Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктеріне орналастыру

Пәннің атауы Қозғалыстың арнайы шарттары (Факультатив)
Сабақтың тақырыбы: Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктеріне орналастыру. Жүріс жылдамдығы мен арақашықтықты шектеу.
Топтар
Аэл 9-201

Сабақ өтетін күн
29.09.2020

САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру бөлімі:
А) <<Топтық>> ашылған чатқа кіру;
Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;
В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;
Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;
Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау
В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;
1. Бұрылысты ескертетін жарық сигналы мен бұрылыстың қолмен берілетін сигналы қандай жағдайларда жəне қалай беріледі?
2. Қандай жерлерде кері бұрылысқа тыйым салынған?
3. Қиылыстан тыс жерде кері бұрылуды қалай орындау қажет?
Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)
Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктеріне орналастыру. Жүріс жылдамдығы мен арақашықтықты шектеу.
Төрт немесе одан көп жолағы бар екіжақты жүру жолдарында қарсы жүруге арналған жолақтарға шығуға тыйым салынады. Мұндай жолдарда жол таңбасы болмаған жағдайда, жүргізуші жүру бөлігінің ені мен көлік құралдарының жалпақтығына қарай бір бағытта жүруге арналған жолақтар санын өз бетімен анықтауға міндетті (1.33-суреті).

1.33 -суреті. Таңба болмаған жағдайда жолақтар санын анықтау схемасы
Үш жолағы бар екіжақты жүру жолдарын қарастыру кезінде, ортаңғы жолақты қарсы бағыттағы жүргізушілер пайдалана алатынын атап өту керек. Алайда ол жолаққа тек басып озу, айналып өту, сол жаққа бұрылу немесе кейін бұрылу үшін ғана шығуға болады (1.34-суреті).

1.34 -суреті. Жүру үшін ортаңғы жолақты пайдалану

Басқа жағдайларда ортаңғы жолақпен жүру - ауыр жəне қауіпті бұзушылық.
Сол жақтан айналып өтуді ескере отырып, айналып өтуді жүзеге асырып жатқан жəне шекті жылдамдықпен жүріп келе жатқан көлік құралын айналып өту үшін сол жақтағы жолақтан орын алуға рұқсат етілмейді. Нақты жағдайларды талдау, көлік құралдарының 5.1 немесе 5.3 белгісімен белгіленген, елді мекендерден тыс орналасқан жолдардың жүру бөлігінің оң жақ шетіне қарай барынша жақын жүру қажеттілігін түсінуге көмектеседі (ЖЖҚ талабы).
Оң жақтағы жолақтар бос болған кезде басқа жолақтардан орын алуға тыйым салынады.
Қағида рұқсат етілген максималды салмағы 2,5 т-дан асатын көлік құралдарына елсіз мекендерде екінші жолақтан ары қарай жүруге тыйым салады, ал сол жақтағы шеткі жолаққа оларға тек солға бұрылу немесе кері бұрылу кезінде ғана шығуға рұқсат етіледі (1.35-суреті).

1.35 -суреті. Елсіз мекендердегі жолдарда толық салмағы 2,5 т-дан асатын жүк автомобильдерінің жүру схемасы
Елді мекендерде көлік құралдарының жүргізушілері өздеріне барынша қолайлы жүру жолағын пайдалана алады. Алайда, бір бағытта жүруге арналған үш немесе одан көп жолағы бар жолдарда сол жақ шеткі жолақтан орын алуға тек басып озу, бұрылу, кері бұрылу үшін, қарқынды жүріс кезінде, яғни басқа барлық жолақтар бос болмаған кезде, ал рұқсат етілген максималды салмағы 2,5 т-дан асатын жүк автомобильдеріне - тек бұрылу немесе кері бұрылу үшін ғана рұқсат етіледі.
Қарқынды жүріс кезінде қатарлар арасында қисынсыз орын ауыстыру даулы жағдайлар мен ЖКО туындауына əкеледі. Білім алушыларға тиісті бейнематериалдарды көрсеткен жөн.
Максималды жылдамдығы 40 км/сағ аспайтын ақырын жүрісті көлік құралдары жол кептелістерін болдырмау үшін, ЖЖҚ 9.5 тармағымен көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда тек оң жақ шеткі жолақпен жүруге тиіс.
Білім алушылардың назарын əсіресе көлік құралдарының тротуарлар мен жаяу жүргінші жолдарымен жүруіне жол берілмейтіндігіне (ЖЖҚ-ның 9.9, 12.1, 24.2 тармақтарында ескертілген жағдайларды қоспағанда) аудару қажет.

IV. Бағалау
А) Студенттерге жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою;
Б) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;
Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Көлік құралдары реверсивті жүру жолымен қалай жүруі жəне оған қалай шығуы қажет?
2. ЖЖҚ-мен қандай көлік құралдарына оң жақ шеткі қатарда жүру белгіленеді?
3. Жүру жолағы деп нені атаймыз?
4. Жүргізуші бір бағыттағы жолақтар санын анықтау кезінде нені басшылыққа алуы қажет?
5. Жүру бөлігін оңтайлы пайдалану автомобиль көлігі жүрісін ұйымдастыруда қандай маңызға ие?
6. Автомобильдер арасындағы қашықтықты қалай дұрыс таңдау қажет?

В) Студенттердің тапсырма жауаптары бойынша баға қою.
V. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы
Жаңа сабақты оқып, пысықтау.
Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша және электронды түрде жауап беру.

Ұқсас жұмыстар
Солға бұрылу
Көлік құралдарының қозғалысы
Жаяу жүргіншілер міндеттері
Көлік құралдарының тоқтау жолы
Тыйым салынатын белгілер
Бағдаршам аты
Бағдаршам құрастыру
Жолдың қарсы бетінде рұқсат етілген тоқтап тұру
Автомобиль жолдарының санаттары
Жол белгілері
Пәндер