Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жай - күй анықтау және автомобильдердің техникалық жағдайын басқару

Сабақтың тақырыбы: Іс-тәжірибе: Жай-күй анықтау және автомобильдердің техникалық жағдайын басқару
Топтар
Аэл 9-181

Сабақ өтетін күн
28.11.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Автопаркте жай-күй анықтау жүмысын ұйымдастыру қалай жүргізіледі?
Жай-күй анықтау техникалық қызмет көрсету немесе ағымды жөндеуде қандай жұмыстар атқарылады?
ТҚ-1 кешенді Д-1 жай-күй анықтау жұмыстары барысында қандай тәсілдер қолданылады?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Жай-күй анықтау және автомобильдердің техникалық жағдайын басқару
Автопарктегі жай-күй анықтау автомобильдердің техникальқ жағдайын, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үдерістерін басқару үшін қоланылады, ал ақпарат дерекшісі: жүргізуші; автопарктің механигі; автомобильге орнатылған және сырткы жай-күй анықтау құралдары (Д-1, Д-2, ДР) болып саналады. Автомобильге техникалық қызмет көрсету қажеттілігі жөніндегі алғашқы ақпарат жүргізушіден алынады,одан кейін күй анықтағыш кешендер арқылы анықталған мәліметтер техникалық қызмет көрсететін бригадаға жіберіледі (3.2-сурет). Сонымен бірге осы мәлімет техникалық қызмет көрсету және жөндеу туралы шешім қабылдау үшін автопарктің өндірістік басқару орталығына жіберіледі.

Егер автомобильге жөндеу қажет етілсе, мэлімет жөндеу бригадасына және басқару орталығына жіберіледі. Қарапайым жөндеу жұмысын тез арада АЖ жүргізетін бригада орындайды, ал жүмыстың орындалуын өндірісті басқаратын орталық бақылайды. Күрделі жағдайда жай-күй анықтау мәліметтері келесі жөндеуге дайындық жасау үшін пайдаланылады. Жөндеуден өткен автомобиль сақтауға қойылады.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйеснсек, күй анықтау екі деңгейлі басқарылады:

1- буын техникалық жағдаймен <<слесарь-автомобиль>>;
2- буын технологиялық-үдерістермен <<Басқару орталығы -- өндірісті басқару кешені -- жұмысшы -- автомобиль>>. Күй анықтаудың бірінші деңгейінде ТҚ көрсету жұмыстарын жүргізу технологиясымен тікелей байланысты, ал екінші деңгейде ол технологиялық үдерісті ұйымдастырумен, негізінен, автомобильдерге ағымды жөндеу жүргізуге байланысты.
Ірі автопарктерде жай-күй анықтау процестерінің өркендеуіне байланысты автоматтандырылған жай-күй анықтау құралдары пайда бола бастады, сондай-ақ автомобильге күй анықтағыштың орнатылуы қолға алынды. Бұл жағдайда ТҚ және жөндеу үдерістерін басқару үшін күй анықтау кеңінен қолданылады.
Күй анықтау тек автопарктерде ғана емес, сондай-ақ автомобиль жөндейтін кәсіпорындарда, техникалық қызмет көрсететін станцияларда, Мемлекеттік автоинспекциясының бекеттерінде ұйымдастырылған.
Кейінгі жаңа тәсілдерді қолдану, ТҚ және жөндеу жүйесінің жай-күйін анықтау жұмыстарын ұйымдастыруды енгізу автомобильдің пайдалану жағдайын жақсартады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Автомобильдің жұмыс орындарында жылжуы қалай жүргізіледі?
Автопарктегі техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеуді басқаруда қандай жұмыстар атқарылады?
Ірі автопарктерде жай-күй анықтау процестері барысында қандай тәсілдер қолданылады?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Автомобильдердің жай - күйін анықтау жүмыстарын ұйымдастыру
Автомобильдің жай - күйін анықтау тәсілдері
Автомобильдердің жай - күй анықтайтын қүралдарынын жіктелуі
Жай күйін анықтау үдерісі мен тәсілдері
Майлау және тазалау жұмыстары
Студенттердің білімін бағалау
Пайдалану жагдайы
Автомобильдердің электронды жүйелерінің жіктелуі
Жүйелер мен механизмдер
Өндірістік жұмысшылар санын анықтау
Пәндер