Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Генератор тапсырмасының түрлері

Сабақтың тақырыбы: Генератор тапсырмасының түрлері
Топтар
Аэл 9-191

Сабақ өтетін күн
23.12.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Автомобильде қолданылатын аккумулятор батареяларының түрлері қандай?
Аккумуляторлар құрылысы бойынша қандай түрлері?
Аккумулятор батареясы маркалары қандай?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Генератордың құрастырылуы

3.4 сурет. ВАЗ қозғалтқыштарының 37.3701 генераторы: а -- қимасындағы жалпы түрі; б -- 1996 ж кернеуді реттегіш және түкше торабы; в -- ротор; г -- ВАЗ-21213 автокөлігіндегі генератордың жалғану сызбасы; 1 -- байланыс сақиналары тарапынан генератордың қақпағы; 2 -- түзету блогының бекіту бұрандасы; 3 -- байланыс сақиналары; 4және 20 -- шар тәрізді мойынтіректер; 5 -- радиокедергілерді басуға арналған конденсатор; 6 -- ротор білігі; 7 -- қосымша диодтарды өткізудің жалпы сымы; 8 -- тұтынушыларды қосуға арналған генератордың <<30>> клеммасы; 9 -- генератордың <<61>> істікшесі (қосымша диодтардың жалпы өткізгіші); 10 -- кернеуді реттегіштің <<Б>> өткізгіш сымы; 11 -- кернеуді реттегіштің <<В>> өткізгішімен байланысқан қылшақ; 12 -- кернеуді реттегіш; 13 -- кернеуді реттегіштің <<Ш>> өткізгішімен байланысқан қылшақ; 14 -- генераторды тарту жабдығына бекітуге арналған шпилькасы; 15 -- тегершік тарапынан генератордың қақпағы; 16 -- генератор білігінде тегершігі бар желдеткіш; 17 -- ротордың полюстік ұштығы; 18 -- мойынтіректерді бекіту тығырығы; 19 -- аралық сақина; 21 -- болат төлкесі; 22 -- ротор орамы (қызу орамы); 23 -- статор білігі; 24 -- статор орамы; 25 -- түзетуші блок; 26 -- тізетуші блоктың диоды; 27 -- генератор қақпақтарының тартпалы бұрандасы; 28 -- буферлің төлке; 29 -- төлке; 30 -- қыспа төлкесі; 31 -- кернеуді реттегіштің <<В>> өткізгіші; 32 -- қылшақ ұстағыш 33 -- ротор қызу орамының ұштарын өткізуге арналған саңылаулар; 34 -- аккумулятор батареясы; 35 -- генератор; 36 -- жабдықтардың жинағы; 37 -- 51 Ом кедергі; 38 -- белгі беруші торабындағы диод; 39 -- аккумулятор батареясы тоқтан айырылуыны белгі берушісі; 40 -- сақтандырғыштардың блогы; 41 -- тұтану релесі; 42 -- тұтанудың сөндіргіші (құлып)
Генератордың құрастырылуы (3.4 сурет). Генератор статордан, ротордан, 11 және 13 қылшақтарынан, 25 түзетуші блоктан, 12 кернеуді электронды реттеуіштен, 27 бұрандамаларының көмігемін бекітілетін 1 және 15 екі қақпақтан, сонымен қатар 16 желдеткіші бар терегшіктен және 5 конденсатордан тұрады. Статор білік және орауыш байламдарынан тұрады. Статордың 23 білігі (3.4, а суретін қараңыз) бір-бірінен лакпен оқшауланған бөлек болатты пластиналарынан сақина түрінде дайындалады. Оның ішкі бетінде орауыштары киілетін тістері бар. Орауыштар статордың 24 байламын түзейді. Ол бір-біріне қатысты 120° бұрышында орналасқан үш фазаға бөлінген. Әрбір фазаның бір ұштары нөлдік деп аталатын өзара бір нүктеге жалғанған, ал басқалары тізбекке шығарылады. Ротор магниттік өрісті 22 қозу байламының әрекет етуімен құрайтын бір-біріне тұмсықтәрізді полюстеріне кіретін алты жұбымен 17 екі полюстік ұштық және 22 қозу байлауышы бар 21 төлкесі қысылған 6 білігінен (3.4, в суретін қараңыз) тұрады. Ротор білігінде 3 екі байланыс сақинасы орнатылған (3.4, а суретін қараңыз), олар арқылы қозу байламына электр тоғы беріледі. Байланыс сақиналарының бойымен 11 және 13 серіппелі графиттік қылшақтар сырғиды, олар 12 кернеуді реттеуішпен В және Ш өткізгіштерімен жалғанған. Ротор генератордың алдыңғы және артқы қақпақтарында орнатылған 4 және 20 шар мойынтіректерінде айналады. Мойынтіректер генератордың қызмет ету мерзіміне есептелген арнайы маймне толтырылған. Генератордың 1 қақпағының ішінде 25 түзету блогы орналастырылған. 