Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Солға бұрылу

Пәннің атауы Қозғалыстың арнайы шарттары (Факультатив)
Сабақтың тақырыбы: Маневр жасау. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктеріне орналастыру.
Топтар
Аэл 9-201

Сабақ өтетін күн
29.09.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
Апатты жағдайда, кедергімен соқтығысқан кезде жүргізуші денесінің қозғалысы
Жол апаты болған жағдайда автомобильден шығарып алу
Қарсы қозғалыс жолағына шығуда қауіпті жағдайлар
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Маневр жасау. Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктеріне орналастыру.
Жүру бөлігінің оң жақ шетінен (оң жақ жолжаға) жүрісті бастар алдында бұрылыс сілтегішімен сол жақ сигналды қосу қажет. Егер жүргізуші жүрісті жолдың сол жақ шетінен бастаса (мысалы, аулаларда орынтұрақта тұрған жерінен, елді мекендерде əр бағыттағы жүріске арналған бір жолағы бар жолдармен, жол жолақтары арасында трамвай жолдары болмаған жағдайда, сондай- ақ елді мекендерде біржақты жүрісті жолмен), ол оң жақ бұрылыс сілтегішін қосуға міндетті (1.29-суреті). Сонымен бірге жүргізушінің іс-əрекеттері жүрістің басқа қатысушыларын жаңылыстырмауы қажет.

1.29 -суреті. Жүрісті бастау схемасы
Егер көлік құралындағы жарықтық сигнал беру бұзылған болса немесе тіпті болмаса, жол жүрісі қатысушыларына өз ниеттері туралы қолмен сигнал беру арқылы хабарлау қажет.
Қолмен берілетін сигналдар алдын ала беріліп, маневр жасау алдында тоқтатылады. Сигнал беру жүргізушіге жолда басымдық бермейді жəне оны сақтық шараларын қабылдаудан босатпайды.
Іргелес аумақтарға кіру жəне шығу тəртібін түсіндіре отырып,
<<іргелес аумақ>> терминін білім алушылардың есіне салып, олардың назарын жолға шығу немесе жолдан түсу кезінде, сіз жолын кесіп өтетін жол жүрісінің барлық қатысушыларын өткізіп жіберуіңіз қажет (1.30-суреті).
Білім алушылар көлік құралдарының жолақтан жолаққа ауысуы кезінде жүріс кезектілігін түсінуі үшін <<жол беру>> жəне <<артықшылық (басымдық)>> терминдерін еске түсірген жөн. Түсіндіру кезінде компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді, интерактивті тақтаны жəне магнитті тақтаны қолдана отырып, маневрлеу тəртібін экранда көрсету қажет.
Жолақтан жолаққа ауысу кезінде жүргізуші жүріс бағытын өзгертпей жүріп келе жатқан көлік құралдарына жол беруге міндетті (1.31-суреті).

1.30 -суреті. Жүргізушінің аулаға кіру кезіндегі іс-қимылының схемасы

1.31 -суреті. Жүргізушінің жолақтан жолаққа ауысу кезіндегі іс-əрекет схемасы
Бір мезгілде ауысу кезінде жүргізушілер оң жағындағы көлік құралдарына жол берулері қажет (1.32-суреті).
Ауысу кезінде тұтас сызықтарды кесіп өтуге жол бермеу қажет. Білім алушылардың назарын жол қиылысында бұрылысты шеткі сол жақ немесе оң жақ жолақтан ғана емес, 5.15.2 белгісі мен 1.18 жол таңбасы болған кезде, сондай-ақ шеңберлі жүріске шығу кезінде басқа да жолақтардан жасауға рұқсат етілетініне аудару қажет.
Жол қиылысында оңға бұрылуға егер бұрылыс алдында 3.18.1, 4.1.1, 4.1.3, 4.1.5, 5.7.2, 5.13.2 орнатылған жағдайда тыйым салынады.
Солға бұрылу 3.18.2, 4.1.1, 4.1.2, 4.1.4, 5.7.1, 5.13.1 белгілері болмаған жағдайда мүмкін болады.
Кері бұрылуды орындау қағидаларын мына тəртіпте түсіндіру ұсынылады. Қауіпсіздікке əсер ететін кері бұрылыстың спецификалық ерекшеліктерін (жүргізушінің шолу мүмкіндігінің нашарлауы), көрсету

1.32 -суреті. Бір мезгілде ауысу кезіндегі жүргізушінің іс-қимыл схемасы
Кері бұрылыс алдында ауысу тəртібін анықтап, басқа көлік құралдарын өткізіп жіберуге арналған мүмкін аялдау орындарын көрсету.
Кері бұрылысқа тыйым салынған жол учаскелерін көрсету жəне мұндай тыйым салулардың қажеттілігін негіздеу.
Артқа жүруге, мұндай маневр қауіпсіз болған жəне жол жүрісінің басқа қатысушыларына кедергі келтірмейтін жағдайда рұқсат етіледі. Мұндай маневрді орындау кезінде шолу мүмкіндігінің нашарлауы жүргізушінің ерекше назары мен басқа адамдардың көмегін талап етеді.
Жолдың қандай учаскелерінде артқа жүру тыйым салынғанын жəне неліктен екенін түсіндіру
IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Бұрылысты ескертетін жарық сигналы мен бұрылыстың қолмен берілетін сигналы қандай жағдайларда жəне қалай беріледі?
2. Қандай жерлерде кері бұрылысқа тыйым салынған?
3. Қиылыстан тыс жерде кері бұрылуды қалай орындау қажет?
4. Жүргізушінің жүрісті бастау алдындағы іс-қимылының тəртібі қандай?
5. Жол қиылысында бұрылу мен кері бұрылуды қалай орындау қажет?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Акробатикалық жаттығулар. 8 сынып
Жалпы дене жаттығулары
Баскетбол. допты қағып алу және беру. 8- сынып
Саптық алаң
Гимнастикалық бөренеде орындалатын жаттығулар
Жеңіл атлетика. Бір орынан екі аяқпен 90,180,360 гр. бұрылу, секіру
Орнында тұрғандағы бұрылыстар. Саптық және жорықтық адыммен қозғалыс. Қозғалыстағы бұрылыстар
Бөрене үстіне қойылған кедергілерден аттап жүру
Жаттығуларды дұрыс орындау
150 гр допты қашықтыққа лақтыру
Пәндер