Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бағдаршам сигналдары

Пәннің атауы Қозғалыстың арнайы шарттары (Факультатив)
Сабақтың тақырыбы: Жол қозғалысын реттеу. Бағдаршам сигналдары. Бақылау жұмысы.
Топтар
Аэл 9-201

Сабақ өтетін күн
29.09.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Апатты жағдайда, кедергімен соқтығысқан кезде жүргізуші денесінің қозғалысы
Жол апаты болған жағдайда автомобильден шығарып алу
Қарсы қозғалыс жолағына шығуда қауіпті жағдайлар
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Жол қозғалысын реттеу. Бағдаршам сигналдары. Бақылау жұмысы.
Жүріс қауіпсіздігіне ең үлкен қауіп-қатерді көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер ағымдарының қиылысуы төндіреді. Даулы жағдайларды жəне автомобильдер мен жаяу жүргіншілердің соқтығысуларын болдырмау үшін, жүрісті реттеудің техникалық құралдары - бағдаршамдарды пайдалану қажет.
Бағдаршамдар жүріс қатысушыларын көше-жол желісінің белгілі учаскесі арқылы кезекпен өткізу үшін арналған.
Бағдаршамдарды (1.24-суреті) функционалдық мақсаты (көлік немесе жаяу жүргінші), конструктивті орындалғаны (бір, екі, үш секциялы жəне қосымша секциялары бар үш секциялы) жəне олардың жүрісті басқару үдерісіндегі ролі (негізгі, дублерлер жəне қайталауыштар) бойынша ажыратады.
Барлық бағдаршамдар фазалық қағида бойынша жұмыс істейді, сигналдар бірінен соң бірі ретімен қосылады, олардың əрқайсысының жол жүрісінің кез келген қатысушылары үшін қатаң іс-қимыл тəртібін нұсқайтын дəл анықталған мағыналық маңызы бар.
Білім алушылардың материалды жақсы игерулері үшін алдымен ең қарапайым жағдайларды, яғни қиылыстағы əрбір бағытта бір-бір жолақтан болатынын қарастыру қажет (1.25-суреті).
Сонан соң көпжолақты жүріспен жəне көлік құралдарының біртекті құрамымен жол қиылыстарына ауысу қажет (1.26-суреті).
Қосымша секциясы бар бағдаршамның сигналдарын трамвай жолдарымен қиылыстар мысалында көрсеткен жөн (1.27-суреті).
Бағдаршам сигналдарының ауысуы кезінде туындайтын жағдайлардағы жүргізушілердің əрекеттеріне ерекше назар аудару қажет.
Реверсивті бағдаршам жүріс бағыты қарама-қарсы бағытқа ауысуы мүмкін, тек бір жолақтағы жүрісті реттеуге арналғанын атап өту қажет.

1.24 -суреті. Бағдаршамдардың негізгі түрлері: а -- көлік; б -- жаяу жүргіншілер; в -- велосипедшілерге арналған жарықдиодты; 1, 2 -- тиісінше сигналдарының тік жəне көлденең орналасуымен; 3 -- трамвайлар мен өздеріне бөлінген жолақпен жүретін басқа да маршруттық көлік құралдарының жүрісін реттеуге арналған; 4 -- қосымша секциясымен; 5 -- белгілі бағыттардағы жүрісті реттеуге арналған; 6 -- реверсивтік; 7 -- теміржол өтпелері арқылы жүрісті реттеуге арналған; 8 -- реттелмейтін жол қиылыстары мен жаяу жүргінші өткелдерін белгілеуге арналған сары <<жыпылдауық>>; 9 -- кəсіпорындар мен ұйымдар аумақтарында жолдың тарылған жерлеріндегі жүрісті реттеуге арналған

Реверсивтік бағдаршамдар үстінде өздері орналасқан жолақтағы жүріске тыйым салады немесе рұқсат етеді. Реверсивтік бағдаршамның негізгі сигналдары диагональ бойымен төмен оңға немесе солға еңкейтілген нұсқар түріндегі сары сигналмен толықтырылуы мүмкін, оның қосылуы негізгі сигналдың алдағы ауысуы жəне осы нұсқар нұсқап тұрған жолақпен жүруге ауысу қажеттілігі туралы ақпараттандырады (1.28-сурет).

1.25 -суреті. Бірқатарлы жүріспен жол қиылысындағы көлік құралдары жүрісінің мүмкін бағыттары

1.26 -суреті. Көпжолақты жүріспен жол қиылысындағы көлік құралдары жүрісінің мүмкін бағыттары

Әрі қарай бағдаршамның барлық сигналдарын қарастыру қажет, бұл ретте бағдаршамдардың маңызды реттеу құралы болып табылатынын, алайда жалғыз құрал еместігін көрсету қажет. Бағдаршамдармен қатар жүрісті реттеуді басымдық белгілері қамтамасыз етеді. Бұл белгілер екі жағдайда: бағдаршам өшіп тұрған кезде жəне бағдаршам жыпылықтайтын сары сигнал режимінде жұмыс істеген кезде бағдаршам орнатылған жол қиылыстарынан өту кезектілігін анықтайды.

Сур. 1.27. Жол көліктерінің трамвай жолдарымен қиылыстарда қозғалысы

Сур. 1.28. Реверсивтік бағдаршамдармен орнатылған жол көліктерінің қозғалыс тəртібі
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар

1. 1.23 жол таңбасы бар жолақпен жүріп келе жатқан көлік құралдарын реттеу үшін қандай бағдаршамдар қолданылады?
2. Көлік бағдаршамдарының түрлерін атап беріңіз.
3. Бағдаршамның сары жыпылықтаған сигналы кезінде жүргізушілердің қажетті əрекеттері қандай?
4. Қандай жағдайда жүргізуші жол қиылысындағы маневрді бағдаршамның қызыл сигналында аяқтай алады?
5. Жекелеген жолақтар бойынша жүрісті реттеу үшін қандай бағдаршамдар қолданылады?
6. Бағдаршамдар мақсаты бойынша қалай бөлінеді?
7. Қосымша секциясы бар үш секциялы бағдаршамдардың мақсаты қандай?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Мамандықты тап
Көпжолақты жүріспен жол қиылысындағы көлік құралдары жүрісінің мүмкін бағыттары
Барлығын анықтап тұрады жолыңда
Шаталов әдістемесінің және технологиясының мәні
Четверг жұма
Тістің құрылысы
Жолда жүру ережесін білеміз бе
«оқушылырдың сөз қорын дамытуда ойынның әсері»
Оттегінің табиғаттағы айналымы. оттегінің қолданылуы
Сабақтың мазмұнды кезеңдеріне сиптамма беріңіздер
Пәндер