25 түзету блогы өзара байланысқан алты диодтармен қысылған екі алюминий пластинасынан тұрады (әрбір пластинада бірдей полярлы үш диод бойынша), олар электр тоғын бір бағытта ғана өткізеді және генератормен өндірілетін ауыспалы электр тоғын тұрақты тоғына түрлендіруді қамтамасыз етеді. Түзету блогының пластинасында тағы үш қосымша диод орнатылған. Жұмыс істеп тұрған генератордың осы қосымша диодтарынан алынатын кернеу ротордың 22 байламын тұрақты тоқпен қуаттау үшін өткізіледі. Кернеудің электронды реттеуіші 12 генератор кернеуінің ең үлкен мөлшерін шектеу үшін қызмет атқарады, ол электр қуаты тұтынушыларының қалыпты жұмысын және аккумулятор батареясын қуаттауды қамтамасыз ету үшін қажет. Ол генератордың 1 қақпағына сыртынан бекітілетін пластмасса 32 қылшақ ұстағышысымен және 11 мен 13 екі қылшақтармен бір қылшақ торабына біріктірілген бөлшектенбейтін реттелмейтін транзистрлік жабдық (3.4, б суретін қараңыз) болып келеді. Желдеткіші бар жетекші тегершігі 16 ротордың 6 білігінде орнатылған.
Генератордың жетегі иінді біліктің тегершігінен поликлинді (ВАЗ-2120 және ЗМС-4062 қозғалтқыштарында) немесе клинді (басқа қарастырылатын қозғалтқыштарында) белдігінің көмегімен іске асырылады. Тегершіктің кемітілген диаметрінің арқасында генератор роторының білігінде иінді білікке қарағанда айналу жиілігі аса жоғары (жуық шамамен екі есе), ол онымен өңделетін тоқты арттыру үшін қажет. Әсіресе, қозғалтқыш бос жүрісте кіші айналымдарда істеген кезде. Желдеткіш 16 статор, ротор және тізеткіштің салқындатылуы үшін қызмет атқарады. 1 қақпақтағы терезелер арқылы салқындатқыш ауа кіреді. Генератордың ішінде өтеді және 15 алдыңғы қақпақ терезелері арқылы сыртқа шығады. Радиокедергілерді басу үшін және автокөліктің электронды жабдықтарын кернеудің импульстарынан қорғау үшін генератордағы тұтату жүйесінде 5 конденсатор орнатылған, ол оң өткізгіші (<<30>> клемма) және генератордың <<салмағы>> (3.4, г суретін қараңыз) арасында қосылады. Генератордың жұмысы. Келесідей түрде іске асырылады: тұтату іске қосылған кезде <<61>> өткізгіші арқылы 34 аккумулятор батареясынан ротордың қозу байламына тоқ келіп түскені туралы белгі беретін жабдықтардың комбинациясындағы аккумулятор батареясы тоқтан айырылуының 39 дабыл берушісі жанады (3.4, а суретіндегі 9 сур.қараңыз). осы кезде аккумулятор батареясының тоғы оның іске қосылуын болдырта отырып, 39 дабыл беруші, 40 сақтандырғыш блогы, 41 реле, 42 тұтатуды қосу арқылы <<61>> өткізгішіне келіп түседі. Қозу байламы арқылы өтетін тоқ ротор полюстерінің қасында магниттік өрісті құрайды. Қозғалтқышты іске қосқаннан кейін, генератордың роторы айнала бастаған кезде, 23 статордың әрбір тісі астында (3.4, а суретін қараңыз) ротордың біресе оңтүстік, біресе солтүстік полюстері өтеді. Сондықтан, статордың тістері арқылы өтетін магниттің өріс күші және бағыты бойынша өзгеріске ұшырайды. Ауыспалы магниттік өріс статордағы 24 байлам айналымдарын қия отырып, онда ЭҚК жинақтайды. Статордың байламында жинақталған ауыспалы кернеу мен тоқ 25 түзету блогымен түзетіледі. Тұтынушыларды қуаттау үшін генератордың <<30>> клеммасынан алынатын тұрақты тоқ жұмсалады (3.4, а суретіндегі 8 сур). қосымша диодтардың 9 жалпы өткізгіштерінен біруақтылы ротордың 22 байламын қуаттау үшін түзетілген кернеу беріледі.
Жұмыс істеп тұрған генератордағы <<30>> клеммасындағы және <<61>> өткізгішісіндегі қосымша диодтарының кернеуі тең шамалы. Сол себепті, аккумулятор батареясының тоқтан айырылу дабылына тоқ жеткізілмейді және де ол жанбайды. Осы жағдайда генератордың қозу байламы үш қосымша диодтарында түзеткіштерден қуатталады. Ал аккумулятор батареясы батареяның оң өткізгішісіне генератордың <<30>> клеммасынан келетін тоғымен қуатталады. Егер жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш кезінде дабыл жанып тұратын болса, онда ол генератордың ақаулығын білдіретін болады. Яғни, ол кернеуді мүлдем бермесе немесе ол аккумулятор батареясының кернеуінен төмен болса. Ротордың айналу жиілігі артылған кезде генератормен өндірілетін тоқтың күші (беріліс тоғы) және оның кернеуі артады. Генератордың кернеуі ең үлкен рұқсат етілген көлеміне жеткен кезде, 12 кернеуді реттеуіш ротор байламындағы тоқтың күшін кемітеді, генератордың кернеуі кемиді, одан кейін реттеуіш қайтадан ротор байламында тоқтың күшін ұлғайтады және үдеріс қайталанады. Реттеудің берілген үдерісіндегі жиілік жоғарғы болуының арқасында генератордың кернеуі аса тар диапазонда уытқып отырады, яғни, айтарлықтай тұрақты бола бастайды, генератордың реттелетін кернеуі деп аталатын рұқсат етілген ең үлкен шамасына жақын болады. Кернеуді реттеуіш генератордың реттелетін кернеуін оның роторының айналу жиілігінен және жүктемесінен тәуелсіз түрде айтарлықтай тұрақты қолдап отырады (яғни, тұтынушыларды қосу-сөндіруден тәуелсіз емес).
Генератордың реттеу кернеуінің шамасы анықталған бір генератордың сипаттамаларынан және онда орнатылған кернеудің реттеуішісінен тәуелді, және генератордың әрбір моделі үшін техникалық сипаттамада көрсетілген анықталған шектерде болуы тиіс. Қарастырылып отырған генератордың 37.3701 моделі үшін реттеу кернеуінің шектері 13,5-14,6 В құрап отыр. Генератордың басқа аса маңызды сипаттамасының бірі беріліс тоғының ең үлкен күші болып келеді. Ол қарастырылып отырған 37.3701 генераторы үшін 55 А құрайды (13 В және 5 000 мин-1 кезінде). Генераторды қозғалтқышқа бекіту. Барлық қарастырылып отырған қозғалтқыштарында (ЗМЗ-4062 басқа) генераторды қозғалтқышқа қозғалыста бекітеді, ол генератордың цилиндр блоктарына қатысты күйін өзгерту жолымен оның жетегін белдікке тарту үдерісін асыруға мүмкіндік береді. Генераторлардың төменгі бекітілуі 29 төлкелері бар генератор қақпақтарындағы күшею саңылауларына салынатын бұрандамаларында орындалады. Генератордың үстіңгі бекітілуі цилиндр блоктарына қатысты оны айналдыруға мүмкіндік беретін тарту планкасына, оны төменгі бекіту осін айнала отырып, іске асырады. ЗМЗ-4062 қозғалтқышысында генератор цилиндр блогына кронштейнде қозғалыссыз бекітіледі. Оның жетегінің поликлинді белдігін тарту бұрандама көмегімен тарту аунақшасын жылжыту жолымен арнайы тарту жабдығының көмегімен іске асырылады.
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Автомобильде қолданылатын генераторлардың түрлері қандай?
Генератор құрылысы бойынша қандай түрлері?
Генератор құрылысы қандай?
В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
САБАҚ ЖОСПАРЫ. Сабақтың мақсаты
Генераторлар. трансформаторлар. 8-сынып
САБАҚ ЖОСПАРЫ. Сабақтың түрі
Кездейсоқ сандар генераторымен бағдарламалау ерекшеліктері
Студенттердің білімін бағалау
Сабаққа шолу
Автокөліктерде электр энергиясының көзі - аккумулятор батареясы мен генератор
HTML тілінің тегттері
Қазақ әйелінің ұлттық киімі
Жел электр стансасы макеті
Пәндер