшіктің сақталуы, заңдық және мақсатқа лайықты шаруашылық операцияларға бақылау жасауды жүзеге асырады.
Кадрлар бөлімі кәсіпорын қызметкерлерінің жеке ісін жүргізу, жұмыстан босату мен қабылдауды жүзеге асырады, қызмет бойынша жұмыскерлердің қозғалысын бақылайды.
Шаруашылық қызмет АКК аумағында ғимараттарды жөндеу мен пайдалануды жүзеге асырады. Өндірістік және де басқа да ғимараттардың күрделі құрылысы мен қайта жөндеуін күрделі құрылыстың өндірістік-техникалық бөлімі орындайды.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
АКК басқаруды ұйымдастырудың құрылымдық схемасы қандай?
Басқарудың цехсіз құрылымы кезінде жөндеу шеберханаларының құрылымдық схемасы қандай?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Автокөлік составына, қозғалысына диспетчерлік басқару
Информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері
Қарапайым презентацияларды құру
Әдістемелік оқу құралы
АКТ негізінде оқыту құралдары оқушы мұғалім
Информатиканы оқытуды ұйымдастыру
Критериалды бағалаудың қағидаттары
Ақпараттық модель түрлері
Триггердің схемасы
Өндірісті ұйымдастыру түрлері
Пәндер