Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жоғары қысымды жанармай сорғылары

Сабақтың тақырыбы: ЖҚЖС (Жоғары қысымды жанармай сорғылары) құрылуының жұмыс істеуі.
Топтар
Аэл 9-191

Сабақ өтетін күн
23.09.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Дизель қоректендіру жүйесінің жұмыс приципі ?
Дизельді двигательдердегі негігі құралдырына нелер жатады?
Дизель қозғалтқышының тамақтану жүйесі?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
ЖҚЖС (Жоғары қысымды жанармай сорғылары) құрылуының жұмыс істеуі.
Жанармайды беру және қоспа түзу жүйесінде негізгі құрылғылар жанармайдың мөлшерленуін, оның цилиндрлерге дер кезінде бүркілуін және сығылған ауада тозаңдануын қамтамасыз ететін ЖҚЖС және форсунка болып табылады. Дизельдерде жанармайды беру жүйесінің екі магистралі болады: төмен қысымды (ЖҚЖС жіберу қуысына дейін) және жоғары қысымды (ЖҚЖС-тан форсункаға). Сондықтан жүйеде екі сорғы қолданылады, олардың бірі (төмен қысымды) жанармайдың қысымы 0,2 МПа аспайтын ЖҚЖС жіберу қуысына айдамалануын қамтамасыз етеді. Айдамалау сорғылары плунжерлік, қалақ типті болуы, ЖҚЖС-дан бөлек немесе бір корпуста орнатылуы мүмкін.
Жоғары қысымды жанармай сорғылары. ЖҚЖС мысқалды және тарату типтерін бөліп қарастырады. Конструкциясы мен реттелу қарапайымдылығымен ерекшеленетін тарату типіндегі жанармай сорғылары ең көп таралған (1.16-сурет). Оларға тән ерекшелік әрбір плунжерлік жұп бір емес, бір мезгілде қозғалтқыштың бірнеше цилиндріне қызмет көрсетеді. Тарату типіндегі жанармай сорғысындағы плунжер күрделі қозғалыс жасайды: кері қайтару-үдемелі (сорғы әрекеті) өз осіне қатысты айналу қозғалысымен қоса атқарылады (тарату әрекеті). Плунжердің төмен қозғалысы (сору барысы) итергіш 12 арқылы плунжерге 1 әсер ететін серіппенің күшімен 11 жүзеге асырылады. Плунжердің кері қозғалысы (айдамалау барысы) итергіш 12 арқылы жұдырықшаның 13 әсерімен орын алады, бұл ретте серіппе 11 жиырылады. Плунжер айналу қозғалысын реттеуші білігі және тісті төлке 9 арқылы жұдырықша білігінен 14 алады. Серіппенің 11 әсерінен плунжердің 1 қозғалысы кезінде гильзаның плунжер үстіндегі қуысында 6 сиретілу орын алады. Орнын ауыстырған плунжер жіберу каналдарын 5 ашып, солар арқылы жанармай плунжер үстіндегі қуысты толтырады. Одан кейін жұдырықшаның 13 әсерімен плунжер кері жүріс жасайды, осы процесте жіберу каналдары 5 жабылады да, жанармай сығыла бастайды. Осы кезде тарату ойығы 3 плунжер айналып тұрған кезде цилиндрлердің бірінің жанармай айдамалау каналына 4 қарсы орналасады. Плунжер үстіндегі қуыстан жанармай қысыммен плунжердің орталық каналы 7 және оның тарату ойығы 3 арқылы жанармай айдамалау каналына 4 келіп түседі. Жанармайдың цилиндрге берілуі плунжердің бөлік ойығы 8 мөлшерлеуіштен 2 шықпайынша және плунжер үстіндегі қысым орталық канал 7 және плунжердің ашық бөлік ойығы 8 арқылы жанармайды жіберу салдарынан төмендемейінше жалғаса береді.

1.16-сурет. Бөлінген типтегі жоғары қысымды жанармай сорғысының жұмыс істеу схемасы: I -- плунжер; 2 -- мөлшерлеуіш; 3 -- тарату ойығы; 4 -- айдамалау каналы; 5 -- жіберу каналы; 6 -- гильза; 7 -- плунжердің орталық каналы; 8 -- плунжердің бөлік ойығы; 9 -- тісті төлке; 10 -- плунжерді тісті төлкемен қосу; II -- серіппе; 12 -- итергіш; 13 -- жұдырықша; 14 -- жұдырықша білік
Жоғарғы қысымдағы жанармай сорғысы мөлшерленген жанармай порцияларын қозғалтқыштың əрбір цилиндріне олардың жұмыс тəртібі мен берілген режиміне сəйкес бірқалыпты беруді қамтамасыз етеді. Қозғалтқыштың əрбір цилиндріне жеке ЖҚЖС қызмет көрсетеді. Жұмыс пен қызметті ыңғайлау үшін олар секцияға жиналған жəне ортақ корпусы бар.
Жоғарғы қысымдағы жанармай сорғысының ішіне домалақ мойынтіректерде иінді білік орнатылған корпусы бар. Сорғының əрбір секциясының тығынжыл төлкесі жəне тығынжылы бар. Тығынжыл төлкесі үстіне айдау клапаны орнатылған. Тығынжыл төлкесі, тығынжыл жəне ершікті айдау клапаны дəлме- дəл жұптарды құрайды, сондықтан тек бір ғана бөлшекті ауыстыру құпталмайды, тек қана жиынтықпен ауыстырылуы тиіс. Тығынжыл төлкесінің үстіңгі бүйіріне жалғастықпен айдау клапаны ершігі қысып орнатылған. Жалғастықтың оймалы ұшына ілме сомын көмегімен жоғарғы қысымдағы жанармайқұбыр бекітілген, екінші ұшы бүріккішке жалғанған. Тығынжыл аунақшалы итергіш арқылы жұдырықшалы біліктің жұдырықшаларына сүйенеді. Тығынжылдың қайтармалы серіппесі бар, ол төменгі ұшымен тілінген шайба арқылы тығынжылға əсер етеді, ал үстіңгі ұшымен шайба арқылы корпусқа тіреледі. Тығынжылдың төлкесінде кіру жəне ағызу тесіктері бар.
Цилиндрге берілетін жанармай мөлшерін өзгерту үшін тығынжылда бұрандалы бунақ бар, сондай-ақ радиаль арнасының бұрандалы бунақтың үстіңгі жағына шығатын бойлық тесік жасалған. Жанармайның берілуін басқару үшін тісті төрткілдеш жəне тісті сектор бар, олар ілінісуде болады. Жұдырықшалы білікке жанармай сорғысының жетек муфтасынан айналма қозғалыс беріледі.

Форсунка. Қарапайым форсунканың негізгі торабы корпус пен инеден тұратын шашыратқыш болып табылады. Корпус пен ине жоғары қосындыланған болаттан дайындалған, мұқият өңделген және бір-біріне кептелген, олардың арасындағы саңылау -- 1 ...3 мкм. Ине корпустың конус тәрізді еріне форсунканы ашудың белгілі бір қысымын реттейтін серіппемен сықпаланады және соплоға апаратын шашырату каналын жауып тұрады. Соплоның шашырату тесіктерінің диаметрі 0,2.0,4 мм құрайды. Формсунка корпусында шығыршықты және бірнеше тігінен орналасқан жанармай каналдары бар. Жанармай бүркуді бастау қысымына тең форсунканы ашу қысымы (иненің ерден ажырауы), реттеу кезінде белгілі бір диапазонда болуы тиіс (мысалы, 17,5.18,0 МПа). Шашыратқыштың корпусқа қатысты орны қатаң бағдарлануы тиіс. Жанармайды форсункаға әкелу штуцер арқылы жүзеге асырылады. Форсунканың жоғарғы бөлігінде қалпақ болады, оған шашыратқыштың инесі мен корпусы арасындағы саңылау арқылы өтетін жанармайға арналған ағызу түтікшесі қосылады. Қозғалтқыш жұмыс істеген кезде форсунканың барлық каналдары жанармайға толтырылған. Ине белдеуіне әсер ететін жанармай қысымы өзі ретке келтірілген серіппенің күшін арттырған кезде, ине көтеріліп, жанармай үлкен жылдамдықпен шашырату соплосына келіп түседі де, жану камерасына бүркеді.
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
Жоғары қысымды жанармай сорғылары жұмыс приципі ?
Жоғары қысымды жанармай сорғылары құрылысы?
Форсунка қызметі және құрылысы?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Редуктор - буландырғыштың мақсаты
Дизель қоректендіру жүйесінің жұмыс приципі
Сабақтың тәрбиелік мақсаты
Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою
Сұрақтар мен тапсырмалар. САБАҚ БАРЫСЫ
Цилиндрдің тығыздығын талдағыш
Жанармай шашыраған кздегі қысымның төмендеуі
Форсунка және отын өткізгіштер
Сабақтың тақырыбы. Сабақ жоспары
Карбюратордың құрылысы және бөлшектерін ата
Пәндер