Қазақстан 2050 стратегиясы және жастардың білім мен тәрбие арқылы ұлттық дамуға қосқан үлесі

Солтүстік Қазақстан облысы,

Ақжар ауданы,

Бестерек орта мектебінің

физика пәнінің мұғалімі

Оспанов Ақылбек Ануарбекұлы

Құрметті замандастар!!! Біз кеше ғана барша халық болып, елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған « Қазақстан - 2050 стратегиясы : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыт-бағдары» деген тақырыпта дәстүрлі халыққа жолдауын тындадық.

Біз бақытты ұрпақпыз, бейбіт өмір кешіп жатырмыз, бұл әрине елбасымыздың сарабдау саясатымен көрегендігінің арқасы. Елбасы өз жолдауында өз алдына және халық алдына дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатын қойды. Әрине бұл мақсаттқа жету үшін әр-бір азамат өз үлесін қосу керек. Менің ойымша ол біріншіден жалынды жастардың қолында, сондықтан осы орайда елбасымыз «жастар ісіне, жастар саясатына баса назар аудара отырып, жастардың лайықты еңбек етуі еліміздің кемел келешегі» - деп атап өтті.

Қазақстан - 2050 стратегияның бағыттары - мәңгілік жолындағы ұрпақ бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Тәуелсіз елді өз қолымен құрған ұрпақпен әрі қарай дамытқан ұрпақ сабақтастығының көрінісі болғанда ғана біз үлкен ел боламыз . Бұның бәрі жастардың қолында.

Елбасы өз жолдауында жастарға: сендер болшаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіндер. Біздің бүгінгі атқарылып жатқан шаруамыз сіздер үшін жасалды.

«Сендер Тәуелсіз Қазақстан еліміздің перзентісіндер, тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдындар. Сендердің азат ойларымен кемел білімдерін біздің қол жетпес мақсаттарымызға апаратын құдіретті күш », - деді. Әрине жарқын болашақ білімді жастардың қолында деп санаймын. Елбасымыз жастар ұрпақтың сапалы біліммен саналы тәрбие алуына баса мән беруде. Жастардың заман талабына сай білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер жасауда.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен республика көлемінде « Дипломмен ауылға » бағдарламасы жүзеге асырылып жатқаны біздерге бәрімізге белгілі.

Менің алға қойған мақсатым келер ұрпаққа сапалы біліммен саналы тәрбие беру. Осы орайда еңбегімді еш аямаймын, елбасымыздың үмітін ақтаймын және де барлық жалынды жастарды дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін өз үлесін қосуға шақырамын.

Ендігі тілегім « Еліміздің мәңгі жасай берсін, Президентіміз жасасын !!!». « Халқымның тәуелсіздік таңы атқанда, Көрінді көш алдында дара тұлғаң », - деп ақын айтқандай Қазақстанда алып кеме, сол кеменің басшысы Президентіміз Н. Ә. Назарбаевты мақтан етіп, үлгі тұтамын.


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан-2050 стратегиясы мен Президент Жолдауы: жастардың білім және ғылым саласындағы басымдықтары
Қазақстан-2050 стратегиясы: Елбасының Жолдауы және білім, отбасы мен ұлттық даму
Қазақстан 2050 стратегиясы: ұлттық бірлік, экономикалық өсу және әлеуметтік кепілдіктер
Қазақстан-2050 стратегиясы және азаматтық-патриоттық тәрбие бойынша сабақ жоспары
Бір ел - бір халық - бір тағдыр: Қазақстан-2050 стратегиясы және патриоттық тәрбие сағаты
Қазақстан - 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Қазақстан 2050 стратегиясы: бір халық, бір ел, бір тағдыр тақырыбындағы тәрбие сағаты
Мектеп оқушыларына арналған патриоттық тәрбие сағаты: Қазақстан менің жүрегімде және Қазақстан-2050 стратегиясы
Қазақстан-2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
Тәрбие сағаты: Қазақстан 2050 және Мәңгілік Ел идеясы арқылы патриоттық тәрбие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz