Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Пайдалану жагдайы

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы мәліметтер. Техникалық қызмет көрсету жөнінен өндірістік жоспарды есептеу
Топтар
Аэл 9-181

Сабақ өтетін күн
23.01.2021

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Автомобильдердің қуатты толық пайдаланбауы неге алып келеді?
Қозғалтқыштың шығындалу себептері қалай анықталады?
Қозғалтқыштың қуаты, жанармай үнемдеудің төмендеуі неден?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Алғашқы мәліметтер. Техникалық қызмет көрсету жөнінен өндірістік жоспарды есептеу
Автокөлік ұйымын жобалау тәсілі келесі қатаң жүйелік тәртіпте орындалатын кезеңнен тұрады: өндірістік жоспарды есептеу немесе берілген уакыт аралығында техникалық кызмет көрсету жэне жөндеуге берілетін сұраныс санын есептеу; техникалық қызмет көрсету, жөндеу, жай- күй анықтау аумағында жұмыс істейтін жұмысшылар санын анықтау; өндірістік бөлімнің аумағын технологиялық есептеу, жоспарлау шешімін жетілдіру; жобалау нәтижесін саралау (28.1-сурет).
Автокөлік үйымын жобалау сүлбасы. Өндірістік шараларды шешкенде, жылжымалы кұрамдардың түрін, санын жэне техникалық жағдайын жұмыс істеу тэртібін, пайдалану жағдайын білу қажет.

Автомобильдің техникалық жагдайын пайдаланғаннан бастап жүрген жолы бойынша анықталады. Жұмыс тэртібі тэулік ішіндегі ауысым саны, ауысымның ұзақтығы, бір жылдағы жұмыс күнінің саны бойынша анықталады. Ауысымдағы, тәуліктегі, айдағы, жыл ішіндегі жүрген жол пайдалану қаркындылығына байланысты.
Өндірістік жоспарды жэне жылдық жұмыс көлемін есептеу алдында:
-- техникалық қызмет көрсету (ТҚ-1), (ТҚ-2) мерзімділігің белгілеу;
-- ТҚ көрсету түріне жэне АЖ/1000 шақырымға жұмсалатын еңбек қажеттілігін анықтау;
-- күрделі жөндеуге (ҚЖ) дейінгі автомобильдің жүрген жолын есептеу жұмыстары атқарылады.
Техникалық қызмет көрсету (ТҚ) мерзімділік нормативтерін, күрделі жөндеуге (КЖ) дейінгі жүрген жолды, ТҚ көрсетуге жэне АЖ/1000 шақырымға тиісті еңбек қажеттілігін арнаулы анықтамадан алады. Бұл нормативтерге арнаулы коэффициенттердің К1 -- К5 көмегімен өзгертулер енгізілуге тиіс. Көрсетілген коэффициенттердің мэндерін (4, 5, 6, 7, 8.) ке- стелерден алуга болады.
Пайдалану жагдайы. Пайдалану жағдайының дәрежесі жэне табиғи- климаттық жағдайларға байланысты анықталады.
Техникалық қызмет көрсету бойынша автокөлік ұйымының өндірістік жоспары белгілі мерзім аралыгында жоспарланатын ТҚ көрсету саны (жыл, ай, тэулік).
Өндірістік жоспар ТҚ көрсетудің эр түрінен жеке-жеке бір жылға есептеледі жэне ол автокөлік ұйымының жылдық жұмыс көлемін анықтауда негізгі көрсеткіш болып табылады.
Техникалык қызмет көрсетудің мөлшерлік мерзімділігін, КЖ-ге дейінгі жүрген жолды анықтау. Күрделі жөндеуге КЖ -- Ц жэне ТҚ -- Ь. көрсетуге дейінгі түзету енгізілген жүрген жол формула бойынша анықталады:
к = Ь[н]К, к2кз км. (2)
Ьі = Ь.>> К^ К2 К3 км (3)
мұндагы: Ьк[н] -- КЖ-ге дейінгі жүрген жол, шақ.;
Ц[н] -- ТҚ көрсету мерзімділігі (ТҚ-1 немесе ТҚ-2), шақ.;
К^ К2 К3 -- түзету енгізетін коэффициенттер (4, 5, 6, 7, 8 кесте- лерде көрсетілген).
ТҚ және АЖ жұмыс көлемін өндірістік аумақ және бөлімше бойынша бөлу. Техникалық қызмет көрсету (ТҚ) жэне ағымдық жөндеу (АЖ) жұмыс көлемін технологиялық жэне ұйымдастыру белгілеріне бай- ланысты оны атқаратын орындар бойынша бөледі. ТҚ жэне АЖ өндірістік бөлімдер мен бекеттерде атқарылады. Бекеттерде жуу, жинастыру, май- лау, бекіту, жай-күй анықтау жүмыстары атқарылатын болса, автомобиль- ден шығарылған агрегаттарды жөндеу, тексеру жұмыстары (агрегаттық. механикалық т.б.) бөлімдерде жасалады.
Автомобильдер саны 200-ден асатын автопарктерде ТҚ жэне АЖ жүмыстарын арнаулы бригадалар орындайды.
Жылжымалы құрамдардың Д-1 күй анықтау жұмысын ұйымдастыруға байланысты ол бөлек бекеттерде немесе ТҚ-1 жұмыстарымен бірге атқарылады. Күй анықтау Д-2 әдеттегідей бөлек бекетте жасалады.
Өндірістік жұмысшылар санын анықтау. Өндірістік жұмысшыларға ТҚ және АЖ жұмыстарын жүргізетін адамдар жатады. Олар технологиялық қажетті (явочное) және штаттық (тізімдегі) жұмысшылар болып бөлінеді. Технологиялық кажетті жұмысшылар -- ауысымдык жоспарды орындауға, ал штаттық жылдық өндірістік жоспарды орындауға арналған.
АЖ жұмыстары автопарктің көлемі немесе қолданылу мақсатына байланысты эмбебап немесе арнаулы бекеттерде атқарылады. Тұйық немесе өтетін бекеттер саны төменгі формула бойынша анықталады.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Автокөлік ұйымын жобалау тәсілі қанлай орындалады?
Өндірістік жоспарды жэне жылдық жұмыс көлемін есептеу алдында қандай жұмыстар атқарылады?
ТҚ және АЖ жұмыс көлемін өндірістік аумақ және бөлімше бойынша бөлу қалай жүргізідледі?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Автокөлік құралдарын пайдаланудағы техникалық күйінің өзгеру себептері
Қазақстанның XYIII ғасырдағы әләуметтік-экономикалық және саяси дамуы
Табиғатты қорғау. 8 сынып
Адам экологиясы. Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар
Ақпараттық оқыту технологиясын экология сабақтарында қолдану әдістері
Xv-xvii ғасырлардағы қазақ хандығы
Жалпы орта білім беретін Ақтау мектеп балабақшасының биология кабинеті
Батыс Қазақстанның шаруашылық географиясы
Табиғатты қорғау негіздері. факультативтік курс бағдарламасы
Жетісудағы Қарақытайлар
Пәндер