Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Автомобильдің жай - күйін анықтау тәсілдері

Сабақтың тақырыбы: Автомобильдердің жай күйін анықтау жүйесі
Топтар
Аэл 9-181

Сабақ өтетін күн
10.11.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Техникалық жай-күй анықтау міндеттері СТ РК 1086-2003 бойынша <<Автокөліктерге және оның тіркемелерінің техникалық жай-күйін анықтау жүргізу>> жұмыстарында:
-- машинаның немесе оның құрамындағы бөлшектердің ақаусыздығын және жұмысқа жарамдылығын мүмқіндігінше дұрыс анықтау;
-- машинаның жұмысқа жарамдылығын білдіретін ақауларды іздестіру;
-- машинаның қалған жұмыс қорын немесе есептеулі меже аралығында ақаусыз жұмыс істеу мүмкіндігіне болжам жасау үшін мәлімет жинау.
Автомобильдерге жүргізілетін жай-күй анықтау түрлері, олардың мерзімділігі жэне жүргізілетін орны, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесіндегі нұсқауда келтірілген. Нұсқаудағы талаптарда автомобильдердің қауіпсіз қозғалысын, қоршаған ортаға тигізетін әсерін, техникалық жағдайын бөлшектеп бұзбай бағалау келтірілген.
Жай-күй анықтау жұмыстары техникалық қызмет көрсету (ТҚ) және жөндеу үдерістері құрамының бір бөлігі болып есептеледі.
Автомобильдердің жай-күйін анықтау көліктердің техникалық жағдайының сыртқы өзгеру сыңайына байланысты жүргізіледі, оған автомобильдің тежеу жолы, қозғалтқыштың қуаты, жанармай немесе қозғалтқыш майының шығыны т.б. жатады. Ол көрсеткіштер, әдетте, автомобильдің пайдалану тэртібінде жұмыс істеп тұрған кезінде өлшенеді.
Тэсілдердің техникалық деңгейі жэне жай-күйін анықтау құралдарының жетілдірілгендігі артқан сайын, автомобильдің техникалық жағдайы соғұрлым дәл анықталады.
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының жай-күйін анықтауда оған жұмсалатын еңбек қажеттілігі тексерілетін нысандардың техникалық өлшемдері және құралдардың түрлері жоғарыда көрсетілген стандартта келтірілген.
Автомобильдің жай-күйін анықтау тәсілдері. Автомобильдің қозғалу қауіпсіздігіне әсер ететін өлшемдерді анықтау, автомобильдің техникалық жағдайын қалпына келтіру, сондай-ақ оның маңызды механизмдерін реттеу, агрегаттары мен түйіндеріндегі жасырын ақауларды, бөлшектеп бұзбастан, аспаптар жэне стендтер аркылы анықтап, қалыпты көрсеткіштермен салыстырып тексеру тәсілін жай- күй анықтау (диагностика) деп атайды. Ол дәл уақытысында техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жүмыстарын жүргізуге, ақаулардың пайда болуын ескертуге, агрегаттардың пайдалану мерзімін арттыруға, қосалқы бөлшектердің шығынын кемітуге, жөндеу жэне техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын еңбек қажеттілігін азайтуға мүмкіндік туғызады. Автомобильдің жасырын ақауларын анықтауға жай-күй анықтау аспаптарын пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Мұндай жағдайда механизмдерді бөлшектеу талап етілмейді.
Қызмет көрсету жэне жөндеу жоспарлы-ескерту жүйесінің ережесінде жай-күй анықтаудың келесі түрлері қарастырылған:
-- жедел күй анықтау -- күн сайын, ішінара немесе барлық жылжымалы құрамдар үшін, негізінен, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін механизмдер жэне жүйелер бойынша жүргізіледі (кейде МАИ жүргізеді);
-- жалпы (кешенді) күй анықтау -- автомобильдің жұмысқа шығу көрсеткіші бойынша оның жұмысқа жарамдылық қабілетін (жалпы қуаты, тежеу жолы т.с.с.) анықтау;
-- элементтері бойынша күй анықтау автомобильдін жай-күйі анықталатын механизмдері мен жүйесіндегі ақаулардың нақты себебін анықтау.
Жай-күй анықтау техникалық қызмет көрсету немесе ағымды жөндеуге дейін кейде осылардан кейін де атқарылады. Бірінші жағдайда жасырын ақаулар түрлері анықталатын болса, екінші жағдайда орындалған жұмыстың сапасы анықталады.
Техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу барысында:
-- жалпы (кешенді) күй анықтау (Д 1);
-- тереңдетілген күй анықтау (Д 2);
-- жөндеу алдындағы күй анықтау (Др), қарастырылады.
Жай-күй анықтау жабдықтары сыртқы және бірге орнатылған болуы мүмкін. Бірге орнатылған жабдық автомобильдің бір бөлігі болып есептеледі де, аспаптар панеліне орнатылып, автомобильдін техникалық жағдайын анықтайтын кейбір техникалық өлшемдерді өлшеп тұрады. Қазіргі бірге орнатылған жай-күй анықтау аспаптары жүргізушіге тежеу жүйесінің жағдайын, жанармай шығынын, жұмыс істеген газдың зияндылығын, автомобильдің үнемді жұмыс істеу тэртібін қадағалау үшін қолданылады.
Сыртқы жай-күй анықтау жабдықтары автомобиль құрылғысына жатпайды. Оған стендтер, жылжымалы аспаптар және өлшегіш құралдармен жабдықталған станциялар жатады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Техникалық жай-күй анықтау міндеттеріне нелер жатады?
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының жай-күйін анықтауда қанадй жұмыстар атқарылады?
Автомобильдің жай-күйін анықтаудың қандай тәсілдері бар?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Жай күйін анықтау үдерісі мен тәсілдері
Автомобильдердің жай - күй анықтайтын қүралдарынын жіктелуі
Автомобильдердің жай - күйін анықтау жүмыстарын ұйымдастыру
Жай - күй анықтау және автомобильдердің техникалық жағдайын басқару
Өндірістік жұмысшылар санын анықтау
Майлау және тазалау жұмыстары
Жүргізушінің рухани қасиеттері
Автомобильдердің электронды жүйелерінің жіктелуі
Жүргізушінің дене жағдайы
Автомобиль элементтерінің техникалық жағдайын диагностикалау
Пәндер