Автомобильдердің техникалық жай-күйін анықтайтын құралдардың жіктелуі

Сабақтың тақырыбы: Автомобильдердің жай-күй анықтайтын қүралдарынын жіктелуі
Топтар
Аэл 9-181
Топтар: Сабақ өтетін күн
Аэл 9-181: 10. 11. 2020
:
:
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

  1. Техникалық жай-күй анықтау міндеттеріне нелер жатады?
  2. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының жай-күйін анықтауда қанадй жұмыстар атқарылады?
  3. Автомобильдің жай-күйін анықтаудың қандай тәсілдері бар?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Автомобильдердің жай-күй анықтайтын қүралдарынын жіктелуі

Жай-күй анықтау қүралдары автомобильдің, сондай-ак оның агрегаттарының бөлшектері және жүйелерінің техникалық жағдайын анықтауға арналған. Автомобильдің техникалық жағдайы оның қозғалыс қауіпсіздігінің деңгейі, қоршаған ортаға тигізетін әсері, экономикалық сипаттамасы бойынша бағаланады.

ТҚ көрсететін және АЖ жүргізетін технологиялық және жай-күй анықтайтын жабдықтар нышанына қарай: атқаратын жұмысына; бақылау тәсіліне; технологиялық орналасуына; жұмыс органдарының жетектелуі; мамандандырылу дәрежесі; жылжу дәрежесі жэне автоматтандырылған деңгейі бойынша жіктеледі. ТҚ көрсету мен жөндеу жұмыстарын орындауға арналған жабдықтар:

Бақылау тәсілі бойынша технологиялық жабдықтар: инерциялық - соққыш; гидравликалық; пневматикалық; электрлі; жинастырылған болып бөлінеді.

Технологиялық орналасуы бойынша барлык жабдықтар сыртқы, кіріктірілген және аралас болып бөлінеді. Сыртқы жабдықтар автомобильден бөлек орнатылады да, автомобильге және оның агрегаттарына мезгілдік техникалық қызмет көрсету үшін қолданылады.

Кіріктірілген жабдықтар тікелей автомобильге орнатылып, мезгілдік, сондай-ақ үздіксіз бақылау жүргізілуге арналады.

Аралас жабдықтардың мағынасы жабдықтардың жартысы автомобильге орнатылып, ақпарат жинайды, ал екінші жартысы автомобильден бөлек орналасып, ақпаратқа саралау жүргізеді.

Жұмыс органын жетектеу тәсілі бойынша жай-күй анықтау жабдықтары механикалық, электрлі, гидравликалық, пневматикалық жэне құрамдастырылған болып бөлінеді.

Мамандандырылу дәрежесі бойынша барлық жабдықтар бір бағытқа арналған, тек бір машинаға ғана пайдаланылатын жэне мамандандырылған машинаның барлық түрі бойынша қолданылатын болып бөлінеді.

Жай-күй анықтайтын жабдықтар орнынан жылжитындығы бойынша: жылжымалы; стационарлы (орнынан қозғалмайтын) ; алып жүретін болып бөлінеді.

Автоматтандырылу деңгейі бойынша жай-күй анықтау жабдықтары: қолмен жұмыс істейтін; механикаландырылған және автоматтандырылған болып бөлінеді.

Жылжымалы құрамдардың агрегаттарын, жүйелерін, тетіктері мен бөлшектері тексеріліп, күй анықтағыш жабдықтар бірнеше топқа бөлінеді.

Төменгі суретте автомобильдердің жай-күйін анықтайтын құралдардың жіктелуі көрсетілген.

https://kazaksha.info/wp-content/uploads/2017/10/111.png

IV. Бағалау

А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;

Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Жай-күй анықтау құралдарына нелер жатады?
  2. Жай-күй анықтау құралдары қандай қызмет атқарады?
  3. Автомобильдің жай-күйін анықтаудың қандай тәсілдері бар?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.

V. Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасы

  1. Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
  2. Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Автомобильдердің техникалық жай-күйін анықтау жұмыстарының ұйымдастырылуы
Автомобильдердің техникалық жай-күйін анықтаудың әдістері мен жүйелері
Іс-тәжірибе: автомобильдердің жай-күйін анықтау және техникалық жағдайын басқару
Автомобильдің техникалық жай-күйін анықтау: үдеріс, әдістер және құралдар
Автомобильдердің жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі
Беріліс қорабы мен аспа бөлшектерінің техникалық күйін тексеру әдістері
Автомобильдерге жай-күй анықтау, техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеуді жобалау: өндірістік жоспарлау мен еңбек ресурстарын есептеу
Жай және күрделі бейорганикалық заттардың жіктелуі және типтік металдар мен бейметалдар
Бейорганикалық заттардың жіктелуі: жай және күрделі заттар (оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар)
Автомобильдердің салқындату жүйесін диагностикалау: құралдар, ақаулар және тексеру әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz