Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Электр энергиясын өндіру
Сабақтың тақырыбы: Электротехника бойынша негізгі түсініктеме.
Топтар
Аэл 9-191
Сабақ өтетін күн
02.12.2020
САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Электронды басқару блогының қызметі қандай?
Отын бүрку жүйесінің басқарушы орталығы не болып табылады?
Жедел еске сақтау құрылгысы дегеніміз не?
Электронды басқару блогының (ЭBB ) жадысы неше топқа бөлінеді?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Электротехника бойынша негізгі түсініктеме.
Электр техника - техникалық құрылғылардағы электрлік және магниттік құбылыстарды зерттеуге және пайдалануға байланысты ғылым мен техника саласы. Электр техника мыналарды зерттейді: техникалық құрылғылардағы электрмагниттік құбылыстар; электрмагниттік құбылыстарды пайдалануға негізделген электр техникалық құрылғылар; электрмеханикалық құрылғыларды өндіріс жүйелерінде (генерациясында), электрмагнитті энергияны беру, тарату және өңдеу барысында қолдану.
Электр техникалық құралдар тұрмыста (жарықтандыру құралдары, тоңазытқыштар, электр жылыту құрылғылары) және өндірісте (электрлендірілген станоктар, конвейерлер, электр дәнекерлеуші аппараттар), медицинада (диагностикалық аппараттар - рентген, томограф және басқалары, медициналық құралдар - лазерлер, стоматолог мамандардың бормашиналары) және әскери істе (байланыс тораптарын, командалық қосындарды, аэродромдарды, ракеталардың бастапқы ұшу орындарын, ұшақтардың, кемелердің және су асты кемелердің электр құрылғыларын электрмен қамтамасыз ету), көлікте (трамвай, троллейбус, метро, темір жолдардың электрмен жылжитын составтары, автомобильдердің электр құрылғылары) және байланыс саласында (телефон, телеграф, радио байланысы) кеңінен қолданылады.
Электрондық техника (электроника) -- электрондардың электрлік және магниттік өрістермен вакуумда немесе қатты денеде өзара әрекет етуіне негізделген физикалық қасиеттер, зерттеу әдістемелері және және құрылғыларды қолданумен байланысты ғылым және техника саласы. Қазіргі таңда электронды ағымдар және олардың заттармен және электрлі магниттік өрістермен өзара әрекет етуіне негізделген аспап және құрылғыларды электронды техника деп түсіндіріледі.
Электрондық аспаптар -- білгілі бір қызмет атқаратын қарапайым электронды құрылғылар.
Электротехника -- бұл электр жəне магниттік құбылыстарды зерттеумен жəне оларды практикалық мақсаттарда қолданумен айналысатын ғылым мен техниканың саласы.
Электр энергиясының қасиеттері. қазіргі қоғамдағы электр энергиясының зор маңызы оның құнды қасиеттерімен анықталады:
:: электр энергиясының үлкен қашықтықта берілісінің және шағын шығын арқылы тұтынушылар арасында оны бөлу қолайлылығы;
:: үлкен әртүрлілік және салыстырмалы арзаншылығымен электр энергиясын өндірудің техникалық құралдары мен әдістері;
:: электр энергиясының салыстырмалы қарапайымдылығы мен пайдалы әсер жоғары коэффициентімен (ПӘК) энергияның (механикалық, жылулық, жарық, химиялық т.б.) басқа түрлеріне өзгерту;
:: электр шамаларын өлшеудің және бақылаудың салыстырмалы қарапайым, сенімді және қауіпсіз әдістерінің болуы, сондай-ақ электротехникалық құрылғылар, агрегаттар мен жүйелердің жұмыс тәртібін басқару
Электр энергиясын өндіру. Қазіргі уақытта табиғатта жиналған энергияны (құлама су энергиясын, көмірді, шымтезекті, атом энергиясын және т.б.) пайдаланатын қуатты жылу, атомдық және гидроэлектростанциялар электр энергиясын өндіру үшін қолданылады. Автономды объектілерді қуаттандыру үшін (автомобильдер, ұшақтар, ғарыш кемелері, ауа райын болжау станциялары және т.б.) электр энергиясының (химиялық, күн және т.б.) басқа да түрлерін электрге айналдыру үшін әртүрлі құрылғылар қолданылады.
Электр энергиясын қолданудың екі бағыты. Электр энергиясын қолданудың әртүрлілігі шын мәнінде түсініксіз. Қазір электротехникада электр энергиясын қолдану екі негізгі бағытқа бөлінген. Бірінші бағыт халықшаруашылығының барлық салаларын дамытуға қажетті электр энергиясын өндіру, беру, тұтыну міндеттерін қарастырады. Екінші бағыт электр сигналдарының көмегімен ақпарат беру және түрлендіру мәселелерін қарастырады. Ақпаратты беру және өңдеу міндеттері автоматикада, телебасқаруда және телеөлшеуде, есептеу техникасында, радиотехникада және электроникада шешіледі.
Электротехникалық құрылғыларындағы процестерді сипаттауға қолданылатын модельдер. Қазіргі уақытта техникалық құрылғылардағы электрмагниттік құбылыстарды және процестерді талдау үшін екі негізгі модель қолданылады: электр тізбектері мен электромагниттік өріс. Осы екі модельге сәйкес электротехника курсы шартты түрде екі бөлікке бөлінеді: электр және магниттік тізбектер теориясы және электрмагниттік өріс теориясы.
Электротехника білімін қолданатын ғылым мен техника салалары. Құрал-жабдықтарды, аппараттарды, электр және магниттік шамалардың өзара байланысын, және құрылғыларды пайдалану қағидаларын зерделеу кіреді. Электрмагнитті энергияны, электр және магниттік шамалардың өзара байланысын, электрмагниттік процестерді есептеу және талдау әдістерін қолданатын аппараттар, машиналар, құралдар жұмыстары және құрылғылар қағидаларын зерделеуді өзіне қамтиды.
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Электротехника дегеніміз не?
Электр энергиясын қолданудың неше бағыты бар?
Электротехникалық құрылғыларындағы процестерді сипаттауға қолданылатын модельдер қандай?
Электротехника білімін қолданатын ғылым мен техника салалары қандай?

V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz