Іс-тәжірибе сабағы: автомобильдің бақылау-өлшеу аспаптарын меңгеру

Сабақтың тақырыбы: Іс-тәжірибе: Бақылау өлшеу аспаптарын үйрену

Топтар
Аэл 9-191
Топтар: Сабақ өтетін күн
Аэл 9-191: 19. 04. 2021
:
:
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

  1. Жарықтандыру құрылғыларының қатарына нелер кіреді?
  2. Жарықтандыру аспаптары неден тұрады?
  3. Шамдар (лампа) неше болады?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Бақылау-өлшеу аспаптары автомобильдің жекелеген жүйелері мен механизмдерінің жағдайы мен әрекет етуін бақылауға арналған, олар отын багындағы отынның деңгейін, салқындату жүйесіндегі салқындату сұйықтығының температурасын және қозғалтқыштың жағу жүйесіндегі майдың қысымын көрсететін көрсеткіштерден тұрады. Одан басқа, бірқатар бақылау шамдары бар: отын резерві, май қысымы, аккумуляторлық батарея заряды, карбюратордың ауа қақпағы, сыртқы жарықтандыру, бұрылыс көрсеткіштері, фара жарығының ұзаққа түсу көрсеткіші, таратқыш қораптың диффиренциалын бұғаттау, тежегіш сұйықтығының деңгейі, тұрақ тежегіш, артқы терезе әйнегін жылыту, тұманға қарсы артқы жарық, авариялық сигнализация.

Бақылау-өлшеу аспаптарына сондай-ақ вольтметр, спидометр, электронды тахометр және эконометр жатады.

Вольтметр қозғалтқыш жұмыс істемей тұрған кезде аккумуляторлық баратея кернеуін, ал қозғалтқыш жұмыс істегенде генератордың кернеуін көрсетеді.

Спидометр автомобильдің қозғалыс жылдамдығын және жүріп өтілген жолдың (тәуліктік және жалпы ең алғашқы пайдаланудан бастап) ұзақтығын өлшейді. Ол арнайы жетектен иілгіш білікпен іске қосылады.

Тахометр қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігін қадағалайды.

Эконометр (вакуумметр) қозғалтқыштың шығару құбырындағы разрядтануды өлшейді және автомобильдің қозғалысы кезінде отынды анағұрлым үнемді жұмсау тәртібін таңдауға мүмкіндік береді.

Бақылау-өлшеу аспаптары мен бақылау шамдары автомобильде аспаптардың қалқандарында орналастырылады. Жеңіл автомобильдерде әдетте барлық бақылау-өлшеу аспаптары бақылау шамдарымен бірге аспаптары панелінде біріктірілген.

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Бақылау-өлшеу аспаптарықатарына нелер кіреді?
  2. Бақылау-өлшеу аспаптарының қызметі қандай?
  3. Бақылау-өлшеу аспаптары мен бақылау шамдары автомобильдің қай жерлерінде болады?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.

V. Үй тапсырмасын беру

Үй тапсырмасы

  1. Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
  2. Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Магнит өрісі және электромагниттің түзілуі: іс-тәжірибе сабағы
3-сынып Дүниетану: Тәжірибе жасау және бақылау әдістері
Автомобильдің техникалық жай-күйін анықтау: үдеріс, әдістер және құралдар
Автомобильдің жарықтандыру мен дабылдау аспаптары: өндірістік оқыту сабағы (ВАЗ-2110, ГАЗ-3110, ВАЗ-21213/14)
Өндірістік оқыту сабағы: Автомобильдің пневматикалық және гидравликалық тежегіш жүйелері
Іс-тәжірибе: автомобильдердің жай-күйін анықтау және техникалық жағдайын басқару
Өндірістік оқыту сабағы: Автомобильдің жүріс бөлігі - аспа, амортизаторлар, дөңгелек пен шиналар
Іс-тәжірибелік сабақ: компрессометр арқылы қозғалтқыш қысымын өлшеу және ағып кетуді талдау
Іс-тәжірибе: Электр сыйымдылығы және конденсаторлардың теориясы мен есептері
Сабақ жоспары: Іс-тәжірибе - Электр тізбек түрлері мен вольт-амперлік сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz