Аялдама мен тоқтап тұру: қауіпсіздік талаптары және жол қиылыстарынан өту тәртібі

Пәннің атауы: Көліктердің қозға лыс қауіпсіздігі және басқару техникасы

Сабақтың тақырыбы: Аялдама мен тоқтап тұру. Жол қиылыстарынан жүріп өту.

Топтар
Аэл 9-201
Топтар: Сабақ өтетін күн
Аэл 9-201: 29. 09. 2020
:
:
:
:
:

САБАҚ БАРЫСЫ

І Ұйымдастыру бөлімі:

А) «Топтық» ашылған чатқа кіру;

Б) Чатқа оқытушы өзінің пәнін кесте бойынша жариялау;

В) Оқушылардың чатқа қосылғанын тексеру, қадағалау;

Г) Өтетін сабақтың тақырыбын чатқа жазу;

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

А) Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын сұрау;

Б) Орындалған үй тапсырмаларын чат арқылы электронды қабылдау

В) Студенттерге үй тапсырмасынан сұрақтар қою;

1. Басып озу дегеніміз не?

2. Басып озып келе жатқан жүргізушіге қандай талаптар қойылады?

3. Қандай жерлерде басып озуды жүзеге асыруға болады?

4. Қандай жағдайларда оң жағынан басып озуға рұқсат етіледі?

Г) Студенттерден ауызша түрде қабылдау;

ІІІ Жаңа оқу материалын баяндау (Электронды түрде: мәтін, сурет, видео)

Аялдама мен тоқтап тұру. Жол қиылыстарынан жүріп өту.

Қазіргі қарқынды жүріс пен жоғары жылдамдық жағдайларында автомобильді аялдату өте жауапты іс болып табылады.

Аялдау кезінде қауіпсіз жерді мұқият таңдап алып жəне көлік құралының жол үстінде аялдауы қауіпсіздік шарттарын бұзатынын: жүру бөлігінің бос енін азайтатынын, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің шолу мүмкіндігін шектейтінін, бірқатар жағдайларда жол белгілерін, бағдаршам мен басқа реттеу құралдарының таңба сызықтарын уақытылы көру мен қабылдауды қиындататынын есте сақтау қажет.

1. 39 -суреті. Аялдауға арналған жердің көрінісі

Білім алушылардың назарын ЖЖҚ-ның аялдауға жəне жүргізушінің көлік құралын қалдыруына қойылатын талаптарға аудару қажет: жүргізуші жүру бөлігінің шетіне тротуардан 30 см- ден аспайтын қашықтықта тоқтауға (қала сыртында шетжағаға шығуға), тоқтау тежегішін іске қосуға, бірінші немесе артқы берілісті қосуға, қажет болған жағдайда доңғалақтардың астына тіреуіш қоюға, оталдыруды сөндіруге, шыныларын көтеріп, кабина есіктерін жабуға міндетті. Жүргізуші көлік құралынан кетіп қалмаған, тек жұмыс орнын қысқа уақытқа қалдырған жағдайда да бұл сақтық шаралары қабылдануы тиіс.

Жүргізуші көлік құралын тоқтатпақшы болған кезде бұрылу сілтегішімен немесе қолымен тиісті сигнал беруі қажет екенін еске салған жөн. Егер бұл жол жүрісінің басқа қатысушыларына кедергілер тудырса, есіктерді ашуға тыйым салынады. Ұзақ уақыт демалу немесе түнеу мақсатымен тоқтап тұруға тек бұған арналған алаңдар мен жол шегінен тыс жерлерде рұқсат етіледі (1. 39-суреті) . Автомобиль жүрісін жолдың сол жағында əдейі аялдатуды қарастыру кезінде, мұндай аялдамаға оларды белгілі бір мезгілде сақтағанда рұқсат етілетін төрт шартты көрсету қажет (1. 40-суреті) :

1. 40 -суреті. Жолдың қарсы бетінде рұқсат етілген тоқтап тұру

■ жол елді мекен аумағымен өтеді жəне онымен жүру тəртібі 5. 23. 1,

5. 23. 2 белгілерімен белгіленген;

■ жолдың бар-жоғы екі жолағы бар (əр бағытқа бір-бірден) жəне оның кесіп өтуге тыйым салынған таңбасы жоқ немесе бұл біржақты жүріс ұйымдастырылған жол;

■ жолда трамвай жолдары жоқ;

■ жолдың сол жағында белгілер: аялдау мен тоқтап тұруға тыйым салатын белгілер мен жол таңбасы жоқ.

Алайда рұқсат етілген максималды салмағы 3, 5 т-дан асатын жүк автомобильдеріне жолдың сол жағында аялдауға тек тиеу- түсіру мақсатында ғана рұқсат етілген.

Білім алушыларға аялдау жəне тоқтап тұру үшін автомобильді орынтұраққа қою ережелерін түсіндіру кезінде мынадай маңызды үш жағдайды бөліп көрсету қажет:

■ жүру бөлігіне қатысты көлік құралын, жол белгілерімен, таңбасымен немесе жол конфигурациясымен (былайша айтқанда, жол қалталары) анықталған жерлерде ғана қоюға рұқсат етіледі

■ аялдау жəне тоқтап тұру үшін тротуарды пайдалануға тек жеңіл автомобильдерге, мотоциклдерге, мопедтер мен велосипедтерге жəне тоқтап тұру орны мұндай орынтұраққа рұқсат беретін тиісті белгілермен белгіленген жағдайда ғана рұқсат етіледі;

■ жүк автомобильдеріне олардың салмағына қарамастан, сондай- ақ автобустарға тротуарға шығуға тыйым салынған.

Аялдау мен тоқтап тұруға тыйым салуларды егжей-тегжейлі негіздеу қажет, яғни барлық қарастырылып жатқан жағдайларда көлік құралдарының аялдауы мен тоқтап тұруы жүру қауіпсіздігі жағдайларын оқысынан нашарлатуы мүмкін екенін түсіндіру қажет. Мысалы, автомобильдің жаяу жүргіншілер өткелінің алдында аялдауы,

1. 41 -суреті. Жаяу жүргіншілер өткелі аймағында тыйым салынған тоқтап тұру иллюстрациясы


Ұқсас жұмыстар
Информатика пәні мен оның міндеттері: ақпараттың анықтамасы, қасиеттері және қауіпсіздік талаптары
Оқушыларға арналған жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік негіздері
Информатика: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік, алғашқы медициналық көмек және ақпараттың түрлері мен кодталуы
5-сынып информатикасы: Есептеу техникасы кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік техникасының ережелері
8-сынып информатикасы: ЕТ кабинетіндегі жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік, алғашқы медициналық көмек және санау жүйелері
Оқушыларға арналған жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік шаралары
Оқушыларға арналған жол тәртібі және жол белгілері бойынша тәрбие сағаты
Тұрғын аймақтар мен ауыл жолдарындағы жол жүрісі және қауіпсіздік
2-сыныптар арасындағы Жол және біз сайысы: жол қауіпсіздігі мен жол белгілерін тану
8-сынып информатикасы: компьютерлік сыныптағы жұмыс тәртібі мен қауіпсіздік және алғашқы көмек; информатиканың негіздері, санау жүйелері мен арифметикалық амалдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